Соңғы жүзжылдықтағы жағаұстатарлық ғылыми ашылу
ФБ-да жаға ұстап, klout-та рейтинг қарап шулап жатқанда көпшіліктің назарынан бір ұлы жаңалық шетте қалған сияқты. Гравитациялық толқындардың бар болуының дәлелденуі. 100 жыл алдын Энштейн жорамалдап кеткен бұл құбылыстың қазіргі кезде дәлел табуы ғылымдағы үлкен жетістік. LIGO детекторлары арқылы жаңалықты ашқан ғалымдарға Нобел силығының берілетіні сөзсіз түсінікті.
Сонымен, 2016 жылдың 11 ақпанында LIGO ғылыми коллаборациясында гравитациялық толқындардың бар екені дәлелденді. Осы сөйлемді әлі жүздеген жылдар бойы ұрпақтарымыз оқитын болады. Бірақ бұл ашылу несімен маңызды?
Гравитациялық толқынның бар болуының дәлелденуі, оның кейінгі кезде толығымен зерттелеуінің бастамасы. Алдында тек теория жүзінде жүрген (әрине, бұл теорияны жоққа шығарушылар да аз болған жоқ) құбылысты дәлелдеу енді зерттеулерге жаңа үрдіс беретіні сөзсіз. Ал ол гравитацияны толығырақ зерттеуге алып келеді. Ғаламды толығырақ танып білуге, оның құпияларын ашуға көмектеседі. Қара тесіктер, кеңістік және уақыт туралы ғылыми ашылулардың бастамасы осы ашылу.
Енді фантазияны іске қосамыз)
Елестетіп көріңіз, адамдар гравитацияны басқара алады. Нақтырақ айтқанда, оны қалай пайдалануды біледі. Электр тогын пайдаланған сияқты. Онда тек фантастика кинолардан көретін ұшатын машиналар, жерге тимей жүретін құрылғылар оның барлығы фантазия емес, шындыққа айналады. Орбитаға қиындықсыз жүк алып шығуды айтатын болсақ. Космоста тұрған флоттар мен қалашықтарды елестетуге де болады. Гравитациялық толқындардың екі қара тесік (черная дыра) соқтығысқанда шығатынын ескерсек уақыт машинасы да шығып қалар ).
Тым асқан фантазия ма? Онда өткен ғасырда ашылған электромагниттік толқындарды еске алып көріңіз. Қазір ол барлық жерде қолданылады. Заманауи өмірді онсыз елестету мүмкін емес. Ұялы байланыс, интернет, радио, телевидение, радарлар және т.б. бұл тізімді тоқтаусыз жалғастыруға болады. Бір ғасырдың ішінде адамзаттың өмірі ғылыми ашылу арқылы қаншалық өзгеріп кетті. Мария Кюри радиоактивтілікті ашқан кезде де, атом бомбасын елестете алған адамдар да көп болмаған шығар. Бірақ ол тарих, кезінде мүмкін байқаусыз болған ашылулар болашаққа қандай әсерін тигізді.
Біз қазір сондай өзгерістің басында тұрмыз деп үміттенемін. Ғалымдар гравитациялық толқындарды толық зерттеп оны қолдана алатындай күйге жеткенше жүздеген жылдар өтуі мүмкін. Бірақ сол үрдістің бастауы осы бүгінгі күн.
Егер ғылыми мәліметтер қызықтыратын болса мына сілтемелерді қарап көріңіз.
http://postnauka.ru/faq/59492
https://youtu.be/YHpN9jgHpLk

Пікір жоқ әзірше