Klout ұпайы маңызды ма?!

Klout әлеуметтік желілердегі бір адам, мекеме немесе брендтің қаншалықты танымал, кімдерге қандай сөздермен ықпал ете алатынын анықтайтын бір сайт. Klout алғашқыда twitter-дің қосымшасы болып шықты. Твиттердегі оқырман саны, оқырмандардың сіздің жазғандарыңызды бөлісуі және сізбен пікір таластыруына байланысты әрбір қолданушыға «klout ұпайы» беріледі.

Klout-тың аты шыға бастаған сайын ұпай есептеуде пайдаланылатын әлеуметтік желілердің де саны артты. Facebook, Youtube, Tumblr, Blogger, Linkedin, Foursquare секілді әлеуметтік желілердегі танымалдығыңыз да клоут ұпайыңызға әсер етеді.

«Klout» ұпайы деген не?

«Klout ұпайы» есептегенде 1 ең нашар, 100 ең жақсы ұпай. Klout негізі тек қана ұпайдан тұрмайды, кімдерге қандай сөздермен әсер ететініңіз, кімдерден әсер алғаныңыз, қандай сөздермен қай тақырыптарда ықпалды екеніңізді анықтайды.

«Klout» не іске жарайды?

Клоутта тек қана ұпайыңызды қарап шықсаңыз ештемеге де жарамайды. Сізбен әлеуметтік желілерде байланыста көбірек болған адамдарды және аккаунттарды анықтап, олармен байланыс құру үшін сізге бағыт-бағдар беретін сайт ретінде де қарасаңыз болады.

Бұдан бөлек бәсекелес адам немесе фирмалардың клоут ұпайларына қарап әлеуметтік желілердегі өзіңіздің табысыңызды олармен салыстыруға арналған пайдалы қызмет. Былайша айтқанда клоут келді де бәрін орнына қойып тастады.

Яғни SMM-шілердің жұмысын, бәсекелеспен салыстыру үшін жақсы сайт. Жарнама берушілер де әлеуметтік желілерде өте ықпалды адамдарға жарнама берсе болады. Яғни сіз ол кісіге жарнама берсеңіз оның ықпалдылығын пайдаланып 10 мыңдаған немесе одан да көп кісілік аудиторияға өз өніміңізді жарнамалай аласыз!

«Klout» қалай пайдаланылады?

Klout сайтына қалай тіркеледі? Ол туралы алдында пост жазғанмын. Соны қарап шықсаңыз болады. Клоут туралы 10 сұрақ постын қарап шықсаңыз да болады.

«Klout» ұпайын арттыру үшін не істеуге болады?

Клоут «twitter» үшін жасалған қосымша болғандықтан алдымен осы әлеуметтік желі үшін айтайық. Қазақстанда твиттер көп қолданылмағаны үшін бұл бөлімге онша көп тоқтамаймыз. Твиттерде ұпайыңызды арттыратын нәрсе — сізді белгілеу яғни mention. Клоут ұпайы жоғары адамдар твит жазғанда сізді белгілесе ұпайыңыз арта түседі. Яғни твиттерде адамдардың сізді белгілегеніне қарайды.

Ал фейсбукқа келетін болсақ достар саны, посттарыңызға жазылған пікірлер және лайктар клоут ұпайыңызды арттыруға көмектеседі. Өзімнен бір мысал келтіретін болсақ өткенде фейсбукқа «Сәттілік тілеңдер, ағайын» деп сурет салдым. Сол кезде 240-қа жуық лайк, 50-ге жуық адам пікір жазды. Сол кезде клоуттың Қазақстандағы тізімінде 24-інші орыннан 15-інші орынға бір-ақ секірдім. Яғни клоут ұпайын көтеру үшін фейсбукта лайк пен пікір жинайтын пост жазу керек! Бұл жақсы мысал болмады айтқым келгені фейсбукта қоғамдық пікір туғыза алатын адамдардың клоут ұпайы жоғары болады, яғни жазғандарыңызды жұрттар қызу талқылайтын болғаны жақсы!

Блог - shota2030: Klout ұпайы маңызды ма?!

Ал инстаграмда бөліскен суреттеріңіз, суретке жазылған пікірлер мен лайктар ұпайыңызға әсер етеді. Бұл жерде ең маңыздысы суретке жазылған пікірлер. Өздеріңізде білетіндей инстаграмда суретке лайк басып өтіп кету оңай, ал пікір жазуға тұратын сурет салу ол біраз қабілет қажет етеді.

Youtube үшін тоқталсақ сіздің каналдағы оқырман саны мен айлық көрсетілім санына қарайды.

Google+ үшін айтатын болсақ жазбаларыңызға жазылған пікірлер, бұл жазбаларды бөлісуші саны және алған +1-леріңіз сіздің клоут ұпайыңызды көбейтеді.

LinkedIn желісінде сізге жазылған ұсыныс хаттарының саны және ұзындығы.

Foursquare болса мекен туралы жазған пікіріңіз, ұсынысыңыз клоут ұпайына қатты әсер етеді. Достар саныңыз және check-in клоут ұпайыңызға әсер етсе де алғашқы екеуі секілді қатты әсер етпейді.

Клоут туралы әлі де жазамын! Клоутты күндерде жолыққанша!
Бөлісу:

9 пікір

aza
Инстаграм қайда? Жалпы, постты өте қарабайыр, жұтаң жазбалардың бірі деп бағаладым…
shota2030
Инстаграм суреттің астында тұр. Ия, асығыс жазылған пост. Клоуттағы ұпайлар маңызды!
shota2030
Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желі фыбы мен инстаға ғана тоқтадым. Қалғандары онша пайдаланылмайды
kozildirik
Құсық деп танылып, Гуантанамо зынданына жіберлісін!
shota2030
Клоут тіксін сені *lol*
kozildirik
Қарғама на, сынды дұрыс қабылдасаңч)))
ErbolAliaskaruly
Youtube үшін тоқталсақ сіздің каналдағы оқырман саны мен айлық көрсетілім санына қарайды.

Мынаған келісе алмаймын. Эксперимент жасап 2 каналды тексеріп көрдім. №1 канал 600 оқырман, айлық көрілім саны 50мың, Клоутка тіркеп 72 сағат ішінде жаңаруын күттім, 33 болып тұрған балл 53ке көтерілді. Клоуттың ішінен ютуб каналды алып тастап 2 тәуліктен кейін карасам қайтадан 33ке түскенін байқадым, артынша №2ші каналды (250оқырман, апталық көрілім саны 300мың) қосып едім тағы да 53баллға кеп тоқтады.

Клоутқа ютубтың кез келген каналының қосылғаны ғана балл береді немесе ондағы көрілім немесе оқырман санының маңызды рөл ойнамайды деп ойлаймын