Өмірге құштар жандардың мақсаты айқын
Өркениетті мемлекеттер мүмкіндігі шектеулі жандарды кеудесінен итермейді.Қайта оларға алабөтен құштарлықтың иесі деп, бір қабілеті болмаса, екіншісіне қарап, шарболаттай шыңдалуына,қиыннан қисын тауып,өмірдің қалтарысы мен бұлтарысында, шырғалаң жолында адаспауына ат салысады.
Қазақстан да сондай дәрежеге жетті.Сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу болып отыр.Масылдықтан мемлекеттің ұтылатынын, мүмкіндігі шектеулілердің өзі тырмысып-тыраштанса,қазақстандық қоғам жұмыссыздық дегеннен құтылатынын түсіндік.
Қазақстан–Мәңгілік мекенім ғана емес,Қазақстан кедергісіз аймақ.Бизнес биігін бағындырғанға,өнер өрісін танығанға, еңбектің наны тәтті екенін ұғынғанға құтты қоныс.
Қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Сайрам көмекші-мектеп интернаты–бүгінде іскерлер мекені.40 жылға жуық тарихы бар мекеме әр буынды тәрбиелеп,қай толқын неге бейім? Соны аңғарып, соны тұжырымдап үлгерген.Туабітті кемістігі бар балаларды өнерге баулып,қоғамға бейімдейді.Қазір мұнда 180 оқушы тәрбиеленіп жатыр.Көбісі ауыр дертке шалдыққан.Соған қарамастан, педагогикалық ұжымның жетістігі жоғары.Елбасы саясатын берік ұстанып, балаларды сауықтыруға,қоғамның белсенді мүшесі етіп,қатарға қосуға пейілді.
Біз бірінші кезекте техника қауіпсідік ережелерін сақтай отырып жұмыс атқарамыз.Мұғалімдер бізге киіз аяқ киімдерінің сызбасын сызып береді.Біз оларды қайшымен қиып шығамыз.Бөлме аяқ-киімінің ішкі жағын қыздар безендіріп береді.Дайын болған өнім жатақханаларда, ойынханаларда қолданылады.
Табиғи өнім-таза киізден жасалған.Ұлттық нақыштағы бөлмеаралық аяқ киімдердің бір ерекшелігі өте ыңғайлы.Жеңіл әрі жылы.
Мұндағы әрбір бала бақытқа жеткізер-еңбек екенін жақсы біледі.“Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол” дегенді ұстанады.Тек, ептілікті сүйер еңбек арқылы ғана,қоғамға және өзіне пайда әкелерін түсінеді.
Бұл әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бөлмесі.Мұнда интернат шәкірттері тамақтану мәдениеті мен тамақ әзірлеу технологиясын үйренеді.Қазір балалар ұстаздарымен бірлесіп,қатпарлы самса дайындауға кірісіп кетті.Олар әр тағамды осылайша, көтеріңкі көңіл-күймен,ән айтып жүріп әзірлейді.Өйткені, ыстық ықыласпен пісірілген тамақ–сіңімді және жұғымды.
Тіл білу–қай мемлекетте болмасын, маңызды.Ол қарым-қатынас тетігі.Сондықтан мұнда бала тілінің дұрыс шығып,қоғамның ажырамас бір бөлігі етіп тәрбиелеуге баса назар аударылған.Ұстаздар сөйлеу қабілеті бұзылған, ақыл-есі кем балалармен жұмыс істеуде арнайы тәжірибеге жүгінеді.Аз уақыт ішінде баланың тіл мүкістігінен арылуына көмектеседі.
Интернат бүгінгі таңда ұсақ қол моторикасын дамыту әдісін қолданып келеді.Өйткені, осы тәсілмен мидың орталық жүйесі қызметін жетілдіруге болады.Ойын байланысты бекиді.Қоғамға деген көзқарасты өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтаны арттырады.
Еңбек… Еңбек бәрін жеңбек.Ұлағатты ұстаздар пайымына осы пікір ұя салған.Мектеп ұжымы балалардың ауыр да қатал тағдыры алдындағы қиындықтарды жеңу үшін әр түрлі көрмелер ұйымдастырып тұрады.Ондағы мақсат–осындай балаларды сұрап, тілеп,қалап алмастан, дүниеге келтірген ата-ана көңіліндегі тоң жібісінші,-дейді.Келген қонақтар он екі мүшесі сау баланың өзі мұндай іске кейде бейімсіз,-деп таң қалып кетеді.Меймандар бал татыған тағамдардан ауыз тиіп, осылайша балалардың қолынан шыққан түрлі бұйымдарды тамашалайды.
Білім ордасының бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері көп.Мұндағы оқушылар еліміздің әр аймағында өтетін, түрлі байқауларға тұрақты түрде қатысып тұрады.Мерекелік іс-шараларда өз өнерлерін ортаға салады.Көптің көзіне түскен талантты балалар-интернаттың мақтаныштары.
Нұржан ЖАҚСЫЛЫҚ

НҰРИЛА АСАНХОДЖАЕВ–САЙРАМ КӨМЕКШІ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ

1 пікір