Бізден ерекшелеу...

Блог - DinaAbdigalieva: Бізден ерекшелеу...
Кеш жарық! Жаңа жылды тойлап болған шығарсыздар? Соған қарамастан сіздерді шын жүректен жаңа жылмен құттықтаймын! Қазір ауылда жүрмін. Сағыныштан екі бөлікке бөлінген жүрек орнына түсті. Соған қарамастан жұмысқа шығып кеттім. Жазда «официантка» болып әжептауір табыс тапқанмын. Енді қысқы демалысым біткенше, қайтадан сол жерге шақырып алды.
Бұл оқиғаның бастауы еді… Өйткені, бұрынғы танитын балалардың көбісі ауысып кетіпті. Олардың орнына қамқоршысы жоқ (жетімдер үйінен) 2 ер баланы алыпты. Біз сияқты өте қарапайым жандар. Жақын танысып, бір-бірімізге ашыла бастадық. Негізі, бірге жұмыс істейтін коллегалармен әрқашан дос болу керек. Бұл болашақта үлкен рөл ойнайды. Басында олардың қайдан шыққаның білмедім. Маған бірі Америка мен Украинаға барғаның айтты. Ата-анасымен бақытты екенін жасырмады. Сондағысы… бұл қоғамнан бөлінбеудің амалы екен. Олар әрқашан жылы ошақты армандайды. Бірақ ешқашан беттеріне аяушылық дегенді көрсетпеуге тиіспіз. Себебі, ұнатпайды.
Блог - DinaAbdigalieva: Бізден ерекшелеу...
Ал, екіншісінің психологиясы аздап қиындау. Қиын дегенде оны әзер түсінемін. Қалжыңдары да бір түрлі, ерсі. Бірақ ол өте сезімтал. Менің ренжіп қалғанымды немесе өтірік ашуланғанымды тез біліп қояды. :) Соған қарамастан кеш бойы олардың қастарынан шықпай, әр қимылдарына зер салып жүрдім.
Сөйтіп, мен нені ұқтым. Олар бізден ерекшелеу… Көзқарастары, ойлаулары, ересекке тән қылықтары бар. Қорғаныштан жасалған қамалда өмір сүреді. Оны бұзған кезде ғана өздеріне жақын тартады. Достық, махаббат, қол ұшын беру, қалжыңдасу барлығын кейбір адамдар ойыншық ретінде немесе қалыпты жағдай ретінде түсінеді. Ал, оларға бұл үлкен сыйлықпен пара-пар. Қайтағы сыйлық, құрмет дегенім дұрыс-ақ! Біз сияқты келесі күні ұмытып кетпейді. Бауырмал, тек түсіне, түсіндіре білу керек.
Бөлісу:

2 пікір

bake
Жетім өскендердіңде тағдыры әр түрлі, бірақ, көбінде олар өмірден бірден орнын таппай қиын жағдайға түседі. Көршіміз толық емес семья: жас ана, екі бала. Оларға үкімет қамқорлық көрсетіп пәтер берді. Бірақ пәтерге қол жеткізіп оны ұстау… Жолдастарыда өзі секілді жетімдер үйінен шыққан. Ел қатарлы болғанға тырысып бағады. Басында бастары қосылып жетім үйдегідей тәртіп орнатпақшы болды. Кезекшілерін сайлап, бір-бірін тоқтатып жүрді. Қазір, күнделікті сырттарынан бақылап жүріп «балалары жетім үйінен бірақ шықпасын» деп ойлап қаламын.
DinaAbdigalieva
иә, тағдырлары әр түрлі ғой. Кейде осындай балалардан үлкен азамат шығады. Кейде қашқан жерлерінен аса алмай қалады.