Еркектерге ұнамайтын әйелдер немесе "Неге менің күйеуім жоқ?"

Блог - aielbakyty: Еркектерге ұнамайтын әйелдер немесе Неге менің күйеуім жоқ?

Еркекті табиғат берген инстинкті — ұрпақ қалдыру. Ол әйелде де бар. Инстинктері кемелденген (обострение болған) сәтте екі жақ бір-біріне тартыла бастайды. Танысу. Кездесу. Алғашқы түсінбестік. Ұрыс. Бір кезде қараса қыз тағы жалғыз. Жасы… айтуға да, көрсетуге де ұят. Тағы да кездесу. Кездесулер. Нәтиже ноль. «Неге менің күйеуім жоқ?»
«Нормально жігіт жоқ». Осы айыптауды айтпас бұрын өзімізге қарап алған дұрыс ау. Жә, болды "Өздерің қарап ал..." деп басталатын тириада басталып келе жатыр ма? Жаным ашыған соң айтып отырмын. Келесі тізімде жігіттерге ұнамайтын қыздар көрсетілген. Ішінен өзіңді тауып алсаң ешкімді айыптамай түзелуге тырыс.
1. «Бизнесвумен» өзіне сенімді тип. Оның кездесуде (жігітпен оңаша қалғанда, интимдік аурада) айтатын әңгімелері тек шаруаның маңайында. Оның барлық жұмысы маңызды. Және барлық жұмыс онсыз шешілмейтіне сенімді. Сондықтан кездесудің сәнін кетіретін қоңыраулар. Қатаң дыбыспен тұтқаның арғы жағына берілген бұйрықтар. Жоқ, жұмыстарының барлығы бизнеске байланысты емес. Тіпті ол әйел бизнеске үш қайнаса сорпасы қосылмауы мүмкін. Бірақ "інісіне дүкеннен ұмытпай сүт ала салу" операциясының өзі үлкен шаруа болып кетеді. «Ия, не деген ақымақсың! Алты проценттік сүт дедім ғой! Үш проценттік сүттен шәй дұрыс іше алмайсың!». Осының барлығы еркекке понт сияқты көрінеді. Көзге топырақ шашу. Өзін тұтқаның арғы жағына қою. Сол ойынан қорқып кету. Болды. «Неге менің күйеуім жоқ?»

2. «Аристократ» өте мәдениетті тип. «Сіз мені кездесуге шақырып тұрсыз ба? Ертең орталық мұражайда Мықтыбек Әз Жайлауи көшірген Клод Моненің суретінің қасында кездесейік!». Әр кездесуде бір біріңді танитын әңгімелердің орнына классиктердің нақыл сөздері. Вискимен кола қосып, Джастин Бибердің құсқың келетін әніне құшақтасып билегенше опера тыңдау. Ия, еркек байғұстың қандай жағдайда болатынын елестеттің бе? Аристократтық типаждағы өте аз еркектер қауымын есептемегенде кездесулердің көпшілігі Давидтың әбүйірі ашық мүсінін құшақтап «Нормально еркек жоқ» деп жылаумен аяқталады.

3. «Оқу озаты» өте тәртіпті тип. Ол әйел ішпейді, шекпейді, тіпті темекі де шекпейді. Ас қабылдау минөт, секундімен дәл уақытында. Кешкі онбірде ұйқы. Еркекке бұл қасиеттер басында өте ұнайды, себебі олардың инстинктінде жай ұрпақ қалдыру емес, ләжі болса сау ұрпақ қалдыру туралы ақпарат та жазылған. Бірақ ондай әйелдер өзінің тәртібін денесіне 20 см артық жақындауға рұқсат алған барлық адамға таратқысы келеді. Ондай әйелден еркек уақыт өте келе міндетті түрде қашып кетеді. Себебі еркектің өз территориясын қорғау туралы инстинкті ұрпақ жалғастыруға қарағанда басым келеді. Және ұрпағын жалғай алатын бәсекеге қабілетті инивиддумдар көшеде көөөпп…

4. "Қалыңдық" күйеуге шығу синдромымен ауыратын тип. Бірінші кездесу барлау. Екінші кездесу ата анамен танысу. Сосын… үшінші кездесу ешқашан болмайды. Жоқ, еркектер жауапкершіліктен қашпайды, бірақ кез келген таныстыққа болашақ отбасы ретінде қарау… маньяктық сияқты қабылданады. «Сен костюм киіп жүрсеңші, сериозный көрінесің». «Жалпы менің көп балам болғанды қалаймын». «Былай екеуміз жақсы жұп болып көрінеміз ия?». "Қайда барасың жаным?". «Кетсе кете бер с..ұмырай...». «Неге менің күйеуім жоқ?»… "… О, мына жігіт нормальный күйеу болатын сияқты..." Бұл цикл ақырзаманға дейін жалғаса береді, бірақ жылдан жылға күйеуге тию мүмкіндігі де азая бертіні анық.

5. "Қарақшы" еркектің ақшасын пайланатын тип. Бұл әйелдер еркектер априори барлығын істеу керек, барлығын төлеу керек деген паразиттік оймен өмір сүреді. «Менің әйел болып жаратылғаным және онымен кездесуге келіскенім мың милиоон доллардан артық. Төлесін!». Әрине еркектер әрқашан әйелге қызмет көрсетуге, шығындарын жауып тұруға по умолчанию келіседі. Бірақ қарақшылық көзқарас болашақты бұлыңғыр етіп көрсететіні рас. «Ой, қойшы, осы күнгі жігіттер жмот!»

6. «Мама» аналық инстинкт қатты дамыған тип. Алғашқы кездесу. Қарапайым беттен сүйіп қоштасу. (Сирек әрине, бірақ бұл мысал) Таңертең ояна салғанда еркек "Қайырлы таң!" деген смс алады. Жұмысқа асығыс жиналып жатып «мына киейін бе, Әлде мынаны?» деген екі көйлектің суреті. Сәлден соң «Байқап жүр!» деген тағы бір смс. Соңын ала «Мен сені сағынып кеттім!» деген бірнеше жүрек, ерін тағы басқа махаббат белгілері бар смайликтер қосылған тағы бір смс. Тіпті Фейсбуктегі әрбір жазбаңды аңдып отырып бірінші болып лайк басуға тырысады. Бұл еркектерде қақпанға түсіп қалған сияқты әсер береді. Не істеу керек? Әрине, қақпанға түскен аяқты тісімен шайнап тастап қашып кетеді. «Осы жігіттер тормыз...»

7. «Ару» сұлулықты сүйетін тип. Ол әйелдердің өмірі боянғанға дейін және боянғаннан кейін деп бөлінеді. Әрине, еркектер қасындағы өмірлік жұбының әдемі болғанын қалайды, бірақ үйде мәйкімен отырып әңгіме айтатын ақылы болмаса ВКдағы "қалыңдық" статусын «жұбайы» статусына ауыстыру мүмкіндігі азая береді. «Түу, онымен өте қызықсыз… Жыным келіп тұр… Жүрші, сұлулық салонына барып қайтайық...»
Бөлісу:
  • 4

9 пікір

ken
6 күшті ғой қайта
aielbakyty
Мамасының баласы?)
ken
«Кішкентай қыз» типі дегендер жоқ па?
aielbakyty
Кәшкентай қыздар «Бұйырса болады меніңкүйеуім» деп жүре береді)
Gastarbaiter
Бесінші тип қо) Серік емес, «папа» іздейтін.
asaubota
тек жігіттер пікір жазуы керек пе? :)
aielbakyty
Қыздар ашуланып жатқан шығар)))
asaubota
шындық қашан тәтті болып еді?
Aya
«Ия, не деген ақымақсың! Алты проценттік сүт дедім ғой! Үш проценттік сүттен шәй дұрыс іше алмайсың!».
деген жолдар күлкілі екен. Кей тізімде не айтылып жатқанын ваще ұқпадым:)