АТЛЕТТЕРГЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР

Қазақстандық ауыр атлеттер спорттан уақытша шеттетілуі мүмкін. Оларға Хьюстонда өткен әлем чемпионатында допинг қолданды деген айып тағылды. Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, әлемдік додада күміс және қол медальді иеленген Жасұлан Қыдырбаев пен Алмас Өтешов және Ермек Өміртаевтардың қанынан тыйым салынған препараттар табылған-мыс. Бұл туралы ұлттық құрамамыздың бас бапкері Алексей Ни: «Бұл жаңалықты естігенде үстімнен суық суды құйғандай болды, бұл не деген сұмдық» деп таңданысын білдірді, Ал ауыр атлетика федерациясы болса «Спортшыларымыз допинг қолдануы мүмкін емес, олардың барлығын ұлкен додалар алдында тексеруден өткіземіз» деп мәлімдеме жасап үлгерді.
Әдетте, мұндай тесттерді халықаралық ауыр атлетика федерациясы өткізетін, бірақ осы жолы АҚШ әлем чемпионатын өткізгенін желеу етіп, тексерісті өткізген. Адайда, бұл тек бірінші тексеріс. Осы мәселе бойынша АҚШ мемлекеті ауыр атлетика федерациясына хат жолдады. Ал біздің ел жедел түрде апелляцияға беруге дайын. Егер спортшыларымыздың допинг қолданғандары рас болса онда спортшыларымыз кемінде екі жылға үлкен спорттан шеттетілуі мүмкін. Ал, әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев болса өмір бойына шеттетіледі.Өйткені мұның алдында Жасұланның басы осындай дауға қалған болатын. Спортшыларымыздың допинг қолдағаны және қолданбағаны келер жылдың ақпан наурыз айларында белгілі болады. Допинг тесттен өтпей қалғандардың арасында біздің спортшыларымыздан басқа Қытай және Оңтүстік Корея спортшылары бар.
P.S.АҚШ тарапынан мұндай жасалып отырған жағдайбірінші рет болып отыр Бірақ аяқ астынан тексеріс жасап отығандары күдік тудымай ма қалай өзі?..
Бөлісу:

3 пікір

bake
ауыт

«ауыр» keyboard-та асығыс тергенде кетіп қалып жатады. Дау ішіне біздің спортшыларды кіргізіп жібергені жаман-ақ. Мүмкін жүлделі орындарға иеленер ед…
AbilmansurKamzaev
Иа, әрине бірақ қазір барлығы да тыныш сияқты))