Ұзақ өмір сүру. Ақсақалдың құпиясы.
Әдемі қартайып, ұзақ өмір кешу әр адамның арманы шығар. Кез-келген адамға барып осының құпясын айтып көрші десең «денсаулық мықты болуы керек» немесе «ауырмау керек» дейді. Қарап отырсақ екеуі де бір нәрсе айтып отыр. Яғни, денсаулығың мықты болса, онда ауырмайсың. Бірақ, сол денсаулықты қалай сақтаймыз?
Кезінде, биік таудың басында тұратын, ұзақ жасаған бір ақсақал, жер бетіндегі барша халыққа өзінің ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісетінін айтыпты. Жан-жақтан жиналған журналистер, қызығушылық танытқан байлардың барлығы сол таудың етегіне жиналыпты. Ұзақ күттіріп барып халықтың алдына шыққан ақсақал «Мен сіздерге қазір ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтамын» депті. Жиналған елдің баршасы тып-тыныш болып ақсақалдың аузына қарап қалғанда, «Ең ұзақ өмір сүрудің құпиясы: ешкіммен, ешқашан дауласпау!» деген екен. Дәп сол мезетте, оң жақта тұрған бір журналист «Ол мүмкін емес қой!» деп айқай салыпты. Ақсақал болса сәл жмиып «Иә! Ол мүмкін емес» деген екен).
«Дауласқан адамның екеуі де ақылсыз». Даудың бетін аулақ қылсын. Ешкіммен ұрыспай, салғыласпай, дауласпай ұзақ жасаңыздар ағайын)
P.s. Тыныс белгілерінен қате кетіп жатса кешірім сұраймын.

бір сурет қыстыра сал енді