Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады

Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ресми тойлауды бастап кетті.
Оңтүстік облыста алғашқылардың бірі болып, Сайрам көмекші-мектеп интернатының тәрбиеленушілері Ақордаға,қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мерейтойлық салтанаттың алғашқы сыйлығын жолдады.Киіз кебісті дауна синдромы дертіне шалдыққан балалардың өзі тіккен.
Блог - Harun: Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады
Бұл мекеменің отыз жылдық тарихы бар.Туабітті кемістігі бар балаларды өнерге баулып,қоғамға бейімдейді.Қазір 180 оқушы тәрбиеленіп жатыр.Көбісі ауыр дертке шалдыққан.Соған қарамастан, педагогикалық ұжымның жетістігі жоғары.Елбасы саясатын берік ұстанып, балаларды сауықтыруға,қоғамның белсенді мүшесі етіп,қатарға қосуға пейілді.
Блог - Harun: Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады
Нұрила Асанходжаев-Сайрам көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушісі
Біз бірінші кезекте техника қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмыс атқарамыз.Мұғалімдер бізге киіз аяқ-киімдерінің сызбасын сызып береді.Біз оларды қайшымен қиып шығамыз.Бөлме аяқ-киімінің ішкі жағын қыздар безендіріп береді. Дайын болған өнім жатақханаларда, ойынханаларда қолданылады.
Блог - Harun: Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады
Елбасы есінде бір сый бар.Ол–соғыстан кейінгі қиын кезеңде ағасы тарту еткен бәтеңке.«Жанына жылылық ұялатып, жадыдағыны жаңғыртсын!,-деген оймен сайрамдық мүмкіндігі шектеулі балалар кебіс тігіп,«Қазпошта» арқылы Елбасыға жолдады.
Блог - Harun: Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады
Роза Нуриддинова-Сайрам көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушісі
Құрметті Елбасымыз Нұрсұлтан ата! Бізге жасап жатқан қайырымды істеріңіз үшін сізге алғысымыз шексіз.Әрдайым аман-сау жүріңіз.
Блог - Harun: Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады
Ильхам Тәжібаев-Сайрам көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушісі
Шын көңілмен, жылы алақаныммен жасаған жылы аяқ-киімімізді сізге деген алғысымыз ретінде ұсынамыз.Қабыл алыңыз!
Блог - Harun: Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады
Айша Бекбұтаева-«ҚАЗПОШТА» АҚ ОҚО №16 бөлімшесінің басшысы
Жарайды, балалар сәлемдемелеріңді міндетті түрде Назарбаев атамызға жеткіземіз.Қазір мұны жақсылап орап, Елордамыз Астанаға жібереміз.Сәлемдемелерің үш күн арасында Астанада болады.
Блог - Harun: Мүмкіндігі шектеулі балалар Елбасыға сыйлық жолдады
Қазақстандық әрбір тұлғаның тағдыр тарпаң мінез танытқанда есен қалып, көсем, шешен болғаны-Тәуелсіздіктің арқасы.Ал, оның биік тұғырында кемел елдің кемеңгер көшбасшысы тұр.Сондықтан ұлт үшін ұлы құндылықты сақтап,қорғау, елдің маңдайалды ұлы Нұрағаңды қолдау–сындарлы сәтте маңызды.Ел тәуелсіздігінің айтулы жылында тіптен, мәнді.

Нұржан ЖАҚСЫЛЫҚ
Бөлісу:

1 пікір

MERmukhanov
жазба атауында нүкте қойылмайды