Еркектер әйелдер жайлы не ойлайды?
Тақырып жынды ия? Бұл жазбада еркектер үшін қызықты ештеңе жоқ, бірақ әйелдер (қыздар, бойжеткендер, апалар) үшін біраз жаңалық ашылуы мүмкін. Әдетте әйелдер еркектердің сыртына қарап бал ашқыш, типі «Бәріңнің ойлайтының бір нәрсе!», «Не деген эгоистсіңдер!», «Сен мені түсінбейсің!» деген кінәлаумен басталып, «Ой, все!» деп аяқталатын ұрыс кезінде біздің ішімізде не ит өліп жатқанын бреу білсе, екеу білмейді. Сонымен еркектер не ойлайды?
1. Біз әйелдерді білгіміз келгеннен аз түсінеміз. Бірақ әйелдер ойлағаннан көбірек түсінеміз.
2. Біз кейде қатты қаламасақ та әйелдердің көңілін қалдырмау үшін секспен айналыса саламыз.
3. Біз ақылды әйелдерден қорықпаймыз, бірақ олардың ақылы асып бара жатқанда жақтырмай қаламыз.
4. Әдемі әйелдерді көргенде жүрек соғысымыз бірден жиілеп кетеді. Ол құбылыс әлі безеуі кетпеген бозбаладан бастап, қызды құр жібермейтін донжуанға дейін тән. Егер жігіт салқынқанды әңгімелісіп отырса, онда оның жүйке жүйесі өте мықты немесе сен онша әдемі емессің.
5. Егер танысқан еркек «тормоз» болса, демек әйел оған ұнамай қалды деген сөз.
6. Еркектер үшін әдемілік сексуалды фигура мен алтыншы размер кеуде емес. Ол әрбір еркек үшін жеке талғамына байланысты. Сондықтан «Мынандай красавчик анадай уродкаға қалай үйленген!» деген өсек сөз өте орынсыз.
7. Даяшыға жекіп сөйлейтін әйелдер бізге ешқашан ұнамайды.
8. Еркектер әйелдер бізге қанша талап қойса, өздеріне де сонша талап қоюын қалайды. «Маған сыйлық бермейсің!», «Адам құсап шетелде демалмадық!», «Машинасы жоқ қайыршы маған неге керек!» деген талап қоймас бұрын өзің ол үшін не істей алатыныңды біліп алғаның дұрыс.
9. Көп еркектер үшін әйелдің толықтығы сондай катастрофа емес. Тіпті толық әйелдерді ұнататын еркектер сендер ойлағаннан әлдеқайда көп.
10. Шындығында біз ешқашан прям қатты жұмысбасты болып жатпаймыз. Ұнайтын әйел үшін әрқашан уақыт таба аламыз. Сен үшін еркектің уақыты жоқ болса шешімін шығара бер.
11. Біз ұзақ уақыт секссіз өмір сүре аламыз. Кейбіреулер «Мен секс болмаса шыдай алмаймын» десе сенбе, ну енді сен де «Секс болмаса өмір сүре алмайтын» әйелдер қатарынан болсаң сене салуыңа болады.
12. Жалпы әйелдердің қалай киінгені, қандай шаш үлгісін жасағаны бізге бәрібір. Сендер бізге киімсіз көбірек ұнайсыңдар. Сондықтан киімді әйелдер бір біріне мақтану үшін алады ау деген күдік бар.
13. Еркектер әрқашан әйелдердің әңгімесіндегі сәйкес келмейтін жерлерін байқап отырады. Бірақ ұялтпау үшін мән бермейміз.
14. Біз әрқашан әйелдерге сенеміз. Тіпті «Мен семіріп кеттім!», «Мен ақымақпын!» деп өз өздерін кінәлаған кезде де…
15. Егер әйелдер тоғыз тілді білетін, кваттық физиканы шашып тастайтын болса оны реэюмесіне жазғаны дұрыс. Еркектерге әйелдердің көңілді болғаны және орал секске деген құштарлығы көбірек ұнайды.
16. Еркектерге әйелдердің бұрынғы жігіттері (күйеулері) туралы әңгімелері қызық емес. Егер болмай айтып берсең сол күннен бастап төсекте үш адам болады. Еркек өзін бұрынғы жігітімен (күйеуімен) салыстыра бастайды.
17. Қол жетпейтін әйелдер еркектер үшін қызықтырақ. Бірақ барлығы нәтижесіз аяқталатынын сезген кезде бірден қызық емес болып қалады.
18. Еркектер де әйелдерді өсектейді. Ия, ия, ол рас.
19. Еркектер әйелдердің жүні қырылмаған аяқтарын, түзетілмеген қастарын, жуылмаған шаштарын бірден байқайды. Бірақ шын ынтығып тұрған еркекке ол ешқандай кедергі емес.
20. Еркектер әйелдердің өтірік оргазмдарын сезеді. Бірақ өздері үшін тырысып жатқанын білгендіктен ештеңе айтпайды.
21. Біз әйелдердің барлық еркелігін көтереміз. Кейде жай ғана бұл эгоизм қай жерге дейін баратынын білгің келеді…
Қысқаша осы. Тізім кете береді. Алып қосарларың болса айтып көріңдер…
P:S Суретіне қызығып келген жігіттерге бонус!
+тадым
бонусыңа раһмет
Жалпы қасыңдағы қыз/әйел өзгелермен жиі конфликтіге келе берсе оны жек көре бастайсың. Кейбір қыздар өзін пысық көрсету үшін жігіттің көзінше өзгелермен ұрыса береді. Бұл өте-өте жаман қылық еркектер үшін.
На всякий случайтексере салған дұрыс сенбесең))))Енді ары қарай үгіттемей ақ қояйын
иә
Бастарыңнан өтіп пе еді?)))
қырқылмаған жүн үшін тек актінің үзілуімен шектелмей, бір еркектің психикалық жарақат алғанын да білем :D:D