Star Wars қазақша және жалпы

Блог - Marco: Star Wars қазақша және жалпы

Star Wars-қа барып келдім. Жетінші эпизод қой. Жабық көрсетілім деген аты болмаса, сол баяғыдай қытыр-қытыр поп-корн жеп, телефонға шұқшиған, бірі кіріп, бірі шығып, сеңдей соғылысқан жұрт. Кино көруге қашан келеді екен жұрт?!

Бала күннен орысша оқып, орысша көріп келе сатқан саганы туған тіліңде көрген қызық екен. Шын айтайын, үлкен күмәнмен барғам, ұнамай қалады-ау деген скептик көзқарасым басым болды. Шүкір, тәржіма да, оқыған актерлердің шеберлігі де 100 пайыз болмағанмен, көкейдің тереңінде жатқан үмітті ақтады.

Ақталмаған тұсына келсек. Осы фильм қазақшаға шығады дегеннен бері «The Force (Сила)» деген ұғымды қалай аударады деп ойлап келіп едім. «Күш» деп аударылды. Менің келіспейтін тұсым осы. Бұл ұғым құр ғана «күш» деген сөздің аясына сыймайды, қалай қарасақ та.

«Force (Сила)» – бұл джедайға қуат беретін нәрсе. Бұл барлық тірі жәндіктер тудыратын энергиялық алаң. Ол бізді қоршап тұр, біздің денемізді көктей өтіп тұр. Ол бүкіл Әлемді байланыстырады». Бұл Оби Ван Кеннобидің сөзі.

Блог - Marco: Star Wars қазақша және жалпы

Сагадағы «Force (Сила)» ұғымы оны игерген тіршілік иелеріне тек физикалық күш емес, менталды мүмкіндіктер береді. Оның арқасында заттарды орнынан қозғап, найзағаймен атуға, адамның санасына әсер етуге, тіпті соғыс кезінде «менталды бомба» деп аталатын қару қолданып, тұтас армияларды қашырып жіберуге болады.

Байқасыз ба, оны құр күш деген мағынасын ашпайды. Менің ойымша, «құдырет» деген сөз әлдеқайда дәл келеді. Жетінші эпизодтың соңында генерал Лея Органа-Соло «Күш сенімен бірге болсын» дейді, ағылшыншадан да, орысшадан да тура аударғанда дұрыс-ақ, бірақ қазақшаласақ «Құдырет жар болсын!» деген нысанаға дәл тиіп тұр.

Біреуге күлкілі, біреуге бәрібір шығар, бірақ бұл сагадағы ең басты ұғым. Сондықтан аудару кезінде оның этимологиясын, табиғатын, философиясын тереңірек зерттеу керек еді.

Қалғаны жап-жақсы, аудармасын айтам. Күлкілі диалогтар да сәтті аударылған. Эмоциалар да бар. Енді орысшасын көрген соң басқа ой туып қалуы мүмкін. Қазір қазақшасын көргеніме өзіме де ризамын, аударғандарға да алғыс. Тек келесіде осындай сагаларды аударғанда мен сияқты фанаттардан кеңес сұрай салсаңыздар болады.

Енді фильмнің өзі туралы. (Спойлерлер бар) Шынымды айтайын Джей-Джей Абрамстан әлдеқайда көп нәрсе күтіп едім. Бірақ ол бірінші кезекте ностальгиялық ноталар мен болашақтағы жобаларына басымдық бергені байқалады. Ох, ностальгиялық ноталарды әдемілеп тұрып, фильмнің өн бойынша үзік-үзік шашыратып тастаған. Енді босата бергенде келесісі жүректі шымырлатып жібереді. Империялық жойғыш крейсер, «Мыңжылдық сұңқар», Хан Соло мен Чубакканың оралуы, Лея Органа, Икс қанатты шабуылдаушы корабльдер… ууух, рахаттанып қалдым, тіпті кейде көзге жас та келді.

Блог - Marco: Star Wars қазақша және жалпы

Дегенмен жетінші эпизод бұрынғыларға тым ұқсас. Тағы да басты қатер «Өлім жұлдзынан» төніп тұр. Бұл жолғысы бұрынғыларынан анағұрлым үлкен әрине, бірақ идея бір. Ол планеталарды құрта алатын жойқын қару, бірінші кезекте соның көзін құрту керек. Ал кеттік, бәріміз жабыламыз, әдеттегідей Хан Соло мен Чубакка алдыңғы шепте.

Сюрприз басқа жерден «Құдыретті» кім меңгергенінен туды. Фильм пиарщиктерінің осы күнге дейін тамаша жұмыс істеп келгенін айту керек. Алайда, өзінің бойында «Құдырет» бар екенін бүгін ғана білген жан, жылдар бойы жаттыққан, бластерден шыққан лазердің өзін тоқтата алатындай деңгейге жеткен ситті қылыштасып, жеңіп тастауы дегеніңіз… Are you fucking kidding me?!!!

Мынау дегеніңіз қорлық қой! Бүгіл саганы, философиясын, «Құдыретті» аяққа таптау! Осыған дейін қаншама жыл жаттыққан Анакин Скайуокер де, Люк Скайуокер де өздерінің алғашқы қарсыластарын жеңбек түгіл қолдарынан айрылып қалған еді. Ал мынау, көзін бір жұмды да, қарсыласын пытырлатып тастады. WTF?!!!

Неге?! Қалай?! Мүмкін бұл жолғы қаһарман осыған дейін өмір сүрген Скайуокерлерден, Йода, Винду, Джин, Кенноби, Палпатин, Бейн, Марк Рагнос, Экзар Кундардан да құдыреттірек шығар?! Олай болса саганың жалғасы шығуы тиіс. Осының бәрі түсіндірілуі керек. Әйтпесе, ренжіп қалдым.

Айтпақшы, Хан Соло осыған дейін шыққан романдарда Чубаккадан кейін өлетін сияқты еді. Бұл жолы тыраң асты да қалды. Бірақ мүрдесін көрген жоқпыз.

Жалпылай алғанда, осындай ньюанстарын есептемегенде фильм жаман емес. Фильмотекадан өзіне тиесілі орнын алды. Дегенмен көкейде қалған сұрақ көп. Фанаттардың форумдарында әңгіме қызып жатыр. Ортақ ой сол – жалғасы жоспар күйінде қалмай, міндетті түрде түсірілуі керек. Мүмкін Соло тірі шығар, не дегенмен баукеспе Хан Соло ғой ол.

Блог - Marco: Star Wars қазақша және жалпы
Бөлісу:

20 пікір

bake
Жалпы «Star Wars» кино жиынтығы ұнайды. Дәл сондай атаумен белгілі RPG ұнайтын. Басты кейіпкердің тағдыры ойыншының қолында. Кімнің жағына шығып кететінің ойын барысында жасалған таңдауына байланысты.
Star Wars
Marco
Академия джедаев деген бе мынау? Сол болса, осының екіншісі бар, Джейден Корр деген джедай туралы. Ол да өте қызық. Марк Рагностың ізбасарларымен шайқасады.
patick
СтарУарстың фаны емеспін. Бірақ Хан Солоны, Чубакканы, Лея ханшайымды, Мыңжылдық сұңқарын, Люк атаны көргенде ерекше сезімде болдым. Өкірдім дей алмаймын, бірақ жылауға жақын қалдым. Все-таки кино әлеміндегі ең танымал персонаждардың бірі ғой.

Басты рөлдерге екі ағылшын алынған екен: Қара бала мен сүйкімді қыз. Қызды жаңа джедай деп қабылдай берсек болатын шығар. Үлкен киноға да жол ашып беруі тиіс осы рөлі.

Джей Джей Абрамс СтарУарсты қатты құрметтейді, ол көрініп тұр. Кадрда жасыл экран технологиясы мен компьютерде кейін салынып алатын заттар мейлінше аз секілді. Өзінің еркелігіне салынып, жарықты объективке шағылыстыру тәсілін қолданбапты. Тіпті басталуы кезіндегі шексіздікке қарай жылжитын сөздер де 70 жылдар стилінде қалдырған.

Аһ дейтіндей керемет те емес, жиіркеніш тудырар нашар да емес. Ударник, короче.
Marco
Қызды жаңа джедай деп қабылдай берсек
Солай сияқты. Бұл енді сит болып кетпейтін шығар.

Блин, ну все же қыздың анау ситті оп-оңай жеңіп тастағаны болмады енді(((. Олай болуы мүмкін емес, арнайы дайындықтан өткен джедай/сит пен қарапайым адамның төбелесуі отыздағы жігіт пен он жасар баланың төбелскеніндей ғой. Тіпті Джанго Фет, Боба Фет, Хонда сияқты баскесерлердің өздері джедайлармен төбелескенде жеңуден бұрын тірі қалуды ойлап тұратын еді.

Очм, жалғасы болады фильмнің. Онсыз түк келіспей қалайын деп тұр. Сұрақ тым көп болып кетті.
patick
Жаңа трилогия мен 3 спин-офф (Боба Фетт, Хан Соло, сосын тағы біреу) гарантированно!
PatriotKZ
ТАКЫРЫПТЫ ДУРЫС КОЮДЫ УЙРЕНЫНЫН!!!
Marco
а?
PatriotKZ
Казак тылынде казакша жане жалпы деп сойлемейды!!!
Marco
Сен әуелі түсініп оқуды үйреніп алсайш, казактылындыссс
PatriotKZ
Мен тусынып турмын, бырак ен болмаса такырыпты дурыстаныз!!!
Marco
Көрсетіп жіберейін бе, әлде өзің тауып аласың ба жолды?
PatriotKZ
Макаланы дурыстап жаза алмай отырып ултка калай енбек синдирмексиз?
Marco
Боғірем, тақырып дұп-дұрыс. Просто сенің ауруың тым ауыр.
PatriotKZ
Боғірем
КАЗАКТА БУНДАЙ СОЗ ЖОК!!!
Marco
КАЗАКТА БУНДАЙ СОЗ ЖОК!!!

Қазақта мұндай сөздер жоқ. Казактар не орысша, не украинша сөйлейді.
PatriotKZ
Казактар не орысша, не украинша сөйлейді.
Иа окинишке орай казыр казактар орысша коп сойлейды. украйнша сойлегенын кормеппын.
сиздын ойыныз да орысша калыптаскан сондыктан да шалаказакша жазасыз!!!
Marco
Мынаны кім босатып жіберген??? Ең болмаса, бас жібін шешпейтін адамсыңдар, ұстап алып, қамап қоюға ыңғайлы болатын еді.
Көкем, қазақша әріптерді қолдана алмай отырып, кімге пір болмақсың? Пұшайман болған түріңе ғана сиейін деуші еді көрші Мәриям кемпір. Қайталап айтайын, тақырыпта қате жоқ. Күйіп өлсең де сол. Түсінбей отырған өзің.
PatriotKZ
Отыныз жарылып кетсе де аитаиын Star Wars қазақша және жалпы деген сойлем жок казакта!!!
satibaldi
Тарихтың тасақ беттерінен:
1915 жылы, неміс әскерлерін тылдан қамту бөлімшелерінің бірінде Алдыңғы Померания жерінен шақырылған қатардағы Шульц қызмет етеді. Ол — сумен жабдықтауға жауапты екен.

Жұрт суды бөшкелеп-пойыздап тасып тігіліп жүргенде, Шульц болса — барған жерінде құдық қаза қояды екен. Тұщы судың көзін бірден табатын айуан екен. Ефрейтор Берковитцтің хуйбарламасынан үзінді:

"Қатардағы Шульц оқымаған, кәдімгі померандық сүркедей. Бар приборы — басына түрлі шөптер кептіріліп жапсырылған ағаш аша ғана. Ешқандай мантра, дұға оқымайды, оккультті сеанстар белгісі байқалмайды. Әлгі ашамен келе жатады да кенет «мына жерден қазыңдар, төрт те елу үш метр!» дейді, болды. Көрсеткен жерінен міндетті түрде су шығады.
Басқа бөлімшелер де өз адамдарын бізге оқытпақ болған. Бірақ аша оларға еш белгі бермеді.
Хуйбарлама — Империя Кеңсесінде талқылау үшін".