"Пхаха" тайм-менеджменті немесе Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пхаха тайм-менеджменті немесе Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!
Пхаха! Бұл жазбаны бастау үшін мен не істемедім десеңші! Әлеуметтік желіден шыға алмай қалдым ғой. Пхаха! Фейсбук желісіне хабарлама келді ме екен деген оймен кіргем. Жай ғана. Пхаха! Аш жүрген студенттен екі жерде жұмыс істейтін бес баланың анасына дейін күн-түн демей пост жазады-ай, шіркіннің!

Лента азғырды. Тәуелсіздік туралы жазғанын оқимын дегенде пікірлерге көзім түсті. Нанға май жағып жеу оңай, ал жұртқа жағу қиын екен. Қарсылық танытқан қолданушының профиліне өтіп, тағы да жазбалар мен пікірлер оқып, сұлу қыздардың суреттерінен, одан инстаграмынан бір-ақ шықтым. Пхаха! Өзі бір лента жамылған күн болды.

Мен колледжде оқимын. Баубек деген группаласым жаңалық ашты. Әлгі "Әлеуметтік желі арқылы байып кету және біздің офиске жұмысқа орналасу, үйде отырып жұмыс істеу" деген курс бар еді ғой. Бұл да сол сияқты, тек әлеуметтік желіге уақытты азырақ бөлудің тиімді әдістерін үйретеді. Дәуреннің қызына айтамын ғой: «Медаль беру керек!» — деп. Пхаха!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пхаха тайм-менеджменті немесе Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!
1. Лентаны ақтара берме, көзің ағып кетеді. © Қара Кемпір
Ақтара берме! Ақтара берме лентаны! Оны зерттегенмен бәрібір пайда таппайсың. Не істейсің ал!? "Қамшының" жазғандарын қайтесің? Өзіңе қатысы жоқ бұқаралық ақпарат құралдарының "құралдарының" ой-пікірінен не пайда? Доминант қылма оларды! Олардың өз проблемасы да жетеді. Оқырман боп жетісерсің, иә!

2. Пікірлерді оқыма, атаңа нәлеттің баласы, майпалау неме! © Осырақ Шал
Қой, жо-о-о-қ, пікірлерді оқыма! Оқыма! Пікірлерінен өздерінің денесі тітіркенсін. Пікірлерді шолып шыққан соң фанатизмге тап болайын деп тұрсың ғой, ә! Бір жақты болудан қаш! Табынба жеке басқа! Жеке ойыңды анықтауға жұрттың пікірін барометр қылмай-ақ қой.

3. Лайк баса берме! © Мақта-Жүн Байсыз Бетпақ Қатын
Баспа лайкты! Ондай функцияның бар екенін ұмыт. Лайкты көбінесе ерігіп отырып бейсаналы түрде баса салатыныңды білемісің, ә?! Репост та жасай берме! Лайк та баспа! Дерт қой, дерт! Уа, Исатай-Махамбет!
4. Одан да кітап оқы, тіл үйрен, іс-шараларға қатыс, сыртқа шық. Фрилансер боп ақша таппасаң, интернетте көп отыра берме.

Тимур Бектұр атындағы Ұлттық Фрилансерлер колледжінің студенттері назарыңызға «Пхаха» тайм-менеджментін ұсынады. Қабыл болсын! Мүбәрак болсын! Муахаха!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пхаха тайм-менеджменті немесе Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!

Негізгі қағидалар

1. Мақсат-жоспарың өте-мөте нақты болуы тиіс.
2. Кез келген міндетіңді бөліктерге (жеке тапсырмаларға) бөл.
3. Міндеттеріңді ABCD формуласына сал.
4. Самодисциплина. Қандай жағдай болмасын сенің мақсат-жоспарыңа кедергі болмауы керек. Сондықтан бұл қасиетті дамыт, үнемі айналыс.
5. SMART жүйесі.

SMART жүйесі

Кез келген мақсат-міндетті SMART жүйесі бойынша тексеру қажет.

S — specific. Кез келген мақсат нақты, жүйелі болуы керек.
M — measurable. Кез келген мақсат өлшемді болуы қажет. Өлшем, сан мақсатқа жетуге қанша қалғанын анықтауға көмектеседі.
A — attainable. Кез келген мақсат шынайы, қиялдан алыс болуы керек. Без прикола!
R — relevant. Кез келген мақсат өз өміріңе бейімделген болуы қажет. Мәселен, үнемшіл болғың келсе, ақшаны оңды-солды, қажетсіз нәрсеге шашпау мақсатың болуы тиіс.
T — timely. Кез келген мақсаттың нәтижесін көрсететін уақыты болуы керек. Дедлайнсыз істің бәрі бос.

ABCD формуласы

1. Ең негізгі қауырт жұмыстарды A деп белгілейміз.
2. B — негізгі, бірақ тығыз шаруа емес.
3. Құдайы беріп, артық қалатын уақытта істейтін жұмыстарды C деп белгілейміз.
4. D — дәнекер. Барлық істі өзіміздің мойнымызға алмай, «ей» деп брәтішкелерге, «арықтап кетіпсің» деп қыздарға да шаруаны бөліп беруге болады. Міне, осындай жұмыстарды D деп белгілейміз.

Сонымен қатар кез келген мақсат-жоспарды интеллект-картада (майндмэппинг) сызған дұрыс. Әрбір міндеттің күнін белгілеу үшін күнтізбе қажет. Муахаха! Пхаха!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пхаха тайм-менеджменті немесе Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пхаха тайм-менеджменті немесе Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!
Бөлісу:

2 пікір

merekeee
Smart жүйесі мен ABCD формуласы жақсы екен