Жанымдағы жақын жүрген жігіттердің бәрін тауысып болған соң, өзгенің назарын іздей бастадым. Менің еркек атаулыға келгендегі ұстанымым: бір ашқан есігіңді қайтып ашпа – бәрбір көретінің бір көрініс. Ал, мен көріністердің қайталанғанын қаламаймын. Әлеуметтік желіге тіркеліп, ең әдемі деген суретімді қойдым да, отыз бен қырық жас аралығындағы жігіттерге достық ұсына бастадым. Алдымен фотоларына, содан соң достар тізіміне қарап бәрін тергеп, тексеріп алдым. Бір-екі диалогтан соң кейбіреулерін керек емес деп шештім, біреулер тым өркөкіректеу көрінді, біреулері салған жерден «Салмағың қанша?» деді, біреулері тіпті «Жаным, жалағанымды қалайсың ба?» деді, «Нені?» деп қайтарма сұрақ қойған жоқпын. Ең соңында сөйлесуге аватарында қаракөк костюм киген жігіттің фотосы бар жігіт қалды. Ұзақ сөйлескен жоқпыз, ертеңіне түскі асқа шақырды. Кешкі уақытта емес, тал түсте шақырғанына қарап жөні түзу, әңгімесі дұрыс, ниеті оң біреу шығар деп топшыладым. Ертеңіне шақырған мекенжайына келсем, алдымда сыртында түрлі тағамдардың суреті айқыш-ұйқыш салынған асхана тұр. Кірдім де жан-жағыма қарадым. Есік ашылған сайын жалтаң-жалтаң қарап отырған жігіттің жанына бардым. Дәл өзі екен. Аяқ астынан әбігерге түсті қалды. Еденге төселген арзан кафельге темір орындықтардың аяғын шиқылдатып жырып кейінге қарай ысырып маған орын берді.Фотодағы жарқылдаған түріне қарағанда шынайы бейнесі әбден есікіріп қалғандай әсер қалдырады екен. Үстінде сол фотодағы киіп отырған қаракөк костюмы, жағасының жиектерін кір шалып, жылтыр өң беріп тұр. Екі иығына ақша қардай жауған алақандай қайызғақтарын екі қолымен сілкіп-сілкіп тастап, қомданып алды. Сол әрекетімен бойынша батылдық жинап алғандай қолын ұсынды, алақаны тершең екен:
14 пікір
Тек тіркелген және логинімен кірген қолданушылар пікір жаза алады
жазбайм енді(