Қазақстан: Соңғы бес жылдағы миграция

Блог - nazamat: Қазақстан: Соңғы бес жылдағы миграция
Cogito, ergo sum. Рефлексологияның негізін салған Декарт 1649 жылы Христина патшайымның шақыртуымен Швецияға көшкен. Патшайым философты таңғы сағат бесте оятып, білім беруге мәжбүрлеген…

Сарайдың ресми мәлімдемесі бойынша ойшыл пневмониядан қайтыс болған. Дегенмен, табылған құжаттарды ұмытпау керек. Швед патшайымының дәрігері неміс дәрігері Уильямс Писоға жазған хаттарын қалайша ұмытуға болады?
Менің нағашы әжемді немістің қызы асыраған. Ал оның атасы Эйк Альфредтің інісі Эйк Писо қоғам қайраткері болған. Ол — Уильямс Писоның ұрпағы. Эйк атадан аманат боп жеткен құжаттарды зерттеу нәтижесінде Рене Декарттың күшәннан уланғанын анықтады. Arsenicum (As). 33. 74,921. 3d10 4s2 4p3.

Рене Декарттың қазақтарға белгілі логикалық жұмбағы бар: Торда 7 құс отыр. Оның төртеуінен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды? Жоқ, біз — тордағы құспыз. Ешқайда ұша алмаймыз. Тор жабық. Соған қарамастан, амалын тауып ұшып кеткендер бар. Эмигранттарды Декарттың ажалы күтіп алмасына кім кепіл? Эмигрант — Декарт. Формула. Жүйе.

Соңғы бес жыл ішінде елімізде 28,5 мың адам эмиграция жасады. Эмиграция Алматы облысының теміржол көрмеген тұрғындарының пойызбен Астанаға жол тартуындай емес. Жалпы, миграция деп көрші елден келген эмигранттың сабаққа бара жатқан қызды көлікпен алып қашып, өз еліне иммиграция жасауын айтуға болады.

Блог - nazamat: Қазақстан: Соңғы бес жылдағы миграция
Иммигранттар да Тәуелсіздік мерекесіне қарамастан, жылдың соңғы күніне жету үшін көбеюде. Биыл Қытайдан Қазақстанға 663 адам иммиграция жасады. Өткен жылға қарағанда 47,36%-ға көп. Қаңтар-қыркүйек аралығында Түркіменстаннан 593 адам (42,9%) көшіп келген. Ал Қырғызстаннан 539 иммигрант келсе де, биыл 22,2%-ға азайған.

Блог - nazamat: Қазақстан: Соңғы бес жылдағы миграция
Бөлісу:

10 пікір

ken
Эмигранттар мен иммигранттардың ұлттық құрамын жазбадың ба?
nazamat
Иммигранттарды білмедім, ал эмигранттардың ұлтын суретте жазғам. Эмиграцияны орыстар көп жасаған екен.
bake
Жалпы, миграция деп көрші елден келген эмигранттың сабаққа бара жатқан қызды көлікпен алып қашып, өз еліне иммиграция жасауын айтуға болады.
Піскен дәннен кеуіп түскен қабық, яғни кебектің статистика қисабына қандай қатысы бар?
MERmukhanov
Жазып тұр, азырақ қу :)
Ispek92
Щщс, тағы біреуі келд. Трендке айналып кетті ме))))))
nazamat
Брендке айналғым келеді. ;)
asaubota
қалай ойлайсың, қай елдерге көшкен дұрыс?
nazamat
Еуропа елдеріне көшкен тиімді сияқты. Германия, Англия елдеріне көшсе жаман емес.
merekeee
Қайтып кетіп қалғандары/кері көшіп келгендері туралы статистикалық мәліметтер бола ма екен?
nazamat
Ее, ол жағын білмедім. Бірақ қайтып келетіндері, кетіп қалатындары болатын шығар.