Қыз сені жақсы көретіндей не сыйлау керек?

Блог - DinaAbdigalieva: Қыз сені жақсы көретіндей не сыйлау керек?
Армысыздар, құрметті жақсылар! Жұмбақ жасырсам қалай қарайсыз?.. Негізі көпті көрген даналармен анда-санда сөйлесіп тұру керек екен. Неше түрлі қалжыңға толы оқиғалар мен ащы шындықты естіп қаламыз. Мұхтар Әуезов айтқандай: «Естігенімді айтсам, өтірік болар. Сондықтан көргенімді айтайын». Кейіпкерім осы қағиданы ұстанатын жан. Сөйтіп, тақырыптан ауытқымай жұмбағымды жасырайын.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде… деп бастап кетсем қызық болар еді. Бір әп-әдемі, тепсе темір үзетін «современный» жігіт болыпты. Қыпша бел қыздардың барлығы ғашық енді. Жігіт оларды көңіліне елемейді. Аялдамадан өтіп бара жатқанда бұрын танитын таныс қызды көріп, сүйіп қалады. Бір көргеннен ғашық болды делік. Күнде сөйлеседі, сезімін білдіреді. Ғашықтық дертіне душар болады. Бірақ қыз жігітке мүлдем қарамайды. Сонда жігіттің алғырлығы оған бірдеңе сыйлайды. Осы сыйлықтың арқасында "қыз жігітті жақсы көріп кетеді". Енді, сұрақ: Жігіт қызға не сыйлады?
Блог - DinaAbdigalieva: Қыз сені жақсы көретіндей не сыйлау керек?
Бөлісу:

7 пікір

nazamat
Логикалық жұмбақ деп ойлаймын. Ал логика әркімде әртүрлі деңгейде. Жұмбақ қызықсыз, ойлануға жетелемейді. :)
DinaAbdigalieva
аха, логикалық жұмбақ! Егер ойлануға жетелемесе IQ әлсіреп қалған ғой:J
DinaAbdigalieva
айтпақшы, жұмбақтың шешімі қандай болуы мүмкін?%)
nazamat
«Естігенімді айтсам, өтірік болар. Сондықтан көргенімді айтайын».
Қой, бұны Сәбит Мұқанов айтқан. *lol*
DinaAbdigalieva
Менің білетін дерегім---> Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ташкентте өткен Азия-Африка жазушыларының конференциясында сөйлеген сөзі бұл. Жалпы, сіз айтқан деректі алғаш естуім. :_o
AruzhanMuratovna
Мммммм өтірікқой мынау