Көңілдестерім. Моншада кездескен бейтаныс жігіт

Жексенбі күні өзім тұратын көшедегі моншаға келдім. Жиырма шақты тізіліп салынған жеке кабинкалардан тұратын моншаның алдында кезек күтіп ұзақтау отырып қалдым. Шыдамсыздана бастап едім, сыртқа буы атқылап бір есік ашылды. Кең иықты, ақсары келген жігіт, жоқ, жігіт жасынан үлкендеу келген жасы қырыққа таяп қалған жігіт ағасы шықты. Салқын ауаны кеудесін келіп тұрып, рахаттан жұтып алды да темекісін тұтатты. Еден жауатын шелегін қинала көтеріп бара жатқан тазалықшы әйел кабинканың ішін жинастырғанша мен сыртта отыра бердім. Темесікін бір езуіне қарай ығыстырып қойып, көзін сығырайтып маған қарады. Темекі түтінін құшырлана сорғанындай, маған да ішіп-жеп қарағанын сездім. Неге олай қарағанын түсінбейтіндей ештемесі жоқ, көзін сүзген танадай болып отырған әйелге қай еркек қарамасын?
Өз ісін ғана білетін көп сөзге жоқ тазалықшы әйел кабинкадан шыға бере «Ішке кіре бер» дегендей ишара жасап басын кілт бұлғаң еткізді.Блог - Juka: Көңілдестерім. Моншада кездескен бейтаныс жігітМен ішке кірдім, ауа алмассын деп ашық қалдырған терезе көзін жаппадым. Моншаға келгенде жеңіл шешіну үшін сыртымнан іліп алған жұқа көйлегімді шештім де арғы жуыну бөлмесіне өтіп кеттім. Үйден шығарда қараған пөрнөграфияның әсері ме, әлде екі айға жуық еркек назары түспегендіктен бе сыртта темекі шегіп тұрған жігітті шақырып алу туралы азғын ойым маза бермеді. Ашық тұрған терезенің алдына көлбеңдеп қайта келдім. Сыртқа көз тастамасам да оның әлі тұрғанын сезіп тұрмын. «Қалай шақыру керек?» Дәл осы сауал миға шабуылдап маза берер емес. Кинолардағыдай терезеден сүзіле қарап, сұқ саусағымды ерініме апарып, көзімді ойнақшытып шақырып алуға актерлық шеберлігім дамымаған, сүйкімді, қылықты әйел болып тумағаныма аздап ренжіңкіреп те алдым осы жерде. Қиялды ойға, қырға шаптырып отыратын уақыт тым аз, әрекетке көшу керек. Жалаңаш денеме халатты іле салып, басымды қылтитып сыртқы есікті аштым. «Ыстық судың кранты қатты жабылып қалып, күшім жетпей тұр» деп айтқалы жатыр едім. Мәссаған… Шоғы сөніп үлгермеген темекі тұқылынан басқа түк те жоқ сыртта. Жігіт ағасы кетіп қалыпты… Ішімде лап-лап етіп тұтанып үлгерген құштарлық оты қинала-қинала түтіндеп барып басылғандай болды. Есікті кері жауып жатып, «Мені іздедіңіз бе?» деген дауыс естіліп қала ма деп, біресе есікті жаптырып үлгермей жатып тұтқасын қайратты қолдарымен кері өзіне қарай тартып қала ма деп те алаңдап қоямын. Жоқ, олай болмады. Өмір – кино емес екен, енесссс...
Бөлісу:

10 пікір

Juka
Тағы да жазамын. Әзірге оқи тұрыңыздар.
Ispek92
Бұ қаззақты алғашқы рет пұлыстағанымды мəлімдесем деймін)
satibaldi
Шынымен, кейде осындай болады. Моншаға кезек күтіп отырған қатыннан «жалғызбын, анау-мынаудан кетәрі емеспін» деген толқындар есіп тұрады. Тіпті кейде — не істерін білмей, келе салғандай әсер қалдырады (енді, шіріп бара жатқан жоқ қой).
Сәл-пәл ғана батылдық көрсету керек десейші қысқасы. Рахмет, Жука
bake
Әңгіменің 1/4 бөлігін оқып шығып, мына жерге жеткенде
әйелге қай еркек қарамасын?
еее, әйел атынан жазылғанын білдім, оған дейін монша алдында еркек отырғандай көрінді. Опшым қыздарға арналған бірдеңе…
AbdullaevNurdaulet
Сатыбалды ағасы сенің аудармаларыңды(Омар Хаямның) окып бір ішегім катканша куліп едім, тағыда аударып жатсаң қайда екенін айт окып турайын
konvict
Жука, келер жылы блогиадаға қатыс. Әр тур сайын секс туралы жазба жазып тұрасың. Тақырыпқа байланысты