Өмір күнделігі (Сонда менің кім болғаным?!)

Блог - KONILDI: Өмір күнделігі (Сонда менің кім болғаным?!)
Күн жексенбі. Түске дейін ұйықтап ұйқымды әбден қандырып алдым. Өліп-талып шаршамасам да түске дейін ұйытауыма ешкім кедергі болған жоқ. Ұйқымнан тұрып, шайымды ішіп алдым да қайта қисайған күйі түнде аяқтай алмай ұйықтап қалған киномды аяқтадым, одан соң тағы бір киноның аяғына дейін жеттім. Солай кино майталмандарының шығармашылығын аяқтап жатып күннің қоюлана түсіп, қарағыланып бара жатқанын бірақ байқадым. Десе де ноутбугімді шұқылап бірдеңелер іздей бастадым. Кенет ескі жазбаларым сақталған папкаға да жеттім. Ияяя, бұрын жас күнімде әрнәрсеге таңқала қарап, құпияларымен бөлісіп, олардың сырын ашпаққа тырысатынмын. Құдды бір көзін аша сала әр нәрсеге таң қала қарап «мынау не болды екен» деп таң қалатын сәби секілді етінмін. Одан айырмашылығым көз алдымдағы түрлі заттарға қарап «мынау не болды екен» деп ойыншықтарыма таң қалатындай емес, керісінше сол заттың әлденеше зат екенін білген соң оның бойына терең бойлап кеттін жас жігіт шағым болатын. Түрлі құпияларға бойлап, адам туындыларына таң қалып, табиғаттың құбылыстарын зеріттей келе, олардың жауабы бір ғана «Ұлы құдіреттің Иесі», Жаратушымыз Алланың құдіреті екенін білген едім. Біле келе иманға бет бұрып, мешіттен шықпай, құлшылық қылып, намазымды қаза етпеуге тырысып жап-жақсы баланың бірі болып кеткенмін. Міне, осы ойлар санамда бір жүгіріп зыр ете шықты.
Содан соң, папканы ашып, ішін ашып қарай бастадым. Көзім «Өмір күнделігі» деген жазбаға түсіп кетті. Шынымды айтсам онда не жазғанымды білмеймін. Ашып оқымақ болдым. Қарғыс атқыр, пороль қойып тастаппын. Ойыма түскен кілтсөздерімді бірінен соң бірін жазып жатырмын, ашылар емес. Одан бөлек басқа жазбаларды оқи бастадым, әсіресе иман тұрғысында көп жазыппын, басым бөлігінде адам кереметі мен Жаратушының құдіретіне таң қалысымды білдіріппін. Жақсы-жақсы туындыларым баршылық екен. Оқып балған соң сүйретіліп барып болконға шығып жалғыз қалған темекіні тұтатып, құмарлана сора бастадым. Тезеге қараған күйі жаңағы ойлар қайта көз алдымнан жүре бастады. Әлгінде ғана Ұлы құдіретті танып, оған мойынсұнып кеткенім әлдеқашан еді. Сол иманның ауылында біраз өмір сүрген соң көп ұзамай ол ауылдан қайта көшіп кеткенмін. Одан бері мешіттен алыстап, иманды ұмытып, сыраны сылқылдаты сіміріп, темекіні құмарлана сорып, ауызыма келген оттайтын таза жексұрынның өзі болып кеткелі қашан… Қаншама рет «осы құрғыр темекіні соңғы шеккенім осы болсын» — деп, серттеніп алып, артынша көпке жете алмай «әкелші түтініңнен бір үштік, бір шекпесем нервіни болып барамын» деп қайта достасып алатынмын. Сыра да солай бауырыма айналған. Ия, иманды сәттен бері көөп нәрсе өзгерген, мен де өзгердім, айналам да өзгерді. Ең жаманы… ең жаманы ол менің өзімді жек көруім екен. Ия, мен өзімді жек көремін. Себебі, мен білемін, иманды таный тұра имансызбын, жақсылық пен жамандықты ажырата тұра жаманмын, жаман әдеттірді біле тұра соларды істеймін, көркем мінездің қандай боларын біле тұра соған талпынбаймын, шайтанның кім екенін біле тұра сонымен жолдас болып келемін. Айта берсе көп, сол көптің ішінде барлық кері тұстарды өзіме серік етіп алғаным үшін өзімді жек көремін. Кейде естіп жатамын, «адам өзін жақсы көрмей өзгері жақсы көре алмайды» — деп, алайда мен оған келіспеймін. Мен керісінше өзімді жек көргеніммен өзгелерді жақсы көріп тұрамын. Әрине, барлығын дей алмаймын, бірақ жақсы көретін адамдарым баршылық. Осындай көп ойлармен шатасып кеткен соң, тек қана «Еееее өмір-ай, сонда менің кім болғаным?» деймін де қоямын.
Темекінің тұқылы ғана қалған сәтте, өшім қалғандай мыжа түсіп, мыжылған сұрықсыз күйінде бауырланың қасына тастай салдым. Бөлмеме кіріп қолыма қайта ноутбугімді алып, бос бет ашып жаңа ғана ойлаған ойымды жаза бастадым…
Сайтан алғыр, бұрынғыдай жаза алмай да қалыппын!
Бөлісу:

10 пікір

ken
«Бір сперматозоид қаншама нәрселер жасайды» деген жазба жазып жүрген сен бе едің?
KONILDI
Ия, солай болуы керек…
bake
Темекі тартпаймын, темекі тұқылы сөндіру үшін мыжып көрмеппін… Көңіл көлдің түбіне батып, толқын болып жайылмай, жыл маусымының ауысқанын байқамай:
-Өмір-ай, қазыққа бекіген арқанның арғы ұшында тағдыр барын ұмыттырып, алыс ұзатпады.
KONILDI
Оның жақсы екен… Бірақ неге минус?
bake
негізі жазбаңды «плюстеп» е… рейтинг, яғни, мәнсап ауруың жеңіп тұрғаныңды білсем… Критика керек болса, оқи бер:
Текст ішінде ап-анық «көңілін құлазыса темекі тарт» дегендей жазылған. Оған қалай жауап бересің?!
KONILDI
Ппффффф керек еді маған рейтинг. Керек болса керекке күнде кіріп тұратын едім ғой. Миллион жерден рейтингімді жермен жексен етсе де маған пох екен. Жәй әншин сенің пікіріңнің үстінде неге "-1" деп дұр дегенім ғой.
Жалпы не ғо… көзімді ашып қарағанмен көп нәрсеге пох қарайтын адаммын ғой.
bake
Братттан, артық кеткенім үшін бүкіл жамағат алдында кешірім сұраймын
MamaAya
Ұқсайсың маған. Жақсы түсінем сені. Мен де жаман екенін біле тұрып, сол жаманға жақынмын. (Ішіп, шегіп кетер ме едім?! Оларға орын жоқ, уақыт та, желание де жоқ!) Жек көрем мен де өзімді.
AruzhanMuratovna
Мен өзімді жақсы көремғо%)
ErkeNurzhan-Kyzy
Бастапқы қалыпқа келуге тырысып кориниз мункин…