Астана интернет форумы
4 желтоқсан Астанада «Астана III Интернет форумы» болып өтті. «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында жан-жақты мәселелер қозғалды. Өте жоғары деңгейде, мағыналы әрі қызықты ақпаратқа толы болды. Сонымен, менің есімде қалған сәттерден баяндап өтуді жөн көрдім:
Қарағанды қаласынан жалпы 15 студент Ләззат Қожахметова апайымызбен келдік. Пойыздың мерзімінен жарты сағаттан аса кешігіп жетуіне байланысты форумның ашылуына куә бола алмай, бірінші сессиясына келіп жеттік.
Бірінші сессияда «Интернеттегі ақпарат қауіпсіздігі» жайлы ойталқы болып өтті.
Модератор: Жарқын Түсіпбекұлы;
Спикерлер: Досай Кенжетай, Алуа Серікқызы, Ерлан Оспан, Аршат Ораз, Жанасыл Болатбек болды. Өзіме ұнап, түртіп алған ақпараттар:
* Бірінші сессия бойынша саясаткер Алуа Серікқызының «Мониторинг кезінде қауіпті материалдар қандай болды?» деген сұрақ төңірегінде, «Мониторинг» жайлы өрбіткен тақырыбы ұнады.
Үзінділер айта кетсем:
Қазақ тілді сайттарда тақырыптың 4 түрі бар:
1) Ішкі саясат
2) Экономика
3) Сыртқы саясат
4)Идеология.
Ең көп талқыланатыны:
1 — орында: Ішкі саясат
2 — орында: Идеология және тіл
3 — орында: Экономика
4 — орында: Халықаралық саясат. Қазақ тілді сайттарда «Экономика» және «Халықаралық саясат» жайлы тақырыптар көп қозғалмайды.
* Интернет желісінде болған келеңсіз 2 жағдайды айта кетті:
1) Тексерілмеген ақпараттың жариялануы.
2) Бір-бірінің материалын көшіру.
Осы төңіректе көптеген қызықты мәліметтер естідік.
Жанасыл Болатбек: Ақпарат фото және видео арқылы көп таралады. Әсіресе, видео. Ең көбі: атыс-шабыс, +18. Әрбір адам өзі қаламайтын жаман видеоның таралмауына себеп болуы керек. Ютуб желісінің өзіне шағым бере кетуіміз керек. Ол бірден өшпесе де жиналған шағым әсерінен жойылады. Және оған пікір қалдырып, лүпіл басқанша үндеми қалдырып кету. Себебі, сіз пікірлеген сайын ол жоғарыға көтеріле береді.
Аршат Ораз:
Бүгінгі таңда негативті ақпарат көп. Көп деген сайттар «рейтингті көтеремін» деп сапасынан айырылып жатады. Рейтинг үшін көп нәрсе құрбан болып жатыр. «Ziro.kz» сайтында 10 ақпараттың бірнешеуі негатив. Біздің оқырман сары басылымды ұнатады.
Ойталқы барысында бірнеше тыңдарман спикерлерге «Ақпараттық қауіпсіздік, интернетке» байланысты бірнеше сұрақ қойды.
Сұрақ-жауап барысында «Бір ақпарат неге ұлтты екіге бөліп жібереді?», "Қытай халқы «Ютуб» желісін көруге тыйым салған, бізде неге олай етпеске?" «Ақпараттық соғыс деген не?» деген төңіректе қызу пікірталас болды.
P.S Жалғасы бар… Келесі блогта. Суреттер Фейзбук желісінен алынды.

Бір қызығы, "Ішкі саясат" тақырыбы жиі талқыланғанымен, оқырманның қалдырған пікірінде «Халықаралық саясат» жайлы пікірлер көп. Яғни, «Халықаралық қатынасқа» қызығушылық жоғары.* Қаңтар-желтоқсан айларында интернетті қолданушылар рейтингі көбейді. Жыл басында сайтта отырушылар (1 сайтта мысалға) 1,5 сағаттан отырса, желтоқсан айында 3,7 сағатқа артқан. Жыл басында күніне 35 адам кірсе, қазір 80 адамға қолданушылар саны артқан.
* Интернет желісінде болған келеңсіз 2 жағдайды айта кетті:
1) Тексерілмеген ақпараттың жариялануы.
2) Бір-бірінің материалын көшіру.
Осы төңіректе көптеген қызықты мәліметтер естідік.
Жанасыл Болатбек: Ақпарат фото және видео арқылы көп таралады. Әсіресе, видео. Ең көбі: атыс-шабыс, +18. Әрбір адам өзі қаламайтын жаман видеоның таралмауына себеп болуы керек. Ютуб желісінің өзіне шағым бере кетуіміз керек. Ол бірден өшпесе де жиналған шағым әсерінен жойылады. Және оған пікір қалдырып, лүпіл басқанша үндеми қалдырып кету. Себебі, сіз пікірлеген сайын ол жоғарыға көтеріле береді.
Біздің өзіміз біраз адам жиналып, ақылдаса отырып үйлену тойларындағы 10 нан аса жағымсыз видеоларды өшіріп тастадық.
Аршат Ораз:
Бүгінгі таңда негативті ақпарат көп. Көп деген сайттар «рейтингті көтеремін» деп сапасынан айырылып жатады. Рейтинг үшін көп нәрсе құрбан болып жатыр. «Ziro.kz» сайтында 10 ақпараттың бірнешеуі негатив. Біздің оқырман сары басылымды ұнатады.
Түстен кейінгі уақытында осы«Негативті ақпаратпен күресу жолдары» жайлы шеберлік сабағын жүргізді.
Ойталқы барысында бірнеше тыңдарман спикерлерге «Ақпараттық қауіпсіздік, интернетке» байланысты бірнеше сұрақ қойды.
Сұрақ-жауап барысында «Бір ақпарат неге ұлтты екіге бөліп жібереді?», "Қытай халқы «Ютуб» желісін көруге тыйым салған, бізде неге олай етпеске?" «Ақпараттық соғыс деген не?» деген төңіректе қызу пікірталас болды.
«Көп деген басылымның тақырыбы аты-шулы болғанымен іші сұйық болуы мүмкін. Олар өздеріне солай назар аудартады» — деген пікірлер айтылды.

2 пікір