100 күндік жұмыс, 1000 жылдық жеміс
«Ел қадірін көрген біледі, жер қадірін жүрген біледі» демекші Оңтүстік Қазақстан облысының игі істері мен атқарылып жатқан жұмыстарын көріп те, біліп те жүрміз. Жаздың соңғы айында ОҚО-ның әкімі болып Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов тағайындалған. Міне, содан бері облыс әкімнің жұмысына да 100 күн толды. Осы күнге дейін өңірде атқарылған жұмыстарға көз жүгіртіп өтсек.
Облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы алғашқы жұмыс сапарында Шымкент қаласында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар мектептерді аралап, жұмыс барысымен танысқан болатын. Бұл дегеніміз, Бейбіт Бәкірұлының оқушылар қандай нысанда, қандай жағдайда білім алып жатқандығына алаңдайтындығын көріп, қауанған болатынбыз. Білікті басшы әрқашанда білімге айрықша көңіл бөліп, назарынан тыс қалдырмаған. «Ғылымға жақын болсаң, қолың жетер» дей отырып, Бейбіт Бәкірұлының болашаққа ғылым мен білім арқылы, нақты қадамдар жасай отырып келешекке сеніммен қарайтындығын көрсетіп отыр.
Сондай-ақ, Малайзияның техникалық және кәсіптік білім беру төрағаларымен кездесті, кездесу барысында ОҚО-да әлемдік деңгейдегі техникалық колледж салуға делегаттар ниетті екендігін айтып, қуантқан еді
Әуелгі байлық — ден саулық, әрбір адам өз денсаулығына алаңдайды, амандығын тілейді. Мемлекет те денсаулық сақтау бойынша бірқатар бағдарламалар түзеп, соның аясында облысымызда көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бірі ретінде, Шымкент қаласында рентгендиагностикалық аппарат шығаратын зауыт салынып жатса, ал кардиологтар балалардың жүрек ақауына байланысты күрделі оталар жасалғандығын білеміз.
Сонымен қатар, облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы Франция елінің профессоры Генри Бисмут пен Монғолиядан келген профессор Чинбурэн Джигжидсурэнді қабылдап, онкологиялық аурулардың алдын алу тақырыбында ой бөліскен болатын.
Монғолиядан келген профессор Чинбурэн Джигжидсурэн мен жергілікті дәрігерлердің қатысуымен бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққан науқасқа кезекті ота жасағандығын айтып өтсек артық болмас.
Кезкелген басшы «Стратег» болуы қажет, «қашан? қайда?» деген сұрақтарға шахмат тақтасының ойындары сияқты «Шах» және «Мат» қоя білу шеберлігімен, айлакерлігімен байқалуы тиіс. Осындай қырларды облыс әкімінен байқадым, осы бағытта өз қабілетілігін көрсеткен болатын. Айта кететін болсақ, экономикамызды көтеру мақсатында инвесторларды тарта отырып, дипломатиялық шеберлігін қолдана, шетелдік инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірқатар қатар келіссөздер жүргізді. Атап айтатын болсақ Қытай, Польша, Неміс Грузия, Үнді, Словак елдерінің ірі бизнес өкілдерімен кездесіп, эконмикамыздың қарқынды дамуына үлес қосатын келіссөздер жүргізді.
Кездесулердің нәтижесінде облыс әкімі біліктілігі арқасында Қазақстанда ең үлкен «Shymkent mall» сауда-ойын сауық кешені салынатындығын мақтанышпен айтуға болады.
Облыс әкімі әрқашанда Отандық өнімдерді қолдауға әрдайым дайын екендігін көрсеткен болатын. Соның бірі Сайрам ауданыда орналасқан «GOLDEN NOMAD» тігін фабрикасының «Қазақстанда жасалған» сауда таңбасымен тігілген, жоғары сапалы костюм сатып алған болатын.
Өңіріміздегі бизнесті қолдау мақсатында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов «Кәсіпкерлір форумына» қатысып, облыстағы бизнесмендермен кездесу өткізді. Кездесу барысында, Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын талқылап, жергілікті биліктің кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған стратегиялық бағыттармен таныстырған болатын.
Сонымын қатар, «Қазақстанда жасалған» өнімдерін жан-жақты насихаттау мақсатында «AgriTekShymkent 2015» ІV халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесі ұйымдастырылса, «AgroProm Shymkent – 2015» тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтар және технологиялар» халықаралық көрмесі өткізілген болатын. Бұл іс-шаралар Отандық өнімдерге деген сұранысты арттыратын бірден-бір игі бастама.
Сондай-ақ, «Оңтүстік» Индустриалды аймағында тамшылатып суару құрылғыларының жабдықтарын шығаратын зауыт құрылысы қолға алынса, Шардара су қоймасының жанынан балық өңдейтін екі зауыт іске қосылғандығын айтқым келеді.
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында жасалып жатқан игі істер, шеттен қамауы керек. Денсаулық — тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау — бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Осы мақсатта «Бадам» су қоймасының маңынан байдарка және каноэда есуден оқу-жаттығу базасының спорт ғимараты ашылған болатын.
Облысымызда балалар және жасөспірімдер футболын дамыту мақсатында өңір басшысы Бейбіт Бәкірұлы «Жас қыран» лигасының құрылуы жөнінде Қазақстанның балалар және жасөспірімдер футболының лигасының атқарушы директоры Б.Есмағамбетовты қабылдап, кездесу барысында екі жақ балалар және жасөспірімдер арасындағы футболды дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Обыс әкімі Қазақ елінің туын көкке желбіретіп жүрген спортшыларға көңіл бөліп, арнайы қабылдау жасап отырады. Жеңімпаздар мен бас бапкерлерді марапаттап, қаржылай көмек көрсетуде. Осындай қошемет көрсетіліп жатқандығына спортшылар ризашылықтарын білдіре отырып, спортшылар әрмен қарай жігерлене түсетіндігі сөзсіз, бұл олар үшін үлкен мәртебе деп білемін.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бір кісідей сенбілікке шығып, қала тазалығын сақтауда сенбіліктің орны ерекше екендігін білеміз. Облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлының қолдауымен Шымкент қаласын жасыл қалаға айналдыру мақсатында, «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшеттер егу, қала аумағын күл-қоқыстан тазартумен қатар сияқты жұмыстары тұрақты түрде қолға алынуда. Қала халқының жаппай асарлатуының арқасында әрбір мекеме, ұжымның, үй-үйдің, аула-ауланың, көпшілік бас қосатын орындар мен қоғамдық жерлердің айналасы әжептеуір тазарып, ажары кіріп қалатындығы анық.
«Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы» демекші туған жерімізге құрметпен қарап, барлық игі бастамаларға бір атаның баласындай атсалысайық. Қазақта жақсы сөз бар: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»-деген. Осындай әрбір істің басынан табылып, еліміздің өркендеп дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғыс білдіргім келеді.
Пікір жоқ әзірше