Тақырыбы жоқ, жай ғана жан айғайы!

Блог - Great: Тақырыбы жоқ, жай ғана жан айғайы!
Өмірінде көп кітап оқымаған, оқысада бірен-сараңын қарап бірнәрселерді түйген, жартысын алып, керек емесін тастаған адам саған бірнәрсе айта алады деп ойлайсың ба? Иә, әрине, дәл қазіргі қоғам «попугайға»да микрофонды беріп, сөйлетіп қоятын заман емеспе! Біреу «а!» десе аузын ашып тыңдайтын, аузынан жаман сөз шықсада, жақсы сөз шықсада іліп ала шабатын, түймедей затты түйедей қылып көрсететін 21-ші ғасыр «саналы адамдары». "
Жоқ, менің түйгенім дұрыс ақпарат болсын, болмасын оттай беру керек пе? Сонан соң, оны естіген жұрт айқайлап айтып, ақыр соңы ашылғаннан кейін, тыншып қалатыны несі! Дәлелдемейме дұрыстығын! ЖОҚ! Қайдағы, басқа жаңалық көп, біреу біреумен ажырасыпты, әй ана бәленшенің баласы үйленбей бірге тұрып жатыр, эстрада жұлдызы мынадай ақша тауып жатыр деген, біреудің өміріне басын тығып, сұқақтап, бақытқа кенелсе, «әй мынаның бірнәрсесі тегін емес» деп, қайғы болса онын үстінен езгілеп, содан рахат алатын адамдардың өмірі сонша қызықсыз болғаныма?! Біреудің өмірінің күйрегенінен рахат алатындай, ана адамның сенде қандай ақысы қалыпты?! Жанына тыныштық берші, байғұстың. Сенен басқа «проблемасы» бастан асады, жетпегені сен едің. Жақсы, айтып-ақ қойса екен, жоқ, олар өз ойларын жеткізу керек қалайда, таптау үшін. «Инстаграм» деген бәле болды! Өз ойларын жеткізем деген ақылгөй сымақтардың ошақ -қасы бұл. Тіпті, жақсы болды. Қол жетімді, қолайлы. «Фейк» дегеніміз тіпті керемет! Көзін жұмып айта беред. Несі кетсін?! Өздеріне жақсы болса жүрсін, өсектесін, бәрібір, таяқ жейтін өзі. Солай, қарағым! Ойлан! Біреудің өмірін қайтесің! Өз қара басыңды ойла, өміріңді ретке келтір!Өзің ақ қол жеткізесін жетістікке, талпынсаң, әрине! Ал, енді, осылай отыра берсең, отыра бер! Өз өмірің, жаныңнан айналып өтіп бара жатыр, қапы қалма!
Бөлісу:

2 пікір

merekeee
Инстаграмның форматы сондай ғой :) Жақсы сурет көрем, қоям. Ал сол суретті инстаграмнан көрсем бірнәрсе қыртып қалғым келеді де тұрады.
Great
Қыртқанда да жақсы нәрсе қыртса жақсығой:J