Волонтерлікпен ауылға. Жаңа бағдарлама.
Өткенде семинар өткіздім, жастар басқармасы сұраған соң барымызбен бөлісуден бас тартамыз ба. Семинардан соң жаныма бір қыз келі:
— Мен медициналық оқуды бітірдім. Халықаралық волонтер болғым келеді. Не істесем болады? — деді.
— Қызылжартыай бар ғой, солар көмектесе алады. Немесе Юнисефтің сайтына кіріңіз немесе Вера Кимге хабарласыңыз, — дедім. Жоғарыдағының аталғандар халықаралық ұйымдар немесе олармен тығыз байланыс жасайтындар. Бірақ, әңгіме басқа жақта ғой…
Осылай менің де барғым келген, әлі де алысқа кеткім келеді. Бойымдағы адреналин жетпегендіктен бе, әлде әлемді көргім келгендіктен бе, оны білмедім. Мен секілді жақсылық жасағысы келіп, алысқа барғысы келетіндей адамдар аз емес. Жоғарыдағы аталған әдемі қыз да. Осы орайда, мынандай бір механизммен бөліскім келеді, бейресми атауы — «волонтерлікпен ауылға».
Мағынасы келесідей — волонтер болғым келеді, әлемді көргім келеді деген адамды қазақтың ең шалғай жатқан, әлеуметтік қамтамасыздандырылуы нашаааар ауылға жібереміз. Бір не екі айға. Жататын орны, тамақтануы мен арнайы киімі бізден. Жататын орнынмен ауылдағы ағайын көмектеседі, тамақтануын әкімдік алар, киімді «жасыл ел» берер, жыл сайын тонналап лақтырады ғой. Содан, әлгі волонтер қарттарға көмектеседі, балаларды оқытады — ағылшын тілі дегендей, мал союын үйнеренеді, қазақ тілін үйренеді дегендей… Қазақтың қара домалағына шыдаса, сертификат беріп Африкаға жібереміз, шыдамаса — сертификат беріп үйіне жібереміз. Ойланар, санаға келер…
Осы механизмнен көп дүние алуға болады: жастар үйінен алыстап (павлодарлықтар маңғызстауға дегендей) өздігімен өмір сүруге үйренеді, кәрілерге көмектеседі, қалағандарын алады; мемлекет үшін бұл арзан жұмыс қолы — волонтерлар ғой; ал ауыл үшін — үлкен көмек.
Ауыл әкімі жас маманға (қызға) 24 сағат бойы, 365 күн демеуші болуға мүмкіндігі жоқ немесе ол қызды учаскелік полиция қызметкерінің үйіне тұрғызбайсың ғой.
Жан-ұясымен көшірсе, мүлдем басқа оқиға. Жас дәрігер қыз дейік. Әкімдік өзін ғана емес үй ішіндегі екі-үш пар қолға жұмыс тапты.
Жаңадан келген ауыл дәрігеріне көп жыл еңбек жасайтын мүмкіндік туды. «Басқа жаққа күйеуге кетіп қалмасын» деп құда түссе тіпті жақсы. Қызбен бірге келген туған -туысқандары көзбен көрген «күйеу балаға» қорғанбай келісім береді. Сондықтан волонтерлік емес, миссионерлікке шақырып акция ұйымдастырсаңдар қалай? Миссонерлер жан-ұяларын жасақтап.
Негізі сырттан емес, іштен маман дайындаған дұрыстырақ. Ауылдың баласын әкімдік және ауыл демеп оқытса, ол қайтып оралған соң еңбегін туған жерін басып жүріп еңбегін жалғастырады. Ондай мысалдарда бар.