BAQ.kz сайтына 5 жыл!

  • KazNET
2010 жылдың күзінде Егеменнің веб-редакциясында қызметте жүрген кезім. Телефоныма бейтаныс номерден қоңырау келді:

— Саламатсыз ба? Аршат Оразов деген сіз бе?
— Иә, мен едім…
— Сізді бір жобаға шақырсақ деп едік. Министрліктің арнайы тапсырмасы бар еді…
— Толығырақ?
— Бізге сіз сайт жасайды деп айтты.
— Кім айтты?
— Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев арнайы тапсырды.
— Ол кісі мені қайдан біледі?
— Бізге Егемен Қазақстанның сайтын кім жасады, соны табыңдар деп айтты…

Сөйтсем министрлік қазақша БАҚ-қа арналған жоба ойластырған екен. Оны орындауды Қазконтентке тапсырған. Олар "қазақша сайт жасайтын маманымыз жоқ" деген кезде «egemen.kz сайтының жаңартылған нұсқасын жасаған адамды тауып алыңдар» депті. Маған телефон шалған адам Қазконтент АҚ сол кездегі басшысы Альтаир Уызбаев екен. Осылайша Қазконтент басшылығы және министр Асқар Жұмағалиевпен танысып, осы жобаға кіріскен едік. Бұл маған тапысырылған үлкен сенім еді, сол жобаны өз шамамша жүзеге асырып, кейін құрылған редакцияға тапсырып кеттім деп ойлаймын.

Саттың бастапқы нұсқасы қарапайым еді. Күнделікті жаңалықтардан бөлек телеарналардың онлайн көрсету беттері қосылды, онлайн радиоларға сілтемелер, газет және журнал сайттарының каталогтарынан құралды. Мобильді және латын әліппесі нұсқаларын да қосқанмын.

KazNET: BAQ.kz сайтына 5 жыл!
алғашқы нұсқасының скриншоты

Сол кезінде доменін де өзім таңдап, тіркеп берген baq.kz 5 жасқа толып жатыр. 5 жыл ішінде үлкен жұмыстар жасалды, Қазнетке қаншама контент қосылды, кішкентай ғана сайт үлкен редакция болды, бірталай журналист интернет-журналистика саласына осы сайт арқылы кірді. Қазір baq.kz — қазақ тіліндегі ірі жаңалықтар сайттарының бірі. Редакцияға шығармашылық табыс тілеймін, сайтқа сапалы контент және көп оқырман тілеймін!
Бөлісу:

5 пікір

Nura
Тамаша, құтты болсын!
DinaAbdigalieva

Сіз жайлы көп дүниені білмейді екенмін. Бәрекелді! Нәтижелі еңбек!
boztorgai
жасаған адамды тауып алыңдар
мұндай жұмыстарды мемлекеттік сатып алу порталына салмаушы ма еді?!
министрліктер заңды алдымен өздері өстіп бұзады
asaubota
Казконтентке тапсырған, ал оларда жасайтын маман жоқ еді