2015 жыл. Қорытынды

Блог - Marco: 2015 жыл. Қорытынды

Жыл бұрын доллар екі еседей арзан болатын. ЭКСПО-ны дүркіретіп өткізетінімізге сенімді, 26-Ақ Олимпиада қожайыны атанудан үмітті едік. Бірақ мұнай бағасы бұл кезде барреліне 80 доллардан түсіп үлгерді. Елде өткен әлем чемпионатынан соң отандық әуесқой боксшыларға қарсылас жоқ деп көкірек кере бастадық. Ал мен темекіні бұрқыратып жүрдім.

Қазір доллар 300 теңге, мұнай 50 доллардан төмен, Ақ Олимпиада Бейжіңде, боксшылар алтынсыз. Бізге қалғаны ЭКСПО. Ал темекі… темекіні тастадым.

Кімге оңай қазір (негізі маған — темекі шекпеймін ғой)? Жағдайдың қиын болатынын Президенттен бастап, ауылдасым Үстемгенге дейін (жақында Ырғызға барып келгем) айтып жүр. Жаңағы ЭКСПО да жұрт ойлағандай қорқынышты нәрсе емес. Жоспарды дұрыс орындаса (әдеттегідей емес), ар жағындағы перспектива қуантады.

Осылай жалғастыра берсем, 2015 жылды қорытындылау үшін бір блог-пост жетпесі анық. Жалпы көп әріпті жаратпайтынымды (Чехов тірі болса, жақсы дос болар едік) білетін шығарсыз. Сондықтан әрі қарай видео сөйлесін.

Бөлісу:

9 пікір

ademi_alem
Көзіме жас келді… (((
Rozatai
жезде, рахмет! өте әсерлі екен! қуанышымыздан мұңымыз көп болыпты((( Нұрлан Қаппаров, Мұхтар Әлиев, Рахат Әлиевтер де өмірден озды((((
Marco
Балдызды керекке кіргізгеніме қуаныштымын)))
Иә, кеткендер көп негізі, көп талқынағандарын салып едім