Сәлеметсіз бе, миледи

Блог - Aya: Сәлеметсіз бе, миледи-Бикеш, кешке қандай жоспар?-деді жас жігіт. Қапсағай жауырыны мен кесек біткен тұлғасы жарасымды келген.

-Оны қайтесіз?-деп қарсы сұрақ қойған бойжеткен үлкен айнаға үңіле түсті. Толқынды қою қара шашын жұмыр иығынан асыра желпіді. Үлкендеу келген қоңырқай көздерінің оты бар. Соны өзі де сезетін тәрізді. Қасақана күлімдей қарап, жалт-жалт еткізеді.

-Сұлу қыздың не істейтіні қызық қой, әсіресе маған,-деп жөткірініп қойды жігіт, дауысын құбылта түсіп. Әуезді үнге еліткені ме бойжеткеніміз келер сәтте бар назарымен бұрылды енді. Жігітке бажайлай қарады. Албыраған сүйкімді еріндерін әнтек аша түсіп мезеттік үзіліс жасады. Бүлдіргендей шырынды еріні «мені сүйсеңші» деп тұрғандай. Сонан кейін барып қана:

-Кітап оқимын,-деп жымиды. Осы бір санаулы секундтар ішінде алдында тұрған беймәлім жігіттің арғы-бергі жағын түгендеп үлгерді. Кездесулердің уақытын да айқындап қойғандай.

-О, тамаша. Мен де кітап оқимын, әр түрлі жанрда,-деп қостады жігіт. Сөйтті де аса бір маңғаз қалыпта қалтасынан ұялы телефонын суырып, әлденелерді қарай бастады.

-Ой, мынадай телефон менде болған. Бірақ қазір басқа маркасына ауысып кеттім. Ауыспаған +77016385401 нөмірі ғана,-деп асыға сөйлеген бикеш жігітке бір қадамды оңай аттап, жанаса түсті.

-Миледи, сіздің рұқсатыңызбен телефон нөміріңізді жазып алуға рақым етіңіз,-деген ол терең қалтасынан тұтас жүздіктердің біреуін шығарып нөмірді сүйкей бастады. –Сонымен кешке қыдыра аламыз ба?

-Түнгі қаланы араласақ ше?

-Қазір көлігім жоқ еді,-деді жігіт кенет мұңайып.-Кеше ғана сатып жібердім. Міне, келісім-шарт.

-О, жо-жоқ, қажеті жоқ. Сіздің сөзіңізге сенемін ғой,-деген бикеш келісім-шарттың ирек-ирек мәтініне мұқият көз жүгіртіп жатты.-Ендеше, менің үйімде кино қарайық. Мен өзім жалғыз үш бөлмелі үйде тұрамын. Міне, мынау үйдің құжаты…

-Шамасы мынау жатын бөлме болар,-деп жорта сынықси күлген жігіт үйдің сызба планын нұсқап.

-Ал мен сізге кешке жылы тәпішке дайындап қойған болар едім,-деп сыбырлады.

-Кешке көріскенше,-деп қоштасқан жігіт қыздың белін орай құшақтап, маңдайынан иіскеді.

-Қандай мейірімді,-деп үнсіз жымиған қыздың іші қылп ете түсті. Бәлкім қуаныш, бәлкім… тағы нендей сезім қытықтап жатқанын бойжеткеннің өзі аңғармады.

Ая ӨМІРТАЙ
Бөлісу:
  • 12

7 пікір

ken
Ая ӨМІРТАЙ
Админ «бұрынғы Керекинфода Нұрғиса жариялаған» депті

Негізі орысшасын рунетте көргем. Рунетке де басқа бір тілден аударып салынған болса керек.
:)
Aya
Иә, мұны оқығам. Тіпті Гастаның анау пікірі де әлі есімде екен
asaubota
Кен — керекинфоның шырақшысы. не, қайда екенін бәрін біледі :)