Еңбектеніп тапқан "кәмпитім" демес

Блог - DinaAbdigalieva: Еңбектеніп тапқан кәмпитім демесБіздің үйде той! Бір емес екі бірдей жақсы көретін жандарымның мерекесі. Менің отбасым қаржыгерлердің мекені, анамның жолын қуған ағам да осы салада.Тек ақ қарға болып жүрген жалғыз мен ғой (оған өкінбеймін арманыма қол созып, қалаған мамандығыма оқып жүргеніме бақыттымын). Бірақ математиканы жаным сүйеді. Кішкене кезімде витамин «Ш-ға» әбден тойып, оқу жайлы естігенде жылағым келетін. 4 жылдан астам Қызылшілік деген ауылда өстім. Сонда анамның бір талабы: сабақ оқысаң, сарқыт әкелемін. Маған осы жеткілікті еді. Қолыма кәмпитті алған кезде, менен асқан бақытты бала болмайтын. :J Бүгінгі күннің балалары түсінбес, еңбектеніп тапқан «кәмпитім» демес))
Ақшаң болса қалтаңда, қызық-думан қасыңда, бірақ құмарлыққа салынбай ақша қолдың кірі екенін ескерген жөн. Ол кейде бар, кейде жоқ. Егер туысқандарыңыз қаржылық бөлімде жұмыс істесе, оларды міндетті түрде құттықтаңыз. Сізге жақын адамдарыңыз бір марқайып мәз болып қалсын! Блог - DinaAbdigalieva: Еңбектеніп тапқан кәмпитім демес
Бөлісу:

10 пікір

bake
витамин «Ш-ға» әбден тойып
Шыбын, шот, шоколад… Таптым, алақай! Шоколад деген витамин. Бала-шаға бола тұра
ақша қолдың кірі екенін ескерген жөн
деп, кеңес беріп жалықтырып жібермейсің бе? Қаржігер болмадым деп өзіңді «ақ қарға» санама "қарғалар" жанұясынан шыққан жоқсың.
DinaAbdigalieva
Ағаааай, негізі витамин Ш деген«шоколад» емес, бұл «Таяқ жеу» деген мағынаны білдіреді :J
bake
Шапалақ?
DinaAbdigalieva
Иә, иә солай айтуға да болады *lol*
bake
не деген қаталдық? қыз баланы шапалақпен тәрбиелеген…
DinaAbdigalieva
:) Ағай, мен нағыз бұзықтың бұзығы болғам. Анамның тәрбиесіне тек рақметімді ғана айтамын! :j
DinaAbdigalieva
Өлмейтін тақырыптар: махаббат, ақша, қылмыс. Енді «Ақ қарғаға» көшейік, ағай, бұл жай ғана сөз аралығында қолданғаным :j
asaubota
қаржы туралы жазатын журналист бол. қазір мұндай адамдар аз, болашақта көп ақша табасың :)
DinaAbdigalieva
:), Мақұл, болашақта көөөөөөөп ақша табуға тырысамын:J