Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал
Жоғары лига. Үлкен үзіліс. Соңғы 1/4 финалдық ойыннан кейінгі мерзімді айтам. Оның аралығында маусымға тиесілі жазғы фестиваль болғаны аян. Ол жерде жартылай финалға берілетін қосымша жолдаманы екі команда әділ түрде ұтып алған болатын: Павлодар жастар құрамасы және Сырдария құрамасы, ОҚО.
Залдан қарағаннан кейін эфирден де қараудың реті туды.
Тарих маусымы жалғасуда. Жюриде бірнеше өзгеріс. Төрт сайыс, бес команда, бес қазы.

Сәлемдесу тақырыбы — «Есте қалар өмір».
Павлодар жастар құрамасы тұңғыш рет жартылай финалға шығып отыр. Сонымен, рэп. Шіңкілдіек қыздың рэпі. «Чехов аялдамасының» актрисасын тарттырып алу үрдісі бұған дейінгі іріктеу фестивалінде орын алған еді. Ол жерде, өздеріңіз білетіндей сәтті болды.
Жалпы, драйвпен басталды. Рэптьің соңғы сөздері түсініксіз, кәдімгідей қоймалжың. ал ол керісінше боулы керек — Штирлиц айтпақшы, "Әрқашан соңғы нәрсе есте қалады".
Кіріспе: «Рубль өседі» — жай-жай әзіл, сол үшін біраз мәтінді қуып әкелгені ақтала ма?
Мұрат Әбеновтің балаларды топырлатып әкелуі — жаман емес. Өзек бар, актуал бар. Идеологиялық түйткіл айтылып қалды.
"Ұлытау" тобы — орташа. Тендерлік «Миллион кімге бұйырады» — идеясы жақсы. Осы ойын негізі біраз әзілдік маневрге мүмкіндік береді. Мен ситуацияның жалғасуын күттім. Үш түрлі көмектен кейін сұрақтардың өзіне көшу керек еді және оның сомасына қатысты қалжыңдар сығуға болар еді.
— Бірінші сұрақ 5000 теңге.
— Жо-жоқ, мен мұндай сомаға тендер ойнамайм.

Такси — қағытпалар қызық. «Экономика тұрақты». Иә саған! Шындықты айтсаңдаршы. Жалпы, соңындағы қысқартылу жайлы — қалыпты.
Аудармашыны күту — окей!:)
Команданың өзекті тақырыптарды қозғауға ұмтылатыны — құптарлық. Кода — күлкілі емес. Күлкілі болуы да жоспарланбаған. :D

Күлтегін, Астана. Вокал ақсап тұр. Флешмоб жайлы әзіл — эфирде оператордың/монтаждың нашар жұмысы. Балалардың билегенін жақыннан көрсету керек. Фронтменнің айтқан әзіліне ойнақы болса да өзі емес, қасындағылар қаттырақ күлуі керек еді. :)
Өздерін сипаттайтын бір ауыз дәстүрлі хабарламамалары — бұл да бір фишка. Маған ұнайды.
Пультті үйдегі сиуация — жақсы. Етене таныс, тұрмыста шынымен болуы мүмкін оқиғалар естелік дәмін келдіріп, өтімді көрінеді (ас қайыру миниатюрасы еске алынды). Ат тергеу де осыған жақын, тек фантазия қосылған.
Бұрынғы миниатюраның жалғасы — енді еркектің құдіреті. Хабарлау кезінде: «ОтбасыНда болған жағдай» — неге екені жайлы лексика-грамматикалық тәптіштемей-ақ қояйын.
Музыкалық радио — Бәйбектің әні құлақтан тартып алынған, әзіл тығыздығы жоқтың қасы. Жемқорлық — болады, жай-жай. Гейлер жайлы — бұл да орташа. Фишка жоқ, өңделген констатация ғана. Олимпиада жайлы жаман емес, тұздық ьбар: әлеуметтік желдегі қазақтардың тағы бір іс-шараны өткізбеуге қуанып жатқаны жайлы. Біорақ жалпы соңғы музыкалық блок — «Күлтегін» үшін әлсіз.
Кода — ойлы. Тарих маусымы, әлбетте.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал
Премьер-лиганың былтырғы чемпиондары — Жетісай. Шыққандағы әңгімесі — залдағы мәселеге орай. Өте жақсы. Колчиннің (Сок Самара) бір кездері «Сіздер реация білдірмесеңдер де болады, біз өңірлерге жұмыс жасаймыз» дегені сияқты. Өзара қағытпалар. Басынан алған қуғын стайлды соңына дейін ұстады — барлық жерде сапалы.
Тамаша сәлемдесу! Шымкентше жасап шықты. Соңғы иілгендеріне дейін.

ЖасНар, Алматы. Шығуында еш ерекшелік жоқ. Метро-трамвай — астаналық үшін таңсықтығына зіл салу, әзілдері орташа. «Жердің үстімен жүргенше жердің астымен жүрген — қауіпсіздеу» — көрерменнің дені түсінбеді, бірақ бұл команданың кемшілігі емес.
Ана бір қрылғыны маскималды пайдаланғысы келді. Бірақ күлкілі емес, шыны. Өздерін қинап, бұрынғы адам өміріндегі бір жағдайларды хит-парадтық жүйемен көрсетуге тырысты: қорытынды — сарқылған бұл ритм.
ЖасНардың қарапайым әзілдерді мыжып, өздері күлкі қосып, өткізіп жіберетініне таңғалатынмын. Бірақ кейде ол қасиет те өтпейді.
Гүл сату миниатюрасы — жақсы. :) Ең қызық нөмірі — жатақханадағы оқиға, жалпы орташа конкурста соңғы болып қоюы түсінікті.
Кода жымитты.

Альянс, Семей. Әдеттегідей вербальді-визуалды биге дайындалған. Қысқа қайырымдары жымитады, бары сол ғана.
Билері — керемт жалғаушы компонет болып тұр. Ата-аналарының шығуы орташа, ақталуы 100 пайыз емес. Алдыңғы ойындардағы «Эх, жастық шақ!» дейтін кісімен салыстырғанда.
Жаттығулар — идеясы жақсы. Зал тек соңғы Мейрамбектікін түсінген жоқ: бұған дейін әншілердің «коронный» қимылдары пайдаланылып келді де, Мейрамбекке жай ғана жаттығудың арсеналынан ырғағы сәйкесі ғана алына салынды. Сондықтан сәтті шыққан жоқ.
Брейк-данс жайлы әзіл — тамаша стеб. Дегенмен, Ұлттық КВН лигасының былтырғы маусымында осындай әзіл көрсеткен команда болды. Команда олармен байланысып, сұрап алды ма, кездейсоқтық па, білмеймін, бірақ: ең сәтті әзілдердің бірі меншік құқығы жағынан күмәнді.
Соңғы сөздері — тұздық бар. «Бірдеңе бар».

Бағалау бойынша: Жетісай бестікке ойнады деп ойлаймын. Мұрат аға, мен осылай ойлаймын.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал
Жамбы ату сайысы. Оны мынадай жүйемен бағалайын: ұнамаған әзілдер тізімі.
І айналым. Павлодардың кетуі әділ деп санаймын.
Қыздар жайлысы — дыбыстық ұқсастыққа негізделген қалжыңдар ұанамйды. Олардың депутат жайлысы жай ғана әлсіздеу.
ЖасНардың «Нұр Отан» жайлысы — құлақтан тартып алынған, зорланып шыққан әзіл.
Жетісайдың да бірінші әзілі сөздер ойынына негізделгендіктен, тереңдігі жоқ әзіл болып көрінді.

ІІ айналым. Альянстың эфирден қай әзілін қиып тастағанын ұмытып тұрмын.
ЖасНардың Әнуар жайлысы — орташа. Сондықтан бұл жолы да окей.

ІІІ айналым. Семейдің ата жайлысы — әлсіз.
Күлтегіннің асаба жайлысы да ондай мықты емес. Альянс кетті, жарайды.

ІV айналым. Әзілдер шамалас болды, мүмкін сәл басымдық Жетісайда. Бірақ үшінші әзілі — бұрын оқылғандықтан, жазалауға болар еді, оның орнына оқыған әзілі де жаман емес.
Жалпы, әділетті жеңіс, 1 ұпай — Джэтысай.

Бір әуен аясында да осы команда бастады байқауды.
Ән «кайфово». :) Ғалымжан Молданазар.
"… Иттері де сүйкімді,
Сиырлары сымбатты...". Жалпы, ұйқастары жақсы. Әзілдік толтырылуы — әлсіз, бірақ басқаларда бұдан да жаман. Сондықтан, жалпы қызық.

ЖасНар. Бәрі үміт күттірерліктей басталды: сюжеттік линия, әртістік.
Ал ары қарай — сенімсіздік, кейбір жігіттер шатасып, ұмытып, дауыстар жаңғырығып… Мысалы, Әкімдік… тұсында.
Бір қылаң берген әзілі — андай қыздар жайлы.
Идеясы — ұнады. Орындалуы үшін қатаң жазалау керек.

Альянс Семей: жымитқан тұстары бар видеоқатар.
Патриоттық сарынды пайдаланып кетуге құмар бәрі. Олай жасау үшін бұған дейінгі бөліктері күлкілі болуы керек. Сонда тиісе алмас ем.

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финалПавлодар. Ән таңдауы ұнады, ретро. Сөздері анық естілмейді, вокал орташа.
Бұл да видеоқатар — әзіл тығыздығы ұнамайды бұлардың! Бұлардың болғанда, бәрінің. 3-4 болт, тіпті әнді тоқтатып қойып, тығыңдаршы!

Күлтегін. Тарихи экскурс. Әзілі жоқ. Ностальгия бар. Сөздері анық, видеосуреттері түсінікті.
Жалпы, осы конкурстың тарихындағы ең іргелі, қайталап көретін сайыс. Музыка таңдалуы мен идеясымен ұтып тұр. Тұрақты қайталанатын сөздері есте қаларлық. Плюс — маңызды фактор: вокал адамды итермейді.

Көрініс сайысы.
Альянс Семейдің көрінісі жаман емес қой. Ойын соңында жюридегі жерлес тәтейі «Түк идея жоқ...» деп претензия айтты. Түсінбеймін, жалпы бірнеше жерде күлдірген сайыс, жиренішті, ұят нәрсесі жоқ, қосымша идеология іздеудің не керегі бар?
Болмаса, «көршіңмен тату бол», «кедейлік — айып емес», «түсігің кең болсын» — ұнатқанын таңдай беріңіз.
Орташа сайыс.

Павлодар. Аймақтың ерекшелігіне байланысты қызық сайыс. Орысша мәтін сахнадан көп болды демесеңдер, жалпы өзекті нюанстары бар көрініс.
«Не, қит етсе, рэп айта кетесің?!» — шын-ей, төртінші рэпті жүйкем көтермей қалуы мүмкін еді. Дауысы да зықымды ала бастаған :)

ЖасНар. Өзекті идеяға — қызық орындау. Бір фишканың айналасында әзіл үймелетудің шеберлері.
"Қое, бауырым, жүрегім нашар" — ең қатты күлген тұстарымның бірі.
Көрініс сайысын ойнай алатын команда.

Жетісай, бірінші фразаларынан күлдіре алған команда.
Әдеби мысқыл да қолданатын команда. Жақсы сайыс. Фантастикамен біткені болмаса, әзіл тығыздығы жоғары көрініс.

Күлтегін. Өздерінің стилі.
Бұқар — жақсы актер. :)

Жетісай сәлемдесуде де, осы сайыста да кілең 5 алуы керек болатын. :)
Жалпы, сәлемдесу мен көрініс біреуде кейін, біреуде ілгері — жап-жақсы. Ал бір әуен сайысында әзіл есту қиын, сөздерін залдан аңдау да оңай емес. Жамбы ату жарытлай финалда бұрынғы кезеңдерден тәуір.
Жартылай финалға өткен командалар — әділ түрде өтті. Жетісайдың ұпайы тіпті кем.
ЖасНарды жазалап, финалға өткізбей тастаса да дұрыс еді. Осындай тәжірибелі команда халтура қуып, әуенді сайысқа шала-шарпы қарағаны үшін. Мұрат ағаларың болып, жандарың қалды.
Павлодар — өдері үшін тым жақсы. Альянс — әркез бірдеңе жетпей қалатын, ұстыны әлсіздеу ұжым.
Жалпы, ойын жаман емес. Келесі эфирге дейін!

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал
Бөлісу:

2 пікір

asaubota
финалға алдын ала болжам жасалса деген оқырмани тлэк

және букмекерлік котировкалар да болса
BeybitKazybekov
Күлтегін мен Сырдария финалға лайықты командалар. Финалда Фавориттарға келсек. Сырдария Фора-2. Яғни 2 ұпай айырмашылығымен ұтылмайды. Жаснар қатырмайды. Сағыз, Аягөз мықты дайындалса орынға ілінуі бек мүмкін. Күлтегін осыларға қарағанда кішкене 5% болсада чемпион болуға мүмкіндік бар. Сырдария мен Күлтегін Сәлемдесуде толық 5 ұпай алады иә. Жаснар екі ұпайында 4 болады иә. Аягөз бен Сағыз екеуінің бағасы толық 9 ұпайдан асады. Әділ қазылар төселеді деп ойлаймын әсіресе Асхат. Тым қаталдық финалға керек емес. Айтпақшы қандай сайыстар болады екен финалда. Сәлемдесу мен Үй тапсырмасынан бөлек.