Шымкенттіктерге...
Жазғаным жоқ жырымды ерегеске
Түсінбеген түспесін ел егеске
Әр аймағы қазақтың бағы, бары
Қазақия Жерұйық жер емес пе!?
Ренжіткені кімнің бар Шым қаланы,
Шым қаланың ренішін кім қалады?!
Алғашқысы дер едім асылдардың,
Тізбелегін дегенде мың қаланы!
Мұным менің емес қой өтірігім,
Қасқыр жаман дейді ме бөлтірігін?!
Шымкенттік деп бөлмеймін қазақтарды,
Қызығады сол үшін көп түрігін!
Қимылдамас шөп басы жел тұрмаса,
Қазақ алғаш айқаспас, кеп ұрмаса.
Бөлмейді ғой «анжақ пен мынжақтарға»
«Шымкенттікке» алғаш боп бет ұрмаса!
Оңған бе еді елінен безген қортық!
Ондайларды орнанда езген артық!
"Қазағымсыз Шымкентім өмір сүред(і)"
Дегендерді тілінен кескен артық!
Түсінбеген түспесін ел егеске
Әр аймағы қазақтың бағы, бары
Қазақия Жерұйық жер емес пе!?
Ренжіткені кімнің бар Шым қаланы,
Шым қаланың ренішін кім қалады?!
Алғашқысы дер едім асылдардың,
Тізбелегін дегенде мың қаланы!
Мұным менің емес қой өтірігім,
Қасқыр жаман дейді ме бөлтірігін?!
Шымкенттік деп бөлмеймін қазақтарды,
Қызығады сол үшін көп түрігін!
Қимылдамас шөп басы жел тұрмаса,
Қазақ алғаш айқаспас, кеп ұрмаса.
Бөлмейді ғой «анжақ пен мынжақтарға»
«Шымкенттікке» алғаш боп бет ұрмаса!
Оңған бе еді елінен безген қортық!
Ондайларды орнанда езген артық!
"Қазағымсыз Шымкентім өмір сүред(і)"
Дегендерді тілінен кескен артық!
10 пікір