Махаббат – сезімнің биік шыңы!

Сезім – қасиетті нәрсе! Қасиетті бағалай білу қажет! Ал махаббат – ең асыл сезім! Махаббат – сезімнің биік шыңы! Ол шыңға жету үшін, біраз дүниелерді анық білу керек! Махаббат пен ғашықтық бір қарағанда екеуі бір сияқты. Бірақ, олай емес! Ғашықтық – жақсы көру, ұнату, біреуді қатты сүю! Сүю – іңкәр сезім! Оны күту, сағыну, көргің келу! Үнемі жанымда болса деп армандау! Сен – ғашықсың! Оны шексіз сүйесің! Бірақ, бұл – махаббат емес! Махаббат – бәрінен де биік, ұлы сезім! Махаббат бар жерде екі адам бір бүтін тұлғаға айналып, ажырамастай болып кетеді. Махаббатты адам сезімінің ең асқақ түрі дейміз. Бірақ сол екінің бірінде бола бермейді. Махаббат сияқты бақыт балын татып көрмегендер қаншама мына домалақ жер бетінде?
Бөлісу:

2 пікір

bake
Махаббат түрі көп, соны білесің бе?