Қыздарға жасалған сыйлықтар: Саймантас

Кез-келген ғашық қыздың кішкентай тілегі бар-ау «сыйлық алсам ба екен» деген. Менің достарымның, таныстарымның (өзімнің де) талай сыйлығымыз да кетті ғашықтарымызға немесе жақсы таныстарымызға. Сондай сыйлықтардың бір сериясымен бөліссем.
№1 – «Саймантас»

Блог - ErnarSeytahmet: Қыздарға жасалған сыйлықтар: Саймантас
Саймантас деген мына табиғаттың жаратылысы. Тас қандай «дүниеге» ұқсайтынын менсіз-ақ естіген шығарсыздар. «Сайман» деп аталуы да содан. Жанына әйелдер келіп, қолымен тасты ұстаса, үлкен қуатқа ие болады екен. Баянауылда осыдан үш жыл бұрын үш күн бойы республикалық семинар өтті. Елімізден түкпірінен жиналғандар «қазақ тілділер» мен «орыс тілділер», солтүстік пен оңтүстік боп бұйрықсыз бөлінді кешкі жиналыстарында. Алғашқы екі-үш күн қызықты өтті. Үшінші күн үйге қайтарымызда Дарын атты шымкенттік досым Қарағандының бір қызына сыйлық жасамақ болып сувенирный лавкаға бардық. Бардық та Саймантастың суреті бар магнитті алдық, еңбгімізді абыройлы орындаған жандай кейін қайттық.
Дарын досым мәз, қызға сыйлық әкелеміз деп сүйіншіледім. Қыз да мәз, сыйлық аламын деп. Мына суретті көріп байғұсымыз не жыларын, не күлерін, не «атасына» жіберерін білмей аң-таң болып қалды. Езуін тоқтатар досым жоқ, мен болсам сәл ұялып қалдым. Ал қыз бізге жымия қарап, бетімізден сүйді де сөмкесіне салып алды.
Кәдесыйдың ата-анасы көріп, не дегені жайлы тарих үн қатпай жатыр.
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
магнит емес, осындай мүсіндер жасап сату керек қой :)
ErnarSeytahmet
Әрбір андролог пен урологтың, гинекологтың кабинеттерінің жанына іліп қою керек:)
asaubota
Табиғат ананың қалжыңдары постына сұранып тұр екен
ErnarSeytahmet
Саймантастың жанында үңгір бар ма екен біліп алу керек)
merekeee
Амиго, бұлар енді сенің азғын қиялыңа ерік берген сияқты, айқын ештеңе жоқ
© satibaldi
Marco
Осының суретін салғанымда Сатыбалды әлдеқандай болып қалып еді, ұқсамайды деп.
ken
өйткені ол христиан ғой
ErnarSeytahmet
ұқсату, ұқсатпау адамның санасына байланысты. Бұрынғылар ұқсатты, біз солардың сөздеріне ердік)
ken
Атбасы, Кемпіртас дейтін де тастар бар
ErnarSeytahmet
Ақбет және т.б. тастар бар. Бұл Баянауыл себебі.
asaubota
аты неге Саймантас?