qisyq рекомендейді: 10 трек

Күзбен бірге «депресняк» ұстап қалатындар бар. Жыл мерзіміне байланбай, тұрақты түрде күйзеліске ұшырайтындар да кездеседі. Көпшілігіміз кем дегенде бір рет «ит-өмірден» түңіліп, әлдебір жаққа көшіп кетуді, ойланбай әлдебір дүниені бастап кетуді немесе бірдеңе істеп тастауды ойлап көрдік.

Әрине, мен бұл жазбаны күйзеліске ұшыраған біреу-міреуге көмек болсын деп жазып отырған жоқпын. Жай, көңіл-күйім құбыла бастағанда тыңдайтын 10 трегіммен (тірегіммен деп оқысаңыз да мағыналық тұрғыдан алыс кетпейсіз) бөліскім келді.

ТОП-қа кірмей тұрып, youtube-тағы жақсы көретін авторларымның бірі — Enjoykin жасаған мына бір роликті қарап шығыңыз дегім келеді:


Барлық видеоны барынша жақсы сапада көруге кеңес беремін.

10. Skrillex — Kyoto feat. Sirah (Original Mix)

Қаның қайнап, жер тепкілеп билегің келіп тұр ма? Себеп керек пе? Гоу, гоу, Skrillex создал!


9. Die Antwoord — Ugly boy

Әлем бұл топты «Чаппиді» көрген соң барып таныды. Ерекше стильге ие Die Antwoord клиптері маған бірден ұнады. Есерсоқ, жынды, есалаң, кеще, әумесер, әуейі, біртүрлі, есі дұрыс емес сияқты, тағы басқа қандай сөздер бар еді, міне, бұл екеуі сондай.


8. Lorde — Tennis Court

Жақсы әнші. Жақсы адам шығар. Алып бара жатқан ештеңесі жоқ секілді. Бірақ, мына клипіндегі көзі енді…


7. Ludovico Einaudi — Time Lapse

Атақты Людовико. Атақты композициясы. Артық комментарийді талап етпейді. Етсе де, бірдеңе айта алатындай…


6. Pentatonix — Daft Punk

Акапелламен айтатын бұларды бізде де біраз адам таниды. Мынау, қателеспесем, ең танымал клиптерінің бірі. Арасында аспап бар деген күмәнім әлі сейіле қойған жоқ. Шеберліктері ғой.


5. Roberta Flack — Killing Me Softly With His Song

Классика ғой. Франк Синатрадан бастап біраз адам айтқан бұл әнді. Бірақ маған жақыны осы.


4. Макс Корж — Не выдумывай

Солайымен мотивация болып кетті Шымкенттегі миникемптен кейін. asaubota , рахмет.


3. Yanni — 2006 жылғы концерт

Топтың ең атақты видеосы десе де болады. Бұл видеоны бөліп-жарып бере алмаймын, басынан аяғына дейін көру керек. Солайымен тұнып тұрған музыкалық оргазм ләззат.


2. PostmodernJukebox — Maps (Vintage 1970s Soul Maroon 5 Cover ft. Morgan James)

Қазіргі хит-әндерді түрлі ретро стильде немесе өзгедей бағыттарда қайта түрлендіретін бұл топты аса қатты жақсы көремін, каналдарынан шықпай қараймын. Сіздерге де жазылуға кеңес беремін. А, иә, айтпақшы, Морган Джеймске осы видеодан кейін ғашық болдым.


1. Enjoykin — Не унывайте, пацаны

Тағы да Enjoykin. Кім екенін білмейтін бұл адам жасаған видеолардың көпшілігі шедевр. Плейлист жасап алып, күніұзаққа көріп отыра беруге болады.


Фаст-шолу жасаған түрім ғой. Бөлісе отырыңдар жазбамен де, пікірлеріңмен де.
Бөлісу:

20 пікір

asaubota
Растаман достым, мен тагы бир олен таптым, болисем оз компыма жеткесин. Казир лаззат астындамын, бар го
merekeee
Қорқынышты әндер екен.
Уақытша ғой.
Сосын кейін керісінше жағдайдағы тректермен бөлісерсіз.
qisyq
Қорқынышты!?? :C:C:C
Сірә, бәрін тыңдамаған болып тұрсыз ғой:)))
VKM
біреуісі ұнайды, біреуісі ұнамайды. Менің подборкам өзгеше)
asaubota
қағып ал
qisyq
О, мұны білем, иә… Атмосфералық дүние.
Rozatai
Молданазар! big love :*
Zhan
6 ұнады) ал анау 9-да билеп тұрғанның футболкасындағы «Сәлем Құдай» деген жазуы қызық екен)))))))
Gastarbaiter
«Безысходность»

— Не жанр екенін білмеймін, бірақ мынау точно сол жанрдың өте жарқын туындысы, бро! Тудыратын сезімі «безысходность» деген сөзден басқа ештеңемен берілмейді. Осы тұрғыда өзіме жаңа жанрдың «Эдвард Мункын» ашқан сияқтымын.
qisyq
Еске салдың:)

Gastarbaiter
*lol* жоқ бұндай сезім емес. Әлде сау басқа басқаша қабыладана ма?
Gastarbaiter
Амиго, автотюнсыз оригиналы қайсы Топ 1 ші өлеңнің?