Қазақша дыбыстау: Спартак: "Қан мен Құм" (+18)

Киностан: Қазақша дыбыстау: Спартак: Қан мен Құм (+18)Қазақша дыбыстау болғанда, әдеттегідей, алдымен субтитрын аударған болатынмын. Осы серияның субтитрын аударып, өңдеуге, раскадровкасына бір ай уақытым кетті. Дыбыстауыма 1 сағат, ал дыбысты өңдеуіме 4 күнім кетті.
Дені түзу инструменттерім болғанда мүмкін жұмсалған килоджоуль мен уақытты үнемдеуге болар ма еді. Бірақ,"үйрену процессі " деп жұбатым жатырмын өзімді.
Сонымен,

Қолданылған софт:
Cубтитр: «Subtitle Edit»
Дыбыс: Virtual Recorder(смартфон қосымшасы), Audacity (тегін бағдарлама)
Видео өңдеу: Camtasia 8.0, Handbrake

(Барлығын интернеттен табуға болады.)

Қолданылған хард:
Acer V5 Corei7 — ноутбук пен Lenovo 536 бюджеттік смартфонының микрофоны.

Бұл фильм Рим Империясының тарихындағы ең үлкен, ең танымал ереуілдердің бірін басқарған Спартактың еркін жауынгерден құлақкесті гладиаторға айналу тарихын баяндайды.
«Спартак» топтамасы батырлар жыры сияқты лиро-эпостық мақамда баяндалған, дегенмен, жыныстық қатынас пен қантөгіс кадрларының көптігі көрерменге "+18 жас" шектеуін қоюға мәжбүрлейді.


Видео сапасын интернет жылдамдығына қарай өзгертуіңізге болады (HD- нұсқасына дейін).
Бөлісу:

15 пікір

patick
Охо!
AL-ASTER
Урра! Көріп шығуға тамаша мүмкіндік!!! :)
MERmukhanov
Сөз кезегін бұзған ауыз… :)
Gastarbaiter
Фильмның ағылшыншасында пафос пен архаизмдар кездесіп қалады, тек сөз түрінде емес, конструкция түрінде де.
«He speaks out of turn,
yet the truth falls from his mouth!»
— деген де сондай бір сөйлем түрі.
Тікелей аудармасы:

Ол кезектен тыс сөйлеп тұр, әйтсе де оның аузынан ақиқат түсіп жатыр.

Мен аударған прогада түпнұсқаның айтылу жылдамдығы мен әріптер санын есептеп береді. Аударма сол әріп санынан немесе айтылу уақытынан асып кетпеуі керек. Қырық түрлі вариацияларды айтқызып көріп, осыған тоқтаған едім. Әрбір екінші сөйлемнің әжептәуір тарихы бар негізі. Кей жерлерінде батырлар жырын оқып кеткем, эпостық конструкциялар іздеп. Сөйлем ортасындағы паузаларға да ыңғайлау керек. Очм, керемет тәжірибе. Көркем аударманы сол үшін жақсы көрем.
MERmukhanov
жо, бұл тіркес қайта ұнап отыр. Ерекше көркемдік бар.
MERmukhanov
— Бірақ менің әйелім…
— Құлдыққа кесілді. Күйеуінің көмегімен.

Күңдікке деген дұрыс шығар.
Gastarbaiter
Дұрысы — «күңдік» болады, иә. Гендері белгілі болған соң тіпті де. Осындай ловушка, подвохтар көп.
Abilakim
Барлық сезонын аударсаң керемет болар еді. Қайталап көргім келіп жүрген. Әр сериясын асыға күтемін.
zholantai
ақшасын төлеуге дайынсыз ба?
Abilakim
Сіз Гастарбайтерсіз бе? Әлде, оның сенімді өкілісіз бе?
zholantai
темадағы адаммын :)
asaubota
енді қарап шықтым. керемет! бұрын көрмеген сериалым еді, асыға күтемін келесі серияларын.

аударма және дыбыстау супер. рахмет, Гаста!
MickThatsMyNick
Аудару, дубляж оңай емес, үлкен еңбек. Даусың арқылы көңіл-күйді жеткізе білу керек. Ең қиыны актер, актрисаның келбетіне келетін дауысты табу. Бұл жағдай бүгінгі таңда өз басымнан да өтіп жатыр.))

Мысалы, актердің ызаға ерік беріп, айқайлап жатқанын дубляждау, жылау, күлу оңай емес. Ал енді соған актердің жүзіне келетін дауыстарды табу және дәлме-дәл үйлестіруді қосыңыз — қиынның қиыны.

Басқа елдерді білмим, бірақ солтүстік көршіміздің дубляжы керемет. Осыны мойындау керек. Тіпті кейде шетел фильмдерінің оригиналды дубляжы ойнап қалады қастарында. Кино көргенде дубляжды актерлердің өздері сөйлеп жатқандай қабылдасақ, онда оның сәтті шыққаны. Кинотеатрларды асырап, Голливуд фильмдеріне жиі баратынымыз да сондықтан.)
Blogshy
«Енді соғыста жүрген жоқпын ба» ))))) Еңбек. Ұнады!
RuslanBokenbaev
Қазақша аудармасы жақсы, енді 3 сезонда аударсаң жақсы болатын еді қазақша түсініп көретін