Елордада коммуналдық шаруашылық көліктері газбен жүретін болады

Астана жаңалықтары: Елордада коммуналдық шаруашылық көліктері газбен жүретін болады

Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев ГЭФ/БҰҰДБ халықаралық кеңесшісі Иржи Земанмен (Чехия) және БҰҰДБ-ның өзге де өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін сөз етті.
Кездесу барысында сарапшылар БҰҰДБ/Жаһандық экологиялық қордың негізгі миссиясы – Астана қаласының төмен көмірсутекті дамуының перспективаларын талқылауға, әсіресе, қол қойылған Шығыс — қалалар мэрлері келісімі аясында елорданы дамытуға баса назар аударды. Сонымен қатар, Астана қаласында энергиятиімділіктің аймақтық қорын құру, «Астана қаласы үшін тұрақты энергетикалық дамудың іс-қимылдар жоспарын» өзектендіру бойынша ГЭФ/БҰҰДБ қолдау көрсетутуралы ұсыныстар жасалды.
Кездесу соңында Иржи Земан муниципалиттермен тығыз жұмыс істейтінін және Астанада жүзеге асырылып жатқан нақты жобалардың бар екеніне қанағат екендігін атап өтті. Мысалы, жеке тұрғын сектордағы үйлерді газдандыру жобасының ЖСҚ (көмірден газбен жылытуға көшу) әзірлейтін инвестор бекітілді. Қазіргі таңда коммуналдық кәсіпорындардың автокөліктері газ-моторлы отынға көшіріліп жатыр, биыл 200 машина газбен жүретін болды. 2015-2016 жылдары елорданың коммуналдық шаруашылығының үш мыңға жуық көлігі газ-моторлы отынға көшірілмек. Жобаны іске асыру парникті газдардың ауаға таралуын айтарлықтай азайтады.

astana.gov.kz
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше