Өмірзая

Блог - Janasil: Өмірзая

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен түсірілген, ортасында өзіміздің Нұрберген жүрген Өмірзая сериалының толық нұсқасын қараңыздар. Біраз жыл бұрын Атырауды (елімізді) шулатқан жарылыстардың негізі қалай қаланғанын түсінесіз.

«Өмірзая» көркем фильмінде қазіргі қазақ отбасындағы дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың кесірінен болып жатқан трагедия бейнеленеді. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды насихаттайды.

Өзіме сақалдылардың басшысының рөлінде болған ақидың ойыны ұнады! Осындай шынайы өмірге жақын, тәрбиесі бар кинолар көбейе берсін.









Соңы:

Бөлісу:

12 пікір

BEKbekBEK
Керемет телехикая! Әртістері де кәсіби әртіс болмаса да өте шебер ойнай білген. Жасандылық жоқтың қасы
SaryQazaQ
Фильм ұнады. Бұрын осы тақырыпта неге кино түсірмейді екен деп ойлайтын едім. Актерлар өте шынайы ойнапты, әсіресе «бас ахи». Фильмде тек бір жақты қарамай, кейбір мәселелерді диалогтар арқылы көрсете білген.
asaubota
Фильмде тек бір жақты қарамай, кейбір мәселелерді диалогтар арқылы көрсете білген

біраз спорный сұрақтарды әдемі жеткізген диалогтар арқылы
SaryQazaQ
Ауылдағы ақсақалдың (4-бөлімнің соңында) шаңқай түсте ақшам намазына дайындалғаны ұят болды))
asaubota
енді қарап шықтым. финалы асығыстау болған сияқты. сосын диалогтарда атырауский диалог плотно ұрып тұр :)
SaryQazaQ
Келісем, финалы асығыстау. Авторлар Рахимның атасын неге өлтіріп тастады, онымен не айтқысы келді? Жеті жылдан кейін деп ертегілендіріп керек емес сияқты
SaryQazaQ
Маған сол атырауский диалог ұнады — шынайы. «Ахилардың» лексиконын айтсаңшы))
asaubota
Субханаллах, ахи! 8-)
ErNur
Қарап шықтым, Рахим таныс бала бір жерден көрдім қайдан көргенімді есіме түсіре алмай қойдым) Атырау ауыл өзен көріністерін жиірек қайталана берген, жалпы жақсы фильм.
asaubota
мен де соны қайдан көргенімді есіме түсіре алмадым :)
Tushtan
КВН-де ойнамаушы ма еді. Түрі таныс Рахимның)
MickThatsMyNick
Атырауды «Атырауивуд» қып жіберетін, Қазақфильм сол кезде оянар)) Әділ бәсекелестік арқылы кино саласы дамымақ. Қазіргі киномызда шынайылық жетіспейді, монтажға мән беріліп кеткен.