Белоруссияның Брест қаласы Астанамен серіктестік орнатуға мүдделі
Елорда әкімдігінде Астана мен Беларусия арасындағы екіжақты құрылыс және инфрақұрылым салаларын дамыту мәселелері талқыланды.
Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун Брест облысы атқарушы комитетінің төрағасы Виктор Саковскиймен кездесіп, бірқатар маңызды сұрақтар бойынша келіссөздер өткізді.
С. Хорошун Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, аталмыш кездесудің маңызды екенін атап өтті.
— Астана қаласы әкімдігі Қазақстан мен Белоруссияның ортақ жобаларына ерекше көңіл бөледі. Қазіргі уақытта МАЗ автокөлік техника зауытының құрылысы жүріп жатыр, — деді ол.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің арасындағы серіктестікті одан әрі арттыруға дайын екендіктерін мәлімдеді.
astana.gov.kz
Пікір жоқ әзірше