Көңілдестерім. Көршім Руслан

Соңғы күндердегі қарбалас әбден жалықтырып жіберді. Жұмыстың көптігінен мойын бұратын уақыт жоқ. Жүзеге аспай жатқан күрделі жобалар үшін күйіп-піскен Жәрмен бастықтың алдына бикинимен келіп, бұралаңдап билесең де назар аударар түрі жоқ:
— Әй, ерікпей, жаса жұмысыңды,-деп одан сайын түтігіп кабинетінен қуып шығуы мүмкін.
Үйге түн ауа келемін. Үйге кірместен подъезде отырып, бір шылым шегіп алатын болдым. Тағы сол әдетіме басып, сумкамнан шылым шығарып тұтатып, үйге кіреберісте отырдым. Подъезд іші қараңғы. Көршінің есіктерінен тәтті тамақтың иісі шығады, кейбіреулерінен — жүгірген балаларының дауысы, бір үйден — музыка… Барлығы бірігіп алып, менің жалғыздығымды ұқтырып, әдейі мысқылдағандай күй кешіп отырдым. Темекіні одан сайын құшырлана сордым… Тұқылын урнаға тастайын деп, орынымнан тұра бергенде оң жақтағы көршінің есігі ашылды да:
— Темекінің иісі сезілсе сенің келгеніңді біле қоямыз,-деп күлген Русланның дауысы естілді. Бұл да мені мазақтап тұрғандай. «Да, пошел ты» деген сөз ауызымнан шығып бара жатыр еді, құйрығын тістей қойдым.
— Дааа…
— Хозяйка Талдықорғанға мамасына кетіп еді, маған көмектесіп жіберші.
— Шаршап келе жатырмын.
— Ой, қорықпа, шамалы бірнәрсені қарап бересің, болды.
— Окей, қазір барамын.
Үйге кіріп, киімдерімді ауыстырып алдым да, Русланға бардым. Кір машинасын қоса алмай отыр екен.
— Міне, мынаны басасың, сосын мынаған қоясың да, мынаны баса саласың, көрдің бе?-деп түсіндіріп жатқанымды ұғып алу үшін арқамнан келіп саусақтарыма үңіліп тұр. Демінен байқап қалдым, аздап сыралатқан сияқты.
Русланды да, әйелін де жақсы танимын. Бұл үй жаңадан салынған кезде бәріміз бірге қоныстанғанбыз. Содан бері жақын араласып тұрамыз. Үйіне қонақ шақырса, мені де үнемі бірге шақырып жүреді. Бір кездері інісімен таныстырып, табыстырмақшы болған. Алғаш кездесу күні: — Қызсың ба, пәксің бе? Тек шыныңды айт!-дікеңдеген інісінің қазір тіпті атын да ұмытып қалғанмын.
Русланның қысқа шортиымнан көрініп тұрған жұмыр сандарыма қарағыштап тұрғанын байқадым да:
— Көрші, ты туда смотри. Міне, мынаны басасың,-деп кір машинасының кнопкаларын басып бердім. Ұялып қалды-ау деймін, қызарақтап күліп алды. Шығып бара жатыр едім:
— Давай, шай ішейік,-деді. Әйелі бар кезде кейде кешкі тамақты да осы үйден ішіп жүрмін ғой. Үйреншікті нәрсе. Келістім. Шай іштік. Тоңазытқыштан шарап та келді ортаға. Шаршап отыр едім. Шараптың әр жұтымы өңешті қыздырып, қан тамырларыма тарап, басыма шапты. Әйтпесе, арам ойым жоқ еді…
Күнделікті әңгімелер кетіп жатты.
— Неге күйеуге шықпайсың? Бұл да үйреншікті сұрақ.
— Опять...-дедім көзімді алартып, бұл сұрақтан жүрегім айнитындай тыжырынып.
Қарама-қарсы бетпе бет қараған екі адамның маңдайы тоғысып отыратындай тар столды ортаға алып, шарапты тауысуға айналдық. Бір кезде қолымнан ұстады. Охх… жүрегім зырқ ете түсті. Бағанадан бері ойым кіріп шықпаған құмарлық әп сәтте бойыма ойнақшып, ішім бе, әлде кіндігімнің тұсы ма, мүмкін одан да төмен жер… дыз етіп, бір жиырылып түсті. Жаныма жағып бара жатқандай, қолымды тартып алмадым. Білегімнен сипады, сосын қолын жоғары қарай — иығыма жылжытты.
Блог - Juka: Көңілдестерім. Көршім Руслан — Ты же красивая… Неужели у тебя никого нет?-деп бетіме таңдана ұзақ қарады. Руслан тектес жігіттер – менің ең әлсіз тұсым. Мәдениетті, білімді, әр сөзінен зиялылық есіп тұратын жігіттің көздері де өте ойлы. Кең иықты, көрікті. Демалыс күндері спорт киімдерін киіп жаттығу залына кетіп бара жататынын байқағанмын талай. Балалары мен әйеліне де үнемі уақыт бөліп, қыдыртып, сыйлықтар жасап жүреді. Қонақшыл, достары да көп. Бір сөзбен айтқанда, жақсы адам. Көрші тұрған 8 жылдың ішнде ешқандай артық қылығын, сөзін байқаған емеспін. Қалжыңдаса да орынымен, көп еркектер сияқты қалжыңдаудың реті осы екен деп әңгімесінің шетін көтке әкеліп тірейтіндердің қатарынан емес. Иығыма салған қолын мойыныма қарай жылжытып өзіне қарай тартты:
— Кел,-деді сыбырлап.
Ып-ыстық демі бетімді шарпып өтті. Сүйісіп кеттік. Ерініңді тістелеп, өзінің қызуқанды екенін білдіргісі келіп тұратын аш иттердей тіліңді жұлмалайтын көп жігітке қарағанда мәдениетті, сауатты сүйіседі екен. Көтеріп алып, қонақ бөлмесіндегі диванға алып келді. Еріннен бір-екі рет өбіп, содан соң бетіңе ұзақ ойланып қарайтыны тіпті әсерлі. Тура кинодағыдай… Көп айтып не керек, сол күні есімнен ауыстым, ғашық болып қалуға шақ қалдым. Таңға жақын үйге келдім де, ваннадағы жылы суда жатып алып, жаңағы түнді кері ойладым. Байыппен жасалатын әр қимылы, құшағыма сыймаған кең иықтары, ып-ыстық демі, терең тынысы… Охх, көптеген болмаған ләззат сыйлаған түн болды.
Таң кеш атады. Көше әлі қараңғы. Ешкім ояна қоймаған секілді. Ваннадан шыққан жалаңаш күйімде (!) оның есігін қайта соқтым. Ұйықтап кеткен-ау деймін. Ашпады. Денем тоңып бара жатқасын кері бұрылдым. Есігін ашты. Лезде ішке кіріп, мойынына асыла кеттім. Екі аяғымды беліне орап алдым да, сүйісті бастап жібердім. Есікті де жауып үлгердік. Тура еденге ұмар-жұмар құлай кеттік. Тағы сол ләззат қайталанды. Одеялды жамылып, ешкім көрмей тұрғанда өз үйіме кіріп кеттім. Сол күні жұмысқа бармастан күні бойы ұйықтадым. Кешке дүкенге барайын деп шықсам, Русланның әйелі келіпті, есік алдында балаларын ойнатып отыр екен.
— Мамам варенье, торт беріп жіберді. Шай ішуге жүр,-деп қоймады. Амал жоқ бардым.
Руслан диванда газет оқып отыр екен. Жүзім дуылдап қызарып, тынысым тарылып, жүрегім жиі дүрсілдеп кетті. Анау-мынауға қысыла қоймайтын бетбақ Жукаларың аяқ астынан осылай ғашық болып қалды.
Бөлісу:

30 пікір

MERmukhanov
Ооо, Жукааа!
Еее, тұмсығымды соседке салдым де… )))))))))))
анаңғара, ғашық бола алады өзі )))))
Emilia
Күттім, Оқыдым, Ұнады!
AKY
Ғашық болғаны несі((( Так не пойдет *lol*
ken
сен мұнда неғып жүрсің, саған болмайды ғой
MERmukhanov
Рейтингі азайып кетіпті ғой, неге минустайсыңдар осыншам жаһұтты? )
Juka
Енді минустайтын болсаңдар, жазатын басқа сайт тауып аламын!!!
MamaAya
Жука не ғо. Сен ойламаған жерден, кездескен еркек кіндіктімен ләззат алу немесе беру шараларына кірісу әдетіне ие екенізді жақсы түсіндім, алайда… Жазбаларың қызықты, келесі приключениенің жариялануын күтіп жүрем. Бірақ мен сұрағым келгені осы төсек қатынастарынан жүкті болып қалу мүмкіндіктерінен қорғанған немесе сақтанған кездерің туралы сөйлемдер кездеспеді. Бұл қалай? Шынында да сақтанбайсың ба әлде бір себебі бар ма?
asaubota
спираль салып алған шығар *lol*
MamaAya
тумағандарға салмайд деген пікірде едім…
ken
аналар да ойланбай итере салады екен, инфекция жұқтырудан қауыптенбестен)))
MamaAya
Ол процеске көшердегі еркекті инфекция туралы ой қаншалықты мазалайтынын білмейм, бірақ осы туған күйеуімнен көтеріп қалам ба деп атүсті кірісуге қорқатын едім. И тоо көтеріп қалдым… Қабылдамайтын бірнәрсе бар-ау шамасы, біз білмейтін, инфекциясын да, хромосомасын да.:_o
ken
И тоо көтеріп қалдым…
үшіншіні ма или екіншіні айтып отырсың ба?
Juka
Бір дос қызым болып еді… Әп-әсем анекдот айтып, күліп жатсаң: «Сосын не болды екен?» аң-таң болып сұрақ қойып кайфты быт-шыт қылатын.
Juka
Мүмкін сперманың иісі қандай болатынын да айтып беремін, а?
ken
артыңнан пергенін де айт, нақтың
kariim
Еее, неткен тағдырлар десеңші! Ұят жағдай болған екен.
Adiletshu
Даркназгүл емес пе екен
Dzhonsaken
Әйел жыныстылардан қазақ әдебиетінің эротика жанрына өз репертуарынан тың дүниелер қосып, жанрдың іргетасын алғаш қалаған Juka сенің саулығың үшін бір-екі пиялай киікотын ішіп жіберсем ба деп едім. Туындыларың керемет. Өз басыңнан өткеніне кәміл сене отырып, мұрын тартпай оқып шықтым. Саусағың суалмасын.
ken
қалайсың, тамыр. сен жазбай кеттің ғой қызық әңгімелеріңді.
Dzhonsaken
Жаман емес тамыр. Бір-екі қоқыстар дайын тұр. Енді шығарып қалатын шығармын осы дүниеде жүре тұрсақ…
KONILDI
Процессті суреттер ма еді, а?!
Gastarbaiter
Бля, ну и нақ, ондай процесс суреттеулері. Қайта осылай жақсы.
Өстіп кейіпкерлеріне, сюжет өрбуіне көбірек жарық түсіргені күшті, Артында не хикая, не тұлғасы жоқ көтті бүлкілдете бергенінен.
KONILDI
Көрер енді өзі, бәлен-түген дей алмаймын ғой. Менікі ойымды айту ғой…
Rozatai
Мәдениетті, білімді, әр сөзінен зиялылық есіп тұратын жігіттің көздері де өте ойлы. Кең иықты, көрікті.
Осындай жігітті көп қыздар армандайтын шығар.
Күшті жазылған екен, Жука! Плюс қояйын десем, уақыты өтіп кетіпті
monti
))))))))))))))) жө, бұл топты ұмытқам емек мен))))) сенің пікірің тұрған соң кеп едім))))))))))))))