Елорданың тұрғын алабында тағы бір аула клубы ашылды
Астана қаласында 5 жыл көлемінде «Аула клубтары» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде елорда аумағында бірқатар аула клубтары ашылып, жастар мен балалардың бос уақыттарын пайдалы өткізуді ұйымдастыру шаралары нәтижесін беруде.
Бүгін Астана қаласының «Мичурино» тұрғын алабында «Мирас» аула клубының салтанатты ашылуы өтті.
— Бүгін Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мичурино» тұрғын алабында жаңа аула клубы өз есігін ашып отыр. Қазірдің өзінде мұнда 200 бала тіркеліп үлгерді, — дейді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.
Бүгінгі таңда аталмыш басқарма 15 аула клубын ашып үлгерді. Мұндай клубтар жастар үшін көп функционалды мәдени-спорттық орталықтардың рөлін атқарады. Қазіргі кезде жаңа клубта бірқатар музыкалық, спорттық үйірмелер жұмысын бастап кетті.
«Мичурино» тұрғын алабында ашылған аула клубында жасөспірімдер мен балалардың бос уақыттарын тиімді өткізулері үшін барлық жағдай жасалған.
astana.gov.kz
Пікір жоқ әзірше