Бес мыңнан астам елордалық Денсаулық фестиваліне қатысады
Қыркүйектің 5-де Астана қаласында « Денсаулық фестивалі – 2015» шарасы өтеді.
Фестиваль аясында шамамен 5 мың адам қатысатын бұқаралық жаппай жүгіруден жарыс ұйымдастырылмақ. Іс-шара аясында саябақ ішінде денсаулық қалашықтары орнатылады, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары қандай да бір медициналық мәселелерін шешуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ қант диабетін және басқа да ауруларды тексеруге шұғыл тесттер өткізіледі, мұнымен қоса қан қысымын өлшеп көруге де болады. Ақпараттық-біліми материалдар таратылады, денсаулығыңыз жөнінде кеңестер беріледі.
Сонымен қатар, бұл күні саябақта спорт ұжымдары (күрес, таэквондо, каратэ, ұлттық күрес және т.б.), эстрада әртістері, көркем шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Жаппай жүгірістің жеңімпаздары салттанатты түрде дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Атап өтейік, «Денсаулық фестивалі» 1999 жылдан бері қыркүйек айының бірінші жартысында дәстүрлі түрде өтіп келеді.
Денсаулық фестивалі – халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және дәріптеу, соның ішінде дене белсенділілімен және спортпен шұғылдану, тиімді тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және өз денсаулығына деген үлкен жауапкершілікті сезіндіру болып табылады.
Осыған орай, 2015 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 11.00-де Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз залында «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен өтетін «Денсаулық фестивалі – 2015» республикалық кең ауқымды акциясын өткізуге мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.
astana.gov.kz
2 пікір