Астананың 5 үздік әлеуметтік жобасы республикалық көрмеге қатысады
Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шешімі бойынша жарияланған «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қарастыру бойынша комиссияның отырысы өтті.
Байқаудың өңірлік іріктеуіне қатысу үшін өз қызметін қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымы, заңды тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен іске асыратын 12 әлеуметтік жоба келіп түсті.
Өтінімдерді қарастыру нәтижесі бойынша комиссия республикалық көрмеге қатысу үшін 5 үздік әлеуметтік жобаланы іріктеді:
— Динаш Ауталипованың аурухана клоундары жөніндегі әлеуметтік жобасы;
— Бану Исқақованың «Жарайсың!» қазақстандық тауар маркасымен оңалту техникалық құралдарды өндіру бойынша жобасы;
— «Сенсорлы құралдардың соқырларға қолжетімділігі» жобасы;
— «Үнсіз әлем» қоғамдық қорының сурдоаударма қызметі орталығының жұмысы жөніндегі жобасы;
— Рамазан Сұлтановтың мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына, ҰОС қатысушыларына және зейнеткерлерге жөндеу жұмыстарына ақысыз көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба.
astana.gov.kz
Пікір жоқ әзірше