Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

Қазақ халқы үшін төрт түліктің ішінде жылқының алатын орны ерекше. Дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров «Жылқы – қазақтың қанаты» деп тегін айтпаса керек. Жылқыға деген сүйіспеншілігіміздің зор болуы сондай, оны «мал» емес, көбінеки «жануар» деп атаймыз. Елімізде ұлттық ат ойындары да аз емес. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық ат спорты түрлерінің дамуы қалай екенін біліп, әңгіме өрбіту үшін Өскемендегі ШҚО мамандандырылған ұлттық ат спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер мектебіне бардым. Өкінішке орай, жадырап барып, жыларман күйде қайттым...
Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

Жұма күні түскі үзіліс уақытынан кейін жоғарыда аты аталған мектепке бардым. Менің алдымнан шыққан директордың орынбасарына не үшін келгенімді айтып едім, ол:
-Сұрақтарыңның бәрін директорға қой. Ол біраздан кейін келеді, — деді. Оның «біразы» екі сағатқа созылды. Жай отырмай, керекті ақпаратты ала берейін деген ниетпен директор орынбасарының аты-жөнін сұрап, бір-екі сұрақ қойып едім, атын айтудан бас тартты. Қолыма спортшылардың командалық жарыстарда алған орындары мен аты-жөндері жазылған қағазды ұстатып:
-Ой, жазбай-ақ қойшы мені. Бұған дейінгі жетістіктерге менің үлесім жоқ. Осы жерде наурыз айынан бастап қана істеп келемін. Мен – чиновникпін. Сұрақтарың болса, директорға қой. Ол саған бәрін айтып береді, өзі осы мектептің түлегі, — деді. Оның бір емес, бірнеше мәрте сұратып, әрең айтқан аты-жөні – Руслан Сейіткужинов.

Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

Айналама қарасам, кабинетке кіріп-шығып жатқан қызметкерлердің көңіл-күйлері жоқ. Бәрі алденеге алаңдап жүрген сияқты. Директор да келді-ау әйтеуір. Өзін Данияр Оразаев деп таныстырған ол:
-Алдын ала ескертпей келдіңіз ғой, -деді.
-Сізді жұмыс уақытында жұмыста отырады деп ойладым, — дедім мен де өз ойымды білдіріп.
-Жұмыс уақыты болғанда… Мен енді бұл жердің директоры емеспін…
-Түсінбедім?
-Қыркүйек айынан бұл мектеп жабылып, «облыстық» деген статусынан айрылып, №2 Өскемен қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ғана болып қалады. Бұрын біздің мекеме облыстық спорт басқармасына қараса, бұдан былай қалалық спорт бөліміне қарайтын болады. Бұған дейін бұл мектепте оқушылар көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, бәйге, жамбы ату сияқты ұлттық спорт түрлерімен айналысқан. Ал аты өзгерген мектепте күрес, дзюдо, грек-рим күресі, акробатика, бокс сияқты спорт түрлері үйретілетін болады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың нұсқауымен, бұдан былай олимпиадалық ойындарға баса назар аударылатын болады.
Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

-Ал ұлттық ат спорты түрлері ше?
-Ұлттық ат спорты түрлері де үйретіледі. Бірақ мектеп қалалық деңгейде ғана болғандықтан, аудандағы біздің мектептің жаттықтырушыларының көбі жұмыстан қысқартылып, ұлттық ат спортымен айналысып жүрген оқушылар жаттығуларын тоқтатады.

— Осы уақытқа дейін неше жаттықтырушы болды және оның нешеуі жұмыстан қысқарады?
-1-шілдеге дейін 35 жаттықтырушы болған. Олардың 21-і қысқарып, 14-і ғана қалды. Өскемен қаласында қыз қуу, теңге алу спорт түрі бойынша бір ғана жаттықтырушы бар. Қалған 13 жаттықтырушы облыс орталығына жақын Ұлан, Жарма аудандарындағы ауылдардан Өскеменге көшіп келіп, тұрғылықты мекенжайларын ауыстырады. Ал шалғай орналасқан аудандардағы жаттықтырушылардың бәрі Өскеменге көшіп келе алмайды. Егер бюджеттен бөлінетін қаржы аз болса, қалған 14 жаттықтырушының ішінен іріктеп алып, қалғанын тағы да қысқартуымызға тура келеді. Бұрын әр жаттықтырушыға категория үшін жалақыларына қосымша ақша төленетін, бұдан былай ол да болмайды. Зейнеткерлік жасына 2-3 жыл ғана қалған жаттықтырушылар да бар. Оларға да қиын.
-Мектеп оқушылардың жағдайы не болмақ?
-Орта есеппен облыс бойынша біздің мектепте 400 оқушы болған. Олардың ат спорты түрлеріне қатысты алдағы тағдырлары не болары белгісіз… Өскемен қаласында 48 мектеп бар. Енді қалған жаттықтырушылар сол мектептерді аралап, қайтадан оқушы жинайтын болады. Бірақ өзіңіз де білесіз, қаланың компьютер алдына телмірген балаларын ат спортына баулу ауылдың ат үстіне отырып үйренген балаларын баулуға қарағанда қиын. Қиындығын қойыңызшы, қатысуға ниет білдіретін оқушылар қалада көптеп табыла ма? Дәл алдымызда орталық бассейн, оң жағымызда жекпе-жек сарайы мен Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі тұр. Орталық бассейнді салған кезде тым құрығанда оқушылар емін-еркін жүріп келе алатындай етіп жолымызды түзеп бермеді.
Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...

Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...
-Жалпы мектептеріңізде неше ат бар? Асыл тұқымды болғандықтан, оларға да ерекше күтім керек шығар?
-Мектептің 48 аты бар. 22 ат осы Өскемендегі мектепте болса, қалғаны аудандарда болатын. Енді мектеп қалалық болып өзгертілетіндіктен, барлық атты осы мектеп алаңына алып келдік. Біздегі ат тұратын қораға 22 ат қана сыяды, ал қалған 26 атқа арнайы қоршау жасап, соған қамап ұстап отырмыз. Мекемеге бір жылға 98 миллион теңге қаражат бөлініп қойған. Айтып өткен өзгерістерге байланысты 1-шілдеде сол 98 миллион теңгеден қалған 43 миллион теңге әкімдікке қайтарылды. Енді аттарға жем-шөп алатын қаражатымыз жоқ. Ұлан ауданындағы Герасимовка ауылынан қарызға жем-шөп алғанбыз. Ол да бітті. Енді алдағы уақытта не болары белгісіз. Шығыстың қысы қаншалықты қатты болатынын өзіңіз де біліп отырсыз…

Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...
Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...
22 атқа арналған атқора
Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...
Қалған 26 атты осы жерде ұстайды
Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...
Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...
Жылап тұрғандай әсер қалдырды (((
Блог - ademi_alem: Жадырап барып, жыларман күйде қайттым...
Ерекше күтім жайына қалып, жем-шөп бітіп қалғандықтан мектеп алаңында жайылып жүр...
-Бұл сұрағым ерсі болып көрінер, дегенмен… Осы жасыңызда аты дардай мекемені басқару Сіз үшін қиынға түспеді ме? (Директор Данияр Оразайұлы 1992 жылғы)
-Негізі бұл мектептің негізін қалаған – менің атам Тоқан Базарханов. Ол зейнеткерлікке шыққанан кейін осы жерге оның ұлы Серік Кәрібаев директор болып келді. Ол Астанаға кетіп, атамның ұсынысымен осы жерге мен директор болдым. Атам зейнеткер болса да, бұл істің басы-қасында болып, қолдау көрсетіп жүреді. Өзім жоғары оқу орнын дене шынықтыру мамандығы бойынша бітіргенмін. «Қыз қуу» спорт түрі бойынша 2010 жылы жастар арасында, 2011 жылы үлкендер арасында Қазақстан чемпионымын. 2014 жылдың 23-желтоқсаныннан бастап осы жердің директорымын. Басында қиын болғанмен, кейін бәрін жақсы меңгеріп кеттім.

***
Аты аталған мектептің негізін қалаған Тоқан Базархановпен телефон арқылы сөйлестік. Қазіргі орын алып жатқан жағдайға жаны күйзелген ол:
-Ұлттық ат спорты – ұлттың діңгегі. Өзіңіз қанша марапатқа ие болғанымызды көріп отырған шығарсыз. Республикалық жарыстарда үшінші орыннан түсіп көргеніміз жоқ. Аударыспақты алар болсаңыз, жоқ дегенде 3 чемпион болатын. Қыз қуудан соңғы он жыл бойы чемпион болып келеміз. Аударыспақтан Азия чемпионы бар. Осындай жетістігіміз бола тұра бізді «лақтырып» жіберді ғой. Менің жиырма жылдық еңбегімді жоққа шығарып отыр. Биліктегілер үшін ұлттық спорт түрінің қадірі жоқ. Бұл спорт мектебі облыстық емес, қалалық болды деген сөз – «Сен ешкімге керек емессің!» деген сөз! Қазір 75 жастамын. Ат спорты, еркін күрес бойынша еңбегі сіңген жаттықтырушымын. Жүрегім ауырып, шаршап біттім. Президентке дейін хат жаздық, әзірге нәтиже жоқ. Болашағымызды ойласақ, бұлай етпеуіміз керек еді… – деді.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы ат бапкері, ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырушы Сержан Омарбаев бұл туралы:
-Біз қазіргі уақытта аудандық бюджеттен қаржыландырыламыз. Ал қалған аудандардың жайы не болары белгісіз. Мысалы, мен өзім Өскеменге көшіп бара аламын. Бірақ өзім барғанмен, жаттықтырып жүрген оқушыларымның бәрі менімен бірге көшіп бара ала ма? Ұлттық спорт түрлері – біздің түп қазығымыз. Осы спорт түрлерімен айналысатындардың бәрі қалаға көшіп кетсе, не болмақ? Қалаға көшіп барған жаттықтырушылар қала мектептерінен оқушылар жинады делік, ал сонда ауылдың балалары не істейді? Облыстық мектеп жабылды деген сөз – мына ауылдағы балалар республикалық деңгейдегі жарыстарға қатыса алмайды деген сөз. Бұл қаншалықты әділ? Ауылдың балалары айналысып жүрген спорт түрін тастап, арақпен, темекімен дос болуы керек пе? Ертең облыстың құрама командасын жинағанда Республикада облыстың намысын қорғау керек боламыз. Мектеп қалалық болып қалса, біз қалай жиналамыз? Мәселе жаттықтырушының жалақысында емес. Менің жалақым 20-30 мың теңге аралығында. Ол жалақыға қарап қалған түгім жоқ. Ол 30 мың теңге оқушыға бір ертоқым алып беруден аспай қалады. Осындай жағдайда өзімді далада құр айғайлап жүрген жалаңтөс батыр сезінем… Негізі осы салада жүргеніме 24 жыл болды. Облыста ұлттық спорт түрлерінен 3-орыннан төмен алған кезіміз болған жоқ. Көкпардан 12 жыл қатарынан чемпион болдық. Соңғы бес жыл қатарынан Тарбағатай ауданы облыс бойынша ұлттық спорт түрлерінен командалық есеп бойынша бірінші орында болды. Республикалық деңгейде өткен ойындарда да жақсы нәтиже көрсетіп жүрдік. Былтыр осы ырың-жырың басталғалы біздің облыс Республикалық жарыстарда 9-орынға табан тіредік. Оған дейін 3-орыннан түспейтінбіз. Басқа облыстар ұлттық спорт түрлерін дамытуға күш салып жатса, бізде бәрі керісінше болып жатыр. Не дерімді де білмеймін… Ұлттық спорт түрлері – біздің болмысымыз. «Дамыған 30 мемлекеттің қатарына кірдік» дейміз. Кірсек, кірген шығармыз, бірақ ұлттық құндылықтарымызды ұмытпағанымыз жөн ғой!

***
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болып тұрған кезде Өскемендегі Меновное ауданындағы ипподромға осы мектептің асханасы, жататын орны, жаттығатын жері бар үлкен кешен салынатындығын айтқан екен. Өкінішке орай, ол енді құр арман күйінде ғана қалып отыр. Аты аталған мектеп О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінің тасасында, Орталық бассейннің артында, көрінбейтін жерде орналасқан. Ұлттық ат спорты ойындарының да олимпиадалық ойындардың көлеңкесінде қалып бара жатқаны өкінішті… Жоғарыда мысалға келтірілген ұлттық спорт түрлерінің анықтамасы неге жазылмаған деп ренжи көрмеңіздер, ғаламтор бетінде ол туралы ақпарат өте көп. Қызық болса, қарап аларсыздар. Ал менің көрген-білгенім, көңілге түйгенім: жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымыз бен ұлттық болмысымыздан ажырап қалмасақ игі…

Зарина Әбілмәжінова
Бөлісу:

4 пікір

bake
Әркім көрген-білгенді өз ой елегінен өткізеді. Ұлтшыл, ұлдардың ұятын ояттатын қазақтың қыздарының бірісің. Сабантой өткенде ұлттық ойындардың көрермені, ойынға қатысушыларға бірнеше жыл бойы қатарынан жанкүйер болған бозбала ретінде -ауыл ұлттық ойынның бесігі, -дегім келеді…. Одан кейін ауыл стадиондарының құлдырауын көрдім… Ұлттық ойыннан басқа жанұялық ансамбльдің концертін тамашалайтынбыз. Экономика үнемді болуы тиіс дегендей бар, қорада бір жылқыны ұстаған тиімді емес. Қайсы ауылда болсын жылқыға жуық біреу табылатын. Өнерін ақысыз-ақ көрсетеді.
Ұлттық ойынды реттеу жайлы бірер сөз. Қайсы жерде жоғарыдан төмен қарай билік бар, яғни пирамида, соғұрлым пирамида қаражатты мол сұрайды.
Ұлттық ойынға ұқсас," поло"-нын алайық. Кезінде олимпиада ойындарында болған. Қазір оны ақсүйектер ойыны ретіне көріп қаламыз. Ойын спецификасы үлкен қаражатты құюды қажетсінеді. Сондықтан ол ойынды жағдайы бары ойнайды. Бір ақсүйек екінші ақсүйектен, біздің жағдайда мемлекеттен өзіне ұнайтын ойынды ойнау үшін қаражат сұрағанын елестету өте қиын. Ұлттық спорт қаражат табу көзі десе қателеседі. Ұлттық ойынды көргісі, ойнағысы келген халықтан шыққан біреу емес, әр жерден бірнеше азамат табылса -сонда дамиды. Және олардың шығындайтын қаражаты болуы тиіс.
Сөздің тура мағынасында біздің халық үкімет арқылы қаражат табуды ойлайды. Шенің болса табысың мол болады. Шен дәрежесіне қарамайды. Тіпті жай ғана анықтама беретін ұсақ-түйек маман болсаң болғаны. Қадірің сол -еңбекпен тапқаған қаражат келсе онда сыйлысың. Нағыз патриот еңбекпен елін байытады. Патриот әл-қуатты азаматтар мол болсын. Соңғы бес-алты сөйлемді пафос әсерін берсін деген оймен жазған жоқпын. Сондықтан ойымды жеткізу үшін аналогия келтірейін, мүмкін аналогиям мәселе түбін жақсы ашпайтын шығар, дегенмен. Аналогия:
Далада табын болып жайылған ірі қараны көрген балаға:
-Ауыл етті (сүтті) өндірмейді, Ресейден ет алынады, -деп айтып көрші… Не деп жауап беретінін өзің сезіп отырған шығарсың. Шын мәнінде ет, сүт, май, сары ірімшік импорты баршылық. Ет, сүт өндіру ұлттық ойын жағдайын түсіндіретін секілді…
MERmukhanov
Негізі, мықты.
Нәтижесі төмен емес пе екен? Республика бойынша жүлде әкелмей жүрген шығар.

бірақ тақырыпты табуың мықты.
ademi_alem
Жоқ, керісінше жүлде алып келіп жүрген. Тізімдерін де берді. Республикалық, халықаралық деңгейде алдыңғы бірінші, екінші, үшінші орындар бәрі дерлік. Облыстық әкімдікке сұраухат жібергенбіз, жауабын күтудеміз.
ElzhanKairhanov
Жалпы облысымызда бірқатар спорт саласының дамуына көптеген жағдайлар жасалып жатыр ғой. Шыны керек, ат спортында белгілі кемшіліктер табылып, арты осындай жайтқа әкелуде. Мектеп директоры Даниярға бұл қызмет атасының, әкесінің мықтылығынан емес, облыста ат спорты саласында жастардың алды болғаны үшін тапсырылған еді. Соңы осындай жайтқа әкелгеніне кім кінәлі екенін уақыт және жүргізіліп жатқан жұмыстар көрсетеді. Толық деректер ресми ақпарат ретінде нақтыланғаннан кейін, автор блогына міндетті түрде табыстаймын.