Дүйсенбі несімен ерекше?

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
«Дүйсенбі» деген сөзді естіген кезде көпшілігіміздің көз алдымызға аптаның бірінші күні жұмысқа асыққан адамдар мен мектепке бара жатқан балалар елестейді. Бұл күнді «Ауыр күн» деп те атайды. Тіпті «Бұл күні қарыз берсең, шығын көп болады, ал жолға шықсаң, сәтсіздікке ұшырайсың» деген сияқты жаман ырымдар да бар. Өз басым мұндай ырымның ешбіріне сенбеймін. Не үшін сенбейтінімді дәлелдеуге тырысайын...

Аптадағы күн атауларының мағынасы
Қазақ тілі қалыптаспай тұрып қыпшақ даласында апта күндері сабат күні (сенбі), йакшанбе (йак – бір, шанбе – сенбі), душанбе (ду – екі, шанбе – сенбі), сешанбе (се – үш, шанбе — сенбі), чоршанбе (чор – төрт, шанбе – сенбі), бешшанбе (беш – бес, шанбе – сенбі), айна (жұма) деп аталған. Ал қазақ тілі қалыптасып болғаннан кейін өзінің төл сөздерінен апта күндеріне атаулар берген. Олар былай аталады: бүгін (бірінші күн), ертең (екінші күн), бүрсікүні (үшінші күн), арғыкүні (төртінші күн), ауыр күн (бесінші күн), соңғы күн (алтыншы күн), азына (жетінші күн). Бүгінде бұл сөздердің кейбірін жиі болмаса да қолданып тұрамыз.
Қазіргі уақытта апта күндері дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі деп аталады. «Жұма» арабтың «бас қосу», «жиналу» сөзінен шықса, қалған апта күндерінің атаулары парсы тілінен енген. Әр күннің соңындағы «сенбі» сөзі «күн» деген мағынаны білдіреді.

Дүйсенбі аптаның бірінші күні ме?
Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?Енді тақырыбымызға арқау болып отырған «Дүйсенбі»-ге толығырақ тоқтала кетейік. Көптеген елдердегідей, біз де дүйсенбіні аптаның бірінші күні деп қарастырамыз. Негізінде дүйсенбі араб, грек, иврит және португал тілдерінде «екінші күн» деген мағынаны білдіреді, сол себепті де бұл күн жер бетіндегі барлық елдерде аптаның бірінші күні емес. Мысалы, мұсылман елдерінде жұма, сенбі – демалыс күндері, ал жексенбі, дүйсенбі – аптаның бірінші, екінші күндері болып саналады.

Хадисте...
Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Дініміз – мұсылман болғандықтан, апта күндері туралы исламда не айтылатыны бәрімізге қызық шығар. Мәселен, дүйсенбі туралы хадисте «Бұл күн саяхат пен сауда жасайтын күн» делінген. Аптаның басқа да күндеріне қатысты хадистерді оқып, саралап көрсеңіз, мұсылман үшін күнә, жамандық жасалған күн – жаман күн, ал сауапті, игілікті іс жасаған күн – жақсы күн болып табылады. Сол себепті «Дүйсенбіде маңызды істі қолға алмаған жөн», «Дүйсенбі – ауыр күн» деген сияқты нанымдарға сенбеңіз.

Дүйсенбі туралы қызықты деректер
Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Теледидардан қызықты бағдарламалар көру, киім-кешек дүкендерін аралау, сүйіктіңізбен махаббатпен айналысу, шоколад жеу және кезекті еңбек демалысыңызды жоспарлау – дүйсенбіге деген «өшпенділігіңізді» жоюға көмектеседі.

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Африка құрлығының батысындағы Гана мемлекетінің халқы аптадағы әрбір күн өмірге келген адамның тағдырына әсер ететіндігіне сенеді. Сол себепті де жарық дүние есігін ашқан сәбилердің есімін дүниеге келген күннің атауымен атайды екен. Мысалы, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жетiншi Бас хатшысы Кофи Аннанның «Аннан» деген есімі «жұма» деген мағынаны білдірсе, «Челсидің» танымал футболисті Майкл Коджо Эссьеннің «Коджо» деген аты «дүйсенбі» деген мағынаны білдіреді. Алысқа бармай-ақ, мұндай мысалдарды өз айналамыздан да келтіре аламыз. Арамызда жүрген Дүйсенбей, Сәрсенбей, Бейсенбай, Жұматайлардың есімдері тектен текке емес, дәл осы күні өмірге келгендіктен солай аталған шығар?!

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Сенбі, жексенбіде күн тәртібі бұзылып кететіндіктен, жер бетіндегі адамдардың жартысынан көбі дүйсенбі күні ұйқыларынан әрең оянып, жұмысқа 1-2 минут болсын кешігіп барады екен.

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Әр дүйсенбі сайын адамдар шамамен 12 минут дүйсенбінің ауыр күн екендігін айтып, көңіл-күйлері түседі-мыс.

Дүйсенбі мен үшін...
Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?

Өзім істеп жүрген жұмысымды жақсы көретіндіктен болар, дүйсенбі мен үшін аптаның ең жақсы күндерінің бірі болды. «Менің өлкем» газетінде істеген бес жыл ішіндегі барлық іссапарларым дүйсенбі күні, таңғы төрт-бес шамасында басталатын. Баратын аудандарымыз шалғай орналасқандықтан және барып-қайтуымызға екі-ақ күн берілетіндіктен жолға ерте шығуымызға тура келеді. Бірақ сол үшін де қуанамын. Туған жерімнің қаншама таңын дәл осы дүйсенбі күні жол үстінде қарсы алдым. Фотоальбомымдағы көрсем көзім тоймайтын, тамсана қарай бергім келетін туған жерімнің қаншама тамаша көріністері дәл осы дүйсенбі күні суретке түсірілді! Дәл осы күні іссапар барысында қаншама қуаныш, қаншама мұң, қаншама көз жасын көрдім!.. Дәл осы күні жазатын мақалалар немесе әңгімелеріме арқау болатын көптеген кейіпкерлермен таныстым! Олардың қаншамасы менің тілекшім, досым, туысымдай болып кетті… Уақыт өткен сайын соның бәрі келмеске кеткен күндердің еншісінде қалып, көз алдымда – бұлдыр елес, ой-санамда – өшпес естелік болып қалып барады. Мен мұның бәрін неге сағынышпен еске алып отырмын? Тақырыпқа сай емес болса да айтайын, қазіргі уақытта газет редакторының міндетін атқару маған жүктелген. Өз міндетіме кіріскелі іссарапға шығуым сиреп кетті. Әрбір журналист іссапарға кеткен сайын қызыға да қызғана қараймын. Олардың кейбірі «Үсті-басымыз шаң болды, шаршадық!» деп келеді. Мен ішімнен «Қалай шаршауға болады? Туған жеріміздің тамаша жерлерін көруге, қарапайым халықтың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, қуанышы болса – бөлісіп, қайғысы болса – ортақтасып, жүріп өткен жол мен кетіп бара жатқан әрбір сәттің қадірін білуге мол мүмкіндік емес пе?!» деп ойлаймын. Журналистер іссапар барысында жазып алып келген мақалаларды оқып отырып өзім де ойша іссапарға шығып, туған жерімді аралап қайтамын… Сіздер үшін қалай екенін білмеймін, мен дүйсенбіні жақсы көрем! Сіз таңдаған жол өзгенің емес, өзіңіздің қалауыңызбен таңдаған жол болса, онда аптаның қай дүйсенбісі болсын көңіл-күйіңізді түсіре алмайды деген сенімдемін!
Ал енді төмендегі суреттерді тамашалаңыз. «Мұның дүйсенбіге не қатысы бар?» деп ойлап қалған боларсыз. Бұл дүйсенбі күндері түсірген фотосуреттерім:
Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Газетімізде Алексей ата Бочковқа көп мақала арнадық. Көкпекті мен Тарбағатай аудандарының ортасында орналасқан үйде (бұрынғы бекет) жалғыз тұратын ата «Бұл жерден ешқайда кетпеймін. Кезінде дәл өзімдей жүргізуші болып істегендерге мемлекет үй берді, ал маған берген жоқ. Қарттар үйіне барғанша, осы жерде өлгенім артық » деп айтатын. Ең ақыры белгісіз жағдайда үйі өртеніп, қарттар үйіне баруына тура келді. Қарттар үйіне орналастыру үшін құжаттарын жөндеуге кеткен бір айға жуық уақыт ол өртенген үйінен ешқайда кетпей, сол жерде түнеп жүрді.

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
«Ырғызбай әулие» кешенінің директоры Болат Құнанбайұлының жинаған асықтары елу мыңнан асты.

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Үржар ауданы, Көкөзек ауылының тұрғыны Тәттімбет Кәпұлы. Ән айтып, күй тартып, ғашықтық, батырлар жырын жатқа білетін, ұлттық спорт түрлерінің жанашыры, сегіз қырлы бір сырлы адам.

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Екеуі де мүмкіндігі шектеулі жандар. Бірі шығыстың, бірі оңтүстіктіктің тумасы. Екеуі бір-бірімен ғаламтор арқылы танысқан. Өмірде алдарынан көп кедергілер шықса да, мойымай-жасымай күресіп келеді. Бірі жол апатынан кейін екі аяғы жүрмей қалып, мүгедектер арбасына таңылса, екіншісі балалар церебиалды сал ауруына шалдыққан.
-Дәрігерлер маған бірнеше жыл бұрын «Көп өмір сүрмейсін, дайындала бер» деген еді. Ал мен әлі тірімін. Тірімін деу аз, мен өмір сүріп келемін. Өз-өзіңді аяй беруді доғарып, күресе білу керек! — дейді Зәмзияш. Ол әлі күнге дейін мүгедектер арбасына қол жеткізе алмай жүр. Қол ұшын созғысы келетін қайырымды жан болса, мархабат!

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Зайсан ауданы

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Үржар ауданы

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Қиынкеріш.

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылының кіре берісіне осы асық орнатылды.

Блог - ademi_alem: Дүйсенбі несімен ерекше?
"Қызыл ту" өткелі

Зарина Абильмажинова
Бөлісу:

20 пікір

merekeee
Ағылшыншада апта күндерін неге Сандэй, Мандэй деп бастаймыз деп жүрсем, сол екен ғой.
«Алдағы дүйсебіден бастап...» дегенді мен жиі айтам :)
malik
Ішкіштер, қомағайлар, жалқаулар үшін — дүйсенбі ерекше ауыр күн.
malik
Үйбәй-ау, анауы асық па еді?! Мен сынған құмыра деп қалдым.
ademi_alem
Қай жерін құмыраға ұқсатып отырғаныңызды түсінбедім.
malik
Қай жерін асыққа ұқсатып отырғаныңызды түсінбедім.
ademi_alem
Өмірде асық көрген жан болсаңыз, бірден ұқсатар едіңіз. ))) Құмыраға ұқсатуыңыз қисынға келмейді.
malik
Дәл ортасы үңірейген тесік асықты бірінші мәрте көріп, көзім сықиып кетті.
MERmukhanov
Ал бүгін дүйсенбі…
ademi_alem
Сәрсенбі Сіз үшін қандай күн?
MERmukhanov
Сәрсенбі??
ademi_alem
Дүйсенбі ))))) Мен бүгін біраз қуалап отырмын ))))))))
MERmukhanov
Мен Сенбі қандай екенін айтып бергем Сәнияға :)
Ал дүйсенбі — жалпы жаман емес. Жұмыстың көлеміне байланысты :)
ademi_alem
Оны оқыдым. Мен үшін сәрсенбі ауырлау күн. Газет баспаға кететін күн. Сол түні де ұйқың тыныш болмайды „газет қалай шықты екен, қате кетіп қалмады ма екен„ деп. Бейсенбіде шыққан газетт тағы бір қарап шығып „уф„ дейсің.
Boribay_Bekarys
Дұрыстап жазыңдарсиш :) :) :)
VKM
Зарина, сәлем, блогиадаға қатысып жүрсің бе? Норм,қызығып оқыдым
ademi_alem
Иә, қатысып жүрмін. Рахмет!