Екінші өтпелі кезең
«Біз 25 жасымызда»… Үлкендердің осылай басталатын әңгімесін талай естідік (тұра-тұр, соңғы кездері өзім де айтып жүрген жоқпын ба осы?). Тіпті өлеңнің өзі қаншама?! Үйткен 25, бүйткен 25, сағындырған 25, жай 25… Стоп! Сонда 26 тоқалдан туып па? Екеуінің арасы 12 ай, 365 күн ғана емес пе? Бұлай болмас. 26 жасқа неге ән арнамасқа?!
____________________________________________ДАНЫШПАН_________________________________________________________
Салыстырмалылық теориясын ойлап тапқанда Эйнштейн 26 жаста болатын (Е, несі бар, Ньютонның басына алма түскенде 23-те болған, ал Абылай 17 жасында Шарыштың басын алды дерсіз). Қызығы сол, данышпан осы жетістігінің арқасында дандайсып кетті ме, «Отызға дейін орда бұзбаған, одан кейін де қарық қылмайды», — деп тарс еткізеді. Бірақ Эйнштейн осы тұста қателескен сияқты.
Данышпандық феноменін зерттеген америкалық ғалымдар Бенджамин Джонс пен Брюс Вайнберг «данышпандық жасын» есептеп шығарды. Бұл екеуі Нобель сыйлығын алған ғалымдардың неше жасында лауреат атанғанын сараптап, 26 жас данышпандықтың бастауы деген қорытындыға келеді. Егер бұл жастан өтіп кеткен болсаңыз, күрсінбей тұра тұрыңыз. 26 тек бастауы ғана. Данышпан атанып қалуыңыз әбден мүмкін.
Неге 26 деген заңды сұрақ та туады. Бұл ретте психологияға жүгінген жөн. Ресейлік зерттеушілер Алла Болотова мен Ольга Молчанова қызықты дерек келтіреді («Психология развития и возрастная психология»). 26 жаста адамның зейіні артады. Бұл жасқа дейін адамның ойлау қабілеті мен жады әлдеқайда жылдам дамиды да, 26-дан бастап зейіннің ролі басым бола бастайды. Басқаша айтқанда «бесінші нүктесі» жыбырлауды азайтып, тұрақтылыққа бейімделеді.
Ғалияш Мажашева – психолог
Он екі жасқа дейін балалық кезең десек, он екі мен жиырма бестің арасын жастық шақ деп атаған дұрыс. Ал жиырма алтыдан отызға дейін есею кезеңі. Демек, осы, жиырма алты жастан бастап, адам өзіне қатысты іс-әрекеттерді өзі шешуге ұмтылады. Қателесуі де, бағытын табуы да тез. Дәл осы кезеңде оның айналасындағы достары мен үлгі болатын адамдардың маңызы артады.
_____________________________________________ҚАРТАЙДЫҚ____________________________________________________________________
Психологиялық өзгерістердің пайда болуына физиология да ықпал етеді. Өйткені 26 жаста адам ағзасында елеулі өзгеріс процесі – кәрілік басталады. Сүйек өсуін тоқтатты. Арнайы жаттықпаса күш те толыспайды. Көздің айналасын алғашқы әжімдер қаптай бастайды. Бұл тек басы ғана. Әрі (отызға таман) қарай көздің өзі, тіс пен зәр шығару органдарына кезек келеді.
Сексологтардың айтуынша, 26 жаста жыныстық қатынастардың шартты-физологиялық ырғағы қалыптасады. Белсенділік азаюы мүмкін, есесіне сапа артады. Соның әсері болар, шамамен 26 жаста адамдардың тұрақты жыныстық серігі пайда болады.
Ғалияш Мажашева – психолог
Бұл кезеңді психологияда тері ауыстыру деп атайды. Көне тері түсіп, жаңасы шыққаны секілді, адам жаңарады. Үйренісу сатысы басталады. Осы кезеңде, тіпті, қан айналымында да өзгерістер болады.
______________________________________________СОНЫМЕН________________________________________________________
26 жаста кәрілік туралы ойлаған біртүрлі сияқты. Алайда өмірдің шындығы сол қыс қамыңды жаз ойлауға тура келеді. Қорыта айтқанда адам 26 жаста болашаққа көз жүгіртіп, алдағы өмірін жоспарлауы тиіс. Балалық, жастық, бейқам уақыт 25 жастың еншісінде қалды. «Айхой, пайпой» деп өкінетініміз де содан.
Өзіміз де білетін ақиқат қой, бірақ, дәрігерлер ағза жасармайтынын ескертеді. 26 жас өмірді түбегейлі өзгертуге бет алатын кезең. Жоқ, бұған дейін де салауатты өмір салтының адепті болсаңыз, әңгіме жоқ. Басқаша болса, екі-үш күн қатарынан қыдыру, фаст-фуд жеп, жынды суды сіміруді мейілінше азайту керек көрінеді. Бірақ 26 жастағы ешбір азамат бұл ескертулерді қабылдамайды.
Қысқасы, 26-ға толмаған болсаңыз, біліп жүріңіз, бұл сіздің екінші және аса маңызды өтпелі кезеңіңіз. Қандай мақсат қойып, қалай қарай дамитыныңызды нақтылап алғаныңыз жөн. Ал бұл жастан асып кеткен болсаңыз да қапа болатын түгі жоқ. Басында айттым ғой, әлі де данышпан атанып қалуға мүмкіндігіңіз бар.

Менен сұхбат ала салмайсың ба))))
1989-дар!!!
25 жас — мүшел жас болған соң ерекше аталады.
25 жаста өзін бала сезінсе…