Комментатор кабинасынан репортаж

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж

Футбол комментаторлары ең көп сынға ұшырайтын мамандықтардың бірі. Команда ұтса да, ұтылса да сыналады. Біреуге дауысы, біреуге сөйдеу мәнері жақпайды. Бірақ, көпшілік олардың түрлерін, қалай жұмыс істейтіндерін білгісі келеді деп ойлаймын. Өзім де солардың қатарында едім. Сондықтан комментатор досымыз Ермұхамед Мәуленге өтініш білдіріп, Қазспорт арнасындағы бір ойынды қалай жүргізетіндерін көргім келетінін айтқан едім. Жақында сондай сәт туды, комментаторлармен бірге Ордабасы — Оқжетпес матчын қарап қайттым.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Кішкентай ғана кабинаның ішінде 2 комментатор отырады. 4 монитор тұр. Олардың екі шетіндегі мониторлар комментаторлардың интернетке кіріп, ақпарат алып отыруы үшін қойылған. Ал 2-монитор Қазспорт арнасының эфирі, ал 3-сі ойын өтіп жатқан жерден келетін сигналға арналған.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Мынау негізгі сигнал қабылдаушы орталық. Бұл жерге әлемнің түрлі жерлерінде өтіп жатқан жарыстардан сигнал келеді. Керектілері жазылып алынады, ал кей біреулері бірден эфирге кетеді.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Дыбыс реттеу орталығы. Трансляцияның дыбысы осы жерде бақыланады. Стадионда жанкүйерлер төреші туралы ойларын анайы түрде жеткізіп жататын болса, эфирдегі дауысын осы жерден баса тұруға болады ;)

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Қосалқы кабина. Кейде эфирге қонақтар келіп қалса 2 кабинадан қатар жүргізіледі немесе кей ойындарға бұл жерде алдын ала таспаға жазылады, кейін көрсету үшін.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Кейде осылай бой жазып алады комментаторлар.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Аппаратураға төгіліп кетпесін деп эфир кезінде сусындарды тек қақпағы жабылатын ыдыстан, бөтелкеден ішуге болады. Эфир 60 пайыз қазақ тілінде жүргізілуі тиіс, кей жағдайда 70.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Ойын алдында комментатор ақпарат, жаңалық жинап қояды.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Командалар құрамы жедел түрде Whatsapp арқылы келеді.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Ақпарат дайын. Эфирді бастауға болады.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Эфир басталды. Мен үнсіз отырмын, кейде тек ыммен «сөйлеп» қойып.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Ойын барысында статистикалық көрсеткіштер осылай шығып тұрады.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Эфир кезінде де интернеттен қосымша ақпарат алып отыруға болады.

Футбол, тек қана футбол!: Комментатор кабинасынан репортаж
Эфир кезінде де селфи түсе алады Ермұхамед.

Жалпы оңай шаруа емес. Кастингтер жиі болып тұрады, ал содан өтетіндер өте аз. Егер сіз де комментатор болғыңыз келсе Қазспорт арнасымен хабарласып сұрап көріңіз келесі кастинг қашан болатынын. Айтпақшы, матч басына қаламақылар өте аз, қанша екені құпия қалсын ;)
Бөлісу:

6 пікір

patick
Офф-топ: Кеше Астана ойынында комменттеу нашар жүрді. Пышылдаған артық дыбыстар қосылып кетеді, кейде комментаторлардың дауысы тұншығып, жай жетеді. Дыбыс режиссерлері кішкене мұқият қадағаласа деген тілек.
asaubota
кешегі стадионнан жасалды ау деймін
darabala
60/40 — 70/30 пайыз деп барлық қағаздар орысша жазылып тұр дейсің)))
MERmukhanov
менің комментатор болғым келед анда -санда
DaurenMalikov
Коментатор болу үшін қазақша, орысша, ағылшынша сайрап тұру қажет сияқты… Сөздік қоры болу керек (тіл байлық).
Beytanis
Меніңше, нақтылық керек секілді. Яғни, алаңда, рингте, боз кілемде, жасыл, т.б. кілемдерде болып жатқан оқиғаны нақты әсірелемей, «тым әдебилікке әуестенбей» нық-нық сөйлесе деген тілек аралас ұсынысым бар.