"Жұлдызды" қала - Байқоңыр!
Қызылорданың бүйіріндегі Байқоңыр білмейтін адам кемде кем. Ғарыш айлағының аты әлемге әйгілі. 60 жыл бұрын жер кіндігінен ұшырылатын зымырандарды құрастыратын қызметкерлерге арналып қала салынды. Көпшілік үшін жұмбақ саналатын қаланың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
Алғашында Заря кейін Ленинск аталып, 1995 жылдан бері қала Байқоңыр атауын алды.
«Жұлдызды» қалаға келген әрбір адам алдымен мұражайға бас сұғады. Біз де сол дәстүрден жаңылмадық. Мұнда төрт зал бар. Кеңес Одағы тұсындағы Байқоңырдың тарихы, сынақтан өткен зымырандар, этнографиялық дүниелер мен көрме залында тамсандыратын дүниелерге толы. Жалпы, мұражайда ғарышкерлердің киетін киімі мен ішетен тамақтарына дейін қойылған.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан осы уақытқа дейін 2500-ден астам ракета мен 1500-ге жуық ғарыштық аппараттар ұшырылған.
Әлемде ғарыш айлағы Жапония, Үндістан, Франция, АҚШ елдерінде бар. Соның ең үлкені осы «Байқоңыр» ғарыш айлағы саналады. Мұнда ұшырылатын ракеталардың көлемі де, салмағы да үлкен. Сондықтан болар мұнда зымыранның көкке көтерілгенін тамашалауға келетін туристер көп.
Жергілікті халық мына жерді «Мотовоз» деп атайды. Яғни ғарыш айлағына жұмысқа баратындар таңғы сағат 6-дан бастап осы жерге жиналып, пойызға отырады.
Бүгінде ғарышты қалада 74 382 адам тұрады. Оның 60-ы қазақстандық азаматтар. Жер көлемі 5498 га. 350 көпқабатты тұрғын үй бар.
Қалада 14 мектеп, 2 музыкалық мектеп, 3 университет, 3 арнаулы оқу орны, қалалық мәдениет үйі, 2 қалалық аурухана, 3 емхана бар.
Мектеп демекші, мұндағы 6 қазақ мектебі және 1 балабақша жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық білім беру стандартына көшетін болады.
Ал Қазақстан Үкіметі салған перзентхананы ресейліктердің балансына беру жөнінде жұмыстар жалғасып жатыр.
Қалада демалыс орындары жетерлік. Шаһардың он жылдығына арналып салынған стадион бар. Сондай-ақ, бассейн, демалыс парктері жұмыс істеп тұр.
Қаладағы ең үлкен көше Абай атымен аталады. Қазақтың бас ақынының ескерткіші де орнатылған.
Қаладағы әр бір ескерткіштің өзіндік ерекшелігі мен тарихы бар. Мәселен, мынау Байқоңырда 1960 жылы континентаралық баллистикалық Р-16 зымыранның алғаш рет сынақ ретінде ұшыру кезінде орын алған апаттан қаза болған адамдардың құрметіне қойылған ескерткіш.
Ал мынау «галактика» деп аталады. Күнді айнала орналасқан планеталар белгіленген.
Жалпы, ғарышқа байланысты қалада ескерткіш, макеттер көп.
Мына ғимаратта бұрын «Буран» ракетасы құрастырылған. Қазір «ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды.
Бір ерекшелігі мұнда әр адам басына бір талдан келеді десек те болады. Қалада 75 мыңнан астам түп ағаш бар екен. Көшелер мұнтаздай, тап-таза.
Күннің қызуы қайтуымен тұрғындар серуендеуге көшеге шығады. Басым көпшілігінің баратын жері «Источник». Яғни, дария жағасына барып, салқындап қайтады. Көшедегі су бұрқақтардың жанында балаларын ойнатады.
«Байқоңыр» Ресейге ұзақ уақытқа жалға берілген қала. «Жұлдызды» қаланың тіршілігі осындай. Қаланы мұнан әрі көріктендіріп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту бағытында жобалар жетерлік. Екі емелекет арасында арнайы бағдарлама да қабылданып, алқашқы қадамдары жасалуда. Барлығы сәтімен жүзеге асса бренд саналатын Байқоңырдың болашағы кемелдене түсері анық.

3 пікір