«Нұр Отан» елдігімізді нығайтар игі істерге қоғамды жұмылдыруға барынша ықпал етіп келеді - Бауыржан Байбек

Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирі финалының ашылуы рәсімінде сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек ұлттық спорт пен өнерге, оның ішінде көкпарға, айтысқа, аламан бәйгеге, қазақ күресіне, басқа да шараларға жүйелі қолдау көрсету бүгінде партия қызметінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.

Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: «Нұр Отан» елдігімізді нығайтар игі істерге қоғамды жұмылдыруға барынша ықпал етіп келеді - Бауыржан Байбек

«Осылардың арасында халқымыздың өршіл рухын жаһанға танытып, айбатын асырған Қазақ күресінің даму тарихы халқымыздың шежіресімен тұтасып жатыр. Ұлттық брендіміз іспетті осынау бұқаралық спорт түрімен кезінде Елбасымыз да шұғылданғаны белгілі» — деді Бауыржан Байбек.
Айта кетейік, биыл қатарынан бесінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы» турниріне еліміздің әр аймағынан іріктелген 32 балуан мен былтырғы жылғы жарыстың жеңімпазы Мұхит Тұрсынов жолдама алған болатын. Іріктеу жарысы наурыз айынан бастап, мамыр айына дейін үш кезең бойынша жүргізілді.
Ақтық жекпе-жек қорытындысы бойынша, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сыйлығын және «Қазақстан Барысы» деген атақты 2012 жылғы жеңімпаз Бейбіт Ыстыбаев осымен екінші рет иеленген.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше