«Нұр Отан» партиясы Ұлт жоспарын іске асыру бойынша 50 ұсыныс дайындады

«Нұр Отан» партиясы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс дайындады. Бұл туралы «Sarap Time» сарапшылар клубының екінші отырысы барысында «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек хабарлады.
Блог - Abylaikhan_Kalnazarov: «Нұр Отан» партиясы Ұлт жоспарын іске асыру бойынша 50 ұсыныс дайындады
«Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның XVI Съезінде жария еткен 5 институтционалдық реформасы шеңберінде, партия Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс дайындады», — деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек.
Қоғамдастықтың белсенді қатысуымен ғана Жоспарды табысты іске асыру мүмкіндігі бар. Бес институтционалдық реформаның әр қайсысы бойынша партия бірқатар заңнамалық актілерге бастамашы болмақшы.
«Барлығына арналған бүгінгі мемлекет» реформасын іске асыру шеңберінде жастардың мемлекеттік және өкілетті билік органдарының қызметіне қатысуын кеңейту, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала жұмыскерлерінің нәтижелі жұмысы үшін моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін қарастыратын заңнамалық актілерді қабылдау, мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен мүліктерін жариялау мәселелерін реттеу бойынша ұсыныстар айтылды.
Екінші реформа «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бойынша азаматтық қоғам институттарының жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған іс-шараларға қатысуы үшін ұсыныстар дайындалды.
«Тұрақты экономика» бағыты бойынша жаңа Кәсіпкерлік кодексін қабылдау жолымен мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын заңнамалық түрде қысқарту, 2020 жылға қарай бизнестің операциялық шығынын азайтуды қамтамасыз ету, 2015 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін тарату үдерісін жеңілдету, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдау және басқа да ұсыныстар айтылды.
Сонымен бірге, Қазақстанның ЖМИ рейтингіндегі және түрлі көрсеткіштер («Әдеп пен жемқорлық», «Бизнес жүргізудің жеңілдігі», «Мемлекеттік қаржыны заңсыз пайдалану», «Бейресми төлемдер мен пара») бойынша позициясын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Жүйелі негізде өзара қарым-қатынас пен қоғамдық-саяси даму мен басқа да («Болашағы бір ұлт» бағыты бойынша) түрлі тақырыптағы партияның сұхбаттасу алаңының әлеуетін пайдалануды кеңейту күшейтіледі.
Бесінші реформа «Транспарентті және есепті мемлекет» шеңберінде заңдарды қабылдау бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды. Онда ескерту тәртібі мен өзін-өзі реттеуге көшу жолымен рұқсат етудің санын 50% қысқарту қарастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру, оның ішінде сатып алу, келісім сомасы туралы ақпараттар үдерісінің ашықтығы мен жариялылығы, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» заңдарға байланысты да ұсыныстар сөз болды.
Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының әріптестігімен «SarapTime» сарапшылар клубының «Ұлт Жоспары – «Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамын іске асырудың қоғамдық механизмдері» деген тақырыптағы екінші отырысының өткенін еске саламыз.
«SarapTime» сарапшылар тобының отырысына «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев, «Абай-ақпарат» Қоғамдық Қорының вице-президенті Айдос Сарым, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов, «Стратегия» Қоғамдық Қорының президенті Гүлмира Елеуова, саясат ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы Ерлан Саиров және басқалар қатысты. Қазақстан Азаматтық Альянсының төрағасы Нұрлан Ерімбетов өткізілген іс-шараның модераторы болды.
Бүгін «Sarap Time» отырысының барысында Ұлт жоспарын өмірде іске асыру бойынша бес реформаның әр қайсысын қамтитын «Нұр Отан» партиясының 50 ұсынысы таныстырылды.

«Sarap Time» сарапшылар клубы – саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тақырыптар бойынша өзекті проблемаларды сарапшылардың талқылауы және кәсіби шешімдер мен ұсыныстарды әзірлеу үшін үнемі әрекет ететін пікір алмасу алаңы.
Клуб қазақстандық қоғамның барлық топтарының арасындағы сындарлы диалогты жақтайды. Клуб «Медиялық технологиялар орталығы» бастамасы бойынша, «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының қолдауымен құрылды. Жоба жетекшісі – Артур Нығметов, Медиялық технологиялар орталығының директоры.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше