Жоғары Оқу Орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы 10 дерек

2014 жылы «Нұр Отан» партиясының «StopҚылмыс» жобасы аясында «Жас Отан» Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында «Таза сессия» атты акция өткізді. Акция барысында 26/05 — 10/06 аралығында еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларындағы студенттердің қатысуымен аноним сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша қатысушылардың 90 пайызы ЖОО-да жемқорлықпен таныс екендерін айтқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша партия 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына Жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жария рейтингін шығарып отыру енгізілді.

Антикоррупция: Жоғары Оқу Орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы 10 дерек

Сауалнамаға еліміздің 62 ЖОО-нан 1200 адам қатысты. Оның 47% еркек, 53% әйел жынысты.

Сауалнамаға қатысушылардың орташа жасы 20 жас. Қатысушылардың 93,4% бакалавриатта, 5,2% — магистратурада, 1,4% — докторантурада білім алады.

Респонденттердің 40% грантта, ал 60% коммерциялық негізде оқиды.

Бір ЖОО-да 12 мың теңгеге бір сабақты шешуге болатын болса, кейбір ЖОО-да бұл сомаға сессияны түгелімен жабуға болады.

Жалпы, республика бойынша сессияны тапсырудың орташа құны 29 000 теңге. Бір сабақ бойынша проблеманы шешу құны шамамен 5000 теңге.

Курстық жұмысты сатып алудың орташа бағасы шамамен 13 000 теңгені құрайды. Ал ең арзан нұсқалары 2000-3000 теңгеден сатылады.

Республика бойынша дипломдық жұмыстардың орташа бағасы 60 000 теңге. Ең арзандарын 30 000 теңгеге сатып алуға болады. Басқа қаладан келгендер үшін жатақханадан орын алу көкейтесті мәселе. Бұл проблеманы шешудің құны орташа есеппен 15 000 теңгені құрады.

ЖОО-дағы парақорлықтың тағы бір түрі ақылы негізден грант бөліміне ауысу. Білім алудың ақылы формасынан грантқа ауысудың құны 500 000, кей аймақтарда бұл сома 100 000 теңгені құрайды. Орташа есеппен грантқа ауысу құны 250 000 теңге.

Парақорлықтың тағы бір кең тараған түрі – әскери кафедраға түсу және оқу. Бұл үшін орташа есеппен 500 000 теңге төлеуіңіз қажет.

Студенттердің пікірінше ЖОО жемқорлықтың негізгі себептері:
  • студенттердің оқуға қызығушылығының болмауы (20,8%);
  • бақылаудың болмауы (18,3%);
  • оқытушылар құрамының жалақысының төмендігі (17,3%);
  • кәсіпқойлық деңгейінің төмендігі (12,6%)

Жемқорлық негізінен мына кезеңдерде кездеседі:
  • рейтинг және емтихандар кезінде (21,1%);
  • сабаққа қатыспау (9,4%);
  • курстық және дипломдық жұмыстарды тапсыру (6,4%).

P.S. Аталған акция дәстүрлі түрде биылғы жылы да өз жалғасын тауып, барлық аймақтардың оқу орындарында өткізіліп, қазіргі таңда деректер өңделу үстінде.
Бөлісу:
  • 16

14 пікір

Sebastian
Алтын белгілерін "қорғап" алғандар үшін пайдалы инфографика екен
Marco
90 процент коррупциямен таныс. Оның он проценті болашақта коррупционер болды дегеннің өзінде. Ом мане(
zholantai
он проценті нес, қолында мүмкіндігі бар болса кемі 40-50 пайызы болад
MickThatsMyNick
Универ-институттарда 4-5 жыл бойы ақылы оқып жүргенше, бірден сол ақшаны ықпалды біреуге ұсынып, дипломынды күткенге не жетсін?! Коррупция деген үнемдеу, ал үнемдеу капитализм заманының басты мақсаты. МАИ тоқтатса да, ірі көлемде айыппұл салғанша парамен құтыла саласың үнемдеп. Екі жаққа да тиімді болғандықтан, бұның түбін кесуге 180 градусқа айналған заң керек. Бірақ ол кезде халық білімді және білімсіз болып екіге бөлінеді, анық теңсіздік басталады дегендей. Шетелде оқығысы келмейтіндерді қинамайды екен. Бізде бұзауша тартады ғо.
e_zhalgas
инфографика әдемі жасалыпты. ары-бері экранды скроллинг жасасаң, жыбыр-жыбыр етіп тұрады :)
универде жүргенде бүкіл группадан ақша жинап бермесең, жағдайымыз мүшкіл болады деген оқытушылар да кездескен.
сондықтан, жемқорлық туралы хабардарлар 90 процент екеніне сенімдімін.
қалған 10 проценті сол уақытта оқуға келмей қалғандар шығар :)
asaubota
инфографиканы жасауға біраз уақытым кетті :)
AKY
Мен неге байып кетпей жүрмін мынадай көрсеткіштермен ;)
Ispek92
Студенттік кездер еске түсті, кеше ғана бітірсек те, бізде дене шынықтыру сабағына да ақша беріп жапқандар болды… Бірақ ең арзан баға сол сабақ тұғын.
MERmukhanov
Пара беріп көрмедім бір де бір рет. Бірақ студент кезде бір рет тестің ксерокопиясына деп 500 тг-ден жинағанбыз. сол жанама пара-ау деп ойладым…
asaubota
Түркияда студент кезімде егер пара беруге намек тастағанның өзі айып. ең жеңіл жаза — 6 айға оқудан шығару. ешкім бата алмайтын. мұғалімдердің жалақылары да жақсы, универде оқытушы деген де үлкен абыройлы жұмыс, оған қоса түрік патриотизмі бар, Отанға дайын емес маман шығармайды. мықты ұстаным, иә?
BalausaOspan
Ендi ең көп, жоғары алатын университеттердiң тiзiмiн шығару керек.
rakisheva
Бұрын университетте "Әлем әдебиеті" деген пән болатын өзім жақсыыы көретінмін сол сабақты. Точнее группада екі-үш қыз ғана жақсыыы көретінбіз сол сабақты. Ал қалғандары ұнатпайтын. Содан мұғалімге пара берсе бәріне жоғарғы бал қойып береді дегенді біреуден естіген «группа белсенділері» бәрін ақша жинауға көндіріп (біз жақсы оқысақта көштен қалмайық деп келісімімізді бердік амал жоқ...), апайға кіреді. Сөйтсе апайымыз пара алмайды екен :) Ұрсып қуып жіберіпті… Бірақ сессия кезінде бәріне 3 қойды. Сол оқиғаға дейін 5 алып жүрген бірнеше қызға ғана бағасын 4-ке түсіріп тастағаны бар еді…
esilerkesy
Қай ЖОО-да оқитынымды айтсам, елдің бәәәәрі «сендерде пара көп береді дейді ғой. Сол рас па?» дегендей сұрақтарды жаудырады. Екі жыл ішінде әлі пара беріп көргем жоқ. Бірақ, қалай болатынын көргім келеді)