Ахуйн (Иосиф Бродскийдің туған күніне)

Менде бір керемет сюжет бар...: Ахуйн (Иосиф Бродскийдің туған күніне)

Ақынның, хершірерсіздер, ендігәрі — ахуйн десек дәлірек болар, ішкеніне үшінші апта. Әйелінің өтінішімен — онымен бірге ішіп, өмірге құштарлығын арттыруға кіріп шықпаққа әлгі жерімді будым.

Ішімнен сыбап келе жатырмын. «Дарабоз ахуйнымыз!», «ауданымыздан шыққан жалғыз қасқа!» деген атақ пен ат-шапанға малданып, облыс орталығына көшті де кетті. Дос ретінде лібәдқа бірнеше рет ескерттім:

— Ептібайымайдтың ғана баласы! «Орта жоқ!» деп қыртуды қайдан шығарып алғансың? «Орта жоқ!» деп Бродский де айтпаған шығар! Қал осы ауданда! Жылда кітабың шығып тұрады, жаман ба? Ауданда саған балама жоқ. Әлі де шығарады. Мәдениеттің әдебиет бағытында тап сен сияқты тиын істеп жатқан адам жоқ бұл ауданда. Қалаға барғасын тасағымды бітіресің бе? Сен сияқты мүсәпірлер көп. Шынын айтқанда, өлеңдеріңді туынды деу қиындау. Қалада генийлердің көптігі сонша, топас адам кездестірсем деп армандайсың!..

Тыңдамады. Қалаға тайып тұрды. Бара сала ақ бұлттан жасап алған әлемі ғайып болды. Кітап шығармақ түгілі, рулық-тайпалық мәдениет жүйесінде мақаласын шығару мұң болды. Бірақ маркісін түсіргісі келмеді. Қаладағы жерлестер мұғалімдік, аула сыпырушылық, ет шабушылық сияқты тым жақсы жұмыстар ұсынып еді, оны қорлық санады. Ашетері, әйелінің ойбайымен барлық жерінің жүні жығылған күйі ауданға қайтып келді.

Ал бұл кезде ауданда жаңа ақынның жұлдызы жанып жатқан болатын. 11 сынып оқушысы Айқуат Сапарбек жергілікті мәндегі өлеңдерді бұрқыратып жатты. Тіпті қазанама шығару және құлпытасқа төрт шумақ шығару нарығындағы белді ойыншыға айналды. Менің досым болса, әркімге бір жәутеңдеп еді, хуйлық кешегі батырын ұмытқан екен. Ешкім пысқырмады да…

— Неге, айтшы Сатыкен, неге! — деп өкіреді ол маған, бұрын мен көңілі үшін сатып алып кеткен кітабының бесеуін қабырғаға лақтырып, — неге?

— Немене неге? Айтпадым ба саған? — деймін мен де жынданып.

— Неге мен сияқты бейбақ көз майын тауысып дастан жазғанымен, есімі есік алдына шықпай жатып ұмытылады? Ал қайдағы атыраулық біреу «фамана жомана фамана флэк!» дей салады да, халықтың сүйіспеншілігіне бөлінеді, онымен Жеменей қол алысады? А?!

— Оның құпиясы жоқ. Оның шын көңілден айтқаны сияқты, сен де шын жүректен жаза алсаң, бұлай болмас еді… Бастапқы кезде өлең деуге болғанымен, кейін тақпақ жазып кеткенің рас қой… — дедім мен.

Басқа не дейін, ептібайымайдтың???
Бөлісу:

5 пікір

Rozatai
«фамана жомана фамана флэк!»
жырқылдап бір күлейін десем, неге менде смайлик шықпай тұр???
Ақынға обал болыпты. Біздің қоғам тағы бір ардақты ақынынан тірідей айрылғаны өкінішті, көкірегім қарс айрылып отыр (жылаған смайл)
Rozatai
Дер кезінде дұрыстап кеңес бермеген, пойызға мініп бара жатқан жерінен түсіріп алып қалмаған сіз кінәлісіз, Сатыбалды!
merekeee
Меніңше ол орнын басқа біреу басқанына, оны ұмытқанына күйінбейді, «Кезінде кетіп қап еді, түк бітірмей қайтып кепті» деген сөзден қорқады. Плюс, достары «Айттым ғой саған, өз обалың, анау-мынау» деп отырса )
«Псевдоним» деген бар, стиліне өзгеріс енгізіп, қайта оралып көрсін де.
AL-ASTER
Қасқа ахуйнның ақыры келген екен, нақтың :v :v :v
ersin2010
Әңгіменің түйіні күшті екен: «фамана жомана фамана флэк!» уа-ха-ха!