Атеист айтады

— Құдайдан, тозақтан қорықпайсың. Жамандық жасаудан не тежейді?
— Инстинкт. Ешкім қоғамнан шетте қалғысы келмейді. Ал кейбір нәрселер үшін, мысалы адам өлтірген үшін, ұрлық жасаған үшін адамдар қудалайды. Сыртқа тебеді. Адам жалпы қоғамдық жануар ғой. Сол жалғыздықтың қорқынышы бізді ұстайды. Адам өлтіруден, ұрылықтан, девиациядан қорғайды. Құдай емес.
— Сауап жинаймын деп әуре болмайсың, сонда да жақсылық жасайсың ба ?
— Альтруизм. Мысалы мен адаммын. Мен басқа адамдардың өмір сүруіне мүдделімін. Себебі эволюция солай жұмыс істейді. Сондықтан да менің ішімде сондай альтруистік, мынау менің бауырым деген инстинкт бар. Құдай үшін жасамаймын, адамзат өмір сүру үшін жасаймын.
-Сеніңше өлімнен кейін өмір жоқ па?
— Жоқ.
— Рух қайда кетеді?
— Рух жоқ. Рух дегеніміз мына адамның миындағы нейрондар. Адам өлеген кезде нейрондар да өледі. Рух жоғалып кетеді.
Дін өмірді жеңілдетпейді, ойланған адамға. Үнемі ананы, мынаны ойлай бересің. Ислам дінінде «Би ля қаиф» сұрақ қойма, деген нәрсе бар. Сұрақпен тергей бергенде «Би ля қаиф», сұрақ қойма, деп айтады. Сонда ғана сен нағыз мұсылман бола аласың, дейді. Мен сол жерін жек көремін. Себебі ешқандай да нәрседе сұрақ қойма, деп айтуға болмайды адамға.
— Осындай пікір қалыптастыруыңа қандай факторлар әсер етті?
— Оқыған кітаптарым, көрген киноларым, сөйлескен адамдарым. Осының бәрі.
— Ал нақты қайсы?
— Жоқ, енді мен айта алмаймын дәл осы кітаптың осы сөйлемін оқи қалдым да әрі қарай Құдайға сенбей қалдым деп. Белгілі-бір мезетте ойлана бастайсың неге?, деп. Мен бұл өмірде бар болғаны бір 70 жыл өмір сүремін. Соның ішінде түкке тұрмайтын күнәлар жасаймын. Неге мен сол үшін мәңгі бақи тозақта жануым керек? Немесе, егер менің тағдырымда мұның бәрі жазылып қойған болса, осындай күнәлар жасайтыным. Онда неге мен оған жауап беруім керек? Содан тереңдеп-тереңдеп әрі қарай белгілі бір мезетте шешімі жоқ сұрақтар тым көп болып кетеді. Содан кейін бәрін тастауға тура келеді.
Блог - IShyrak: Атеист айтады
— «Дінтану» мамандығында оқитындар арасында сауалнама жасалды. Сонда қазақ группасында оқитындардың бәрі Құдайға сенген, дінді берік ұстанған болып шықты. Ал орыс тобында оқитындардың дені атеистер. Сондағысы анау да, мынау да қазақ. Философияға тереңдегендер сенбейді. Сондықтан Исламда философиямен айналысуға болмайды. Тыйым салынған. Өйткені философияға тереңдеген адам Құдайға күмән келтіре бастайды.
— Әль-Фараби ше?
— Әль-Фарабиді бүкіл мұсылман қауымы сыртқа тепкен. «Сен шын мұсылман емессің», деп қудалаған. Ол «Құдай мен жаратылыс бір. Құдай жаратылысты жаратқан кезде өзін-өзі жаратты. Сонда белгілі бір мезетте Құдай басталды. Оған дейін Құдай болған жоқ», дегенді ұстанған. Бірақ Исламда Құдай мәңгі ғой. Оның басы жоқ, соңы жоқ. Негізі дінтанушылардың барлығы атеист болу керек. Өйткені діннің бәріне объективті түрде қарау керек.
— Үміт, жақсылыққа сенім қайдан келеді саған?
— Үміт жоспарлардан келеді. Жақсылыққа сенім жақсы адамдардан келеді.
— Өмірдің мәні неде?
— Мәні жоқ. Ғаламда секунд сайын болып жатқан кездейсоқтықтардың біреуінің нәтижесінде дүниеге келеміз. Басқа бір кездейсоқтықтан өлеміз. Сол екі аралықта, сол кездейсоқтықтардың сұлулығын түсіне білсе, өмір қызықты өтеді.

P.S. Атеист десе қанішер қылмыскер, безбашенный образ жизнимен өмір сүретін, айналасына үнемі қиянат келтіретін адам елестейтін. Сөйтсем пәлсапалық, ғылыми кітаптарды көп оқып қойған адам атеист болып кетеді екен ғой. Кітап оқыған қауіпті ма, деп қалдым) «Құдайдан қорықпағаннан қорық», дейді ғой данышпандар. Бірақ олар құбыжық емес сияқты))

Мынандай парақша бар екен vk.com/ateizmiotvetislama

Беседа құрған Жалғас Ертай емес) Единомышленники екен, ә?))
Бөлісу:

14 пікір

e_zhalgas
негізі, атеизмді де дін деп санаймын.
бірақ, жанның жоқтығы, құдайдың адам ойлап тапқан нәрсе екені — шын. тут твой собеседник прав :)
AKY
Әркімнің өз сенімі бар. Қатты қиналғанда немесе қуанғанда құдайшыл болып кетемін :)
MamaAya
Философия ғылымына қызықпағаныма, аж қақпайтыныма шүкір! Аллаға сенем, Меніңше: Ол- Бар, Ол-Жалғыз, Ол-Мәңгілік!
merekeee
егер менің тағдырымда мұның бәрі жазылып қойған болса, осындай күнәлар жасайтыным. Онда неге мен оған жауап беруім керек?
Маған былай түсіндіріп еді: «Жұма — мүбәрак!» деп мешітке барасың ба, «Пятница, ура!» деп клубқа кетесің бе, ол — сенің өз қалауыңа берілген әрекет, ал «әрекетіңе қарай берекет»!
MickThatsMyNick
Дінге сенім деген күнәһарлардың іштей жеңілденуі, күнәсі аздардың шүкіршілігі, «реальный отморозоктар»ды тежейтін, оларды балаша қорқытатын дүние. Пайдасы көп қарап отсақ. Ал егер, бүкіл әлем атеист болып кетсе, онда күнәлардың көбі, белгілі бір мәдениет, заң, этикет шеңберінде жасалып нормаға қалыптасып кететін шығар. Онда да, діннен емес, заңнан қорыққаннан. Бірақ заңдағылар да атеист болады ғо. Жүйе түгелдей өзгереді. Адамзат қалауының тұрақсыздығын ескерсек, өз қалауында осыншама мерзім тұру, содан кейін жаңа таңдау жасау дегендей заңдар пайда болмасына кім кепіл?! Батыс әлемі қанша жерден Оу май Чизіс десе де, атеизмге жақын ғо. Кез келген шектеуді, тыйымды, стереотипті, мифті жойғысы келеді де тұрады. Соңғы мысалы карикатура. Өнертабыстары мен ғылымы ілгері дамулары да содан ба деп ойлайсың. «Дамып» кеткендері соншалық, халқы дәстүрден тыс қарым-қатынасқа көзқарасты өзгертіп жатыр. Яғни сұлулық, нәзіктік, батылдық, салақтық, т.б. ерге де әйелге де ортақ дүние, біз сол қасиеттерді бойға сіңіретін жай ғана биологиялық формамыз дегендей көзқарас. Жақсы да, жаман да адам болмайды, бәрі уақытша деген тұжырым.

Дүниеге көзді кеңірек ашып қарасаң, қара тұңғиықтағы химиялық элементтердің реакциясы Жердің, ондағы фауна мен флораның пайда болуына әкелді. Қалып тұрған сұрақ бұл реакция кездейсоқтық па, әлде біреудің жоспары ма… Біз системаны түсіне алмай келеміз. Яғни бұл біреудің тыйымы ма? деген сұрақ туындайды тағы. Бізден де кіші нәрселер болса, бізден бірнеше миллион есе үлкен жаратылыстардың да бар болғаны ғо. Әлде, біреудің ішіндегі жай ғана микроппыз ба, ал Күн секілді жұлдыздар жай ғана атом болып шықса, масштабтың шексіздігі… Ойй, айта берсең көп, іхіі-і… айтуға оңай.

ҚР Ой қуу ғылымы министрлігінің қызметкері.
zholantai
Ислам дінінде «Би ля қаиф» сұрақ қойма, деген нәрсе бар. Сұрақпен тергей бергенде «Би ля қаиф», сұрақ қойма, деп айтады. Сонда ғана сен нағыз мұсылман бола аласың, дейді. Мен сол жерін жек көремін. Себебі ешқандай да нәрседе сұрақ қойма, деп айтуға болмайды адамға.

уот, дұрыс айтады
сұрақ қоюға тыйым салу — күмәнді жиілетеді,
ал, сұраққа жауап бермей, сұраққа дау айту — тіпті бездіреді
KONILDI
Ислам дінінде «Би ля қаиф» сұрақ қойма, деген нәрсе бар

Әль-Фарабиді бүкіл мұсылман қауымы сыртқа тепкен. «Сен шын мұсылман емессің», деп қудалаған. Ол «Құдай мен жаратылыс бір. Құдай жаратылысты жаратқан кезде өзін-өзі жаратты. Сонда белгілі бір мезетте Құдай басталды. Оған дейін Құдай болған жоқ», дегенді ұсатнған

Именно қай жерде жазылған екен осы айталғандар?! Кез-келген нәрсеге нақты факт керек
IShyrak
Когда Коран и некоторые хадисы представляют божество в антропоморфной форме (Аллах обладает руками, лицом, восседает на Троне и т.д.), мутазилиты рассматривают это как метафоры. Рука метафорически означает могущество, лицо — сущность; восседание на Троне является метафорическим образом царства божия и т.д. Для буквалистов эти образы обладают конкретной реальностью феноменов. Ашари согласен с буквалистами в возможности реально приписывать эти атрибуты Богу, но предостерегает против их принятия на веру в материально-физическом смысле. Он считал, что мусульманин должен верить в то, что у Бога действительно есть руки и лицо, но «не спрашивая как». Это и есть знаменитая би-ла кайфа или вера, не подтверждаемая разумом. Короче говоря, мутазилиты говорили о посредствующих метафорах, Ашари же попытался столкнуть разум и веру лицом к лицу. История исламской философии. Авторы: Анри Корбен
IShyrak
Против перипатетизма во второй половине XI в. выступил Аль-Газали (1059—1111) с сочинением «Опровержение философов». В основном его критика направлена против Аль-Фараби и Ибн-Сины. Он ополчается против учения о вечности мира и его закономерности, против отрицания индивидуального бессмертия. Согласно Газали, мир сотворен богом из ничего, божественное провидение постоянно вмешивается в ход вещей. Подобно Ашари Газали отрицает причинность в природе, заявляя, что то, что мы называем причинной связью, есть привычная последовательность событий во времени.
С середины XII в., когда религиозная реакция начала особенно свирепствовать, научно-философская жизнь затухает на востоке арабского мира.
Краткий очерк истории философии
Под ред. М. Т. Иовчука, Т. И. Ойзермана, И. Я. Щипанова.
Serzha
Бір жерде оқығам, құдайға, тылсым күштерге сену адам санасының ақауынан, кемшілігінен туындайды. Адамның санасы әр нәрсе мен құбылыстың негізігін, пайда болуын білгісі келеді. Ежелгі адамдар жер сілкінгенде, найзағай ойнағанда, аржағында құдай не басқа да тылсым күштер тұрғанына сенген. Біртіндеп білім мен ғылым ондайды жоқ қылады.
OzgerishanToylbay
Кішкентай балаларды жыл «бойы тәртіпті болып жүрсең, жаңа жылда аяз ата сыйлық әкеп береді» – деп алдайды. Яғни жамандық жасамасаң белгілібір уақыттан кейін ғажайып күш иесінін си-сияпат аласың. Ал дін ше? Дәл солай істейді ғой. Күнә жасамасаң жұмаққа кіресің дейді. Олай болса, діннің аяз атаға сенуден түпкілікті айырмашылаға қайда? Айырмашылық тек масшабта ғана ғой. Онда не үшін адамдар құдайға сенеді де аяз атаға сенбейді. Екеуінің бар не жоқ болу мүмкіндігі тең екен ғой. Сондықтан, «құдай – үлкендерге арналған аяз ата» деп ойлаймын. Яғни ол жоқ.