Ай қандай тұнық
Ай қандай тұнық!
Тербейді бұлтсыз аспанды,
Құлайды құздан, аймалап өтіп асқарды.
Сәулесіне шомылтып әсем даланы,
Сөндіріп солай жамырап жатқан оттарды.
Ай қандай тұнық!
Несіне сонша асықты,
Сәулесі сүйген Айна көл қандай бақытты.
Тосуға, сірә, батылы жетпес ешкімнің,
Күллі әлемді жаулаған аппақ жаҺұтты!
Сылдырап бұлақ ішіне жұтты дауысын,
Сыбырлап талдар бөлісіп жатыр табысын.
Ай қандай тұнық,
Отырмын көлдің бойында,
Қолымда сары мұңға толы күнделік,
Көптен жазбаған өлеңім!
Үлбіреп самал, бұзғысы келмей тынысты,
Күзетті әлем сырғып баратқан күмісті.
Күткендей соны естілді кенет бір дыбыс,
Бұзылды солай тыныштық…
Тербейді бұлтсыз аспанды,
Құлайды құздан, аймалап өтіп асқарды.
Сәулесіне шомылтып әсем даланы,
Сөндіріп солай жамырап жатқан оттарды.
Ай қандай тұнық!
Несіне сонша асықты,
Сәулесі сүйген Айна көл қандай бақытты.
Тосуға, сірә, батылы жетпес ешкімнің,
Күллі әлемді жаулаған аппақ жаҺұтты!
Сылдырап бұлақ ішіне жұтты дауысын,
Сыбырлап талдар бөлісіп жатыр табысын.
Ай қандай тұнық,
Отырмын көлдің бойында,
Қолымда сары мұңға толы күнделік,
Көптен жазбаған өлеңім!
Үлбіреп самал, бұзғысы келмей тынысты,
Күзетті әлем сырғып баратқан күмісті.
Күткендей соны естілді кенет бір дыбыс,
Бұзылды солай тыныштық…
бірақ олардан көркем ұйқас жоқ, сондықтан пайдаланғанда тұрған әбестік жоқ. Өлеңнің идеясы жақсы, өзі орташа.