Күн тұтылуды көрдің бе?

20-наурыз күні, сағат 15:00-де (Ақтөбе, UTC+5) күн тұтылды. Күннің беті 38 пайызға ғана жабылды. Бұл құбылысты толығымен солтүстік өңірлер көрген болуы керек. Келесі құбылыс 2016-жылы 9-наурызда болад деп күтілуде. Ал сен көріп үлгердің бе?

Бір сұрақ: Күн тұтылуды көрдің бе?

Бір сұрақ: Күн тұтылуды көрдің бе?

Мында күн тұтылу құбылысының тек басы, 10 пайызға ғана жабылған кезі түсірілді: Дискета

Күн тұтылуды көрдің бе?

Бөлісу:
  • 0

5 пікір

MickThatsMyNick
Жаңа күн құтты болсын! Гороскоптың бірінші жұлдызы Тоқтыларды да құттықтап қояйық!)))
merekeee
Бұрындары дәл уақытын алдын-ала ескертетін, көзілдірік алып, кәдімгідей дайындалатынбыз. Күн тұтылғанын білмей, естімей қалдым (
9-наурыздағысын күтем енді )
isDeleted
Күн тұтылғанын көргенде не қызық бар?
MickThatsMyNick
Күн сайын бола бермегесін қызық та)
bake
Осы жолы бақылаған жоқпын. Он екі жыл бұрын ба? Ұмыт қалыпты, нақты қашан болғанын қарап анықтағанға ерініп тұрмын, Шығыста күн 90% тұтылғанын бақылап, айдың күн бетін басып өту фазаларын суреттерін де салғанмын, негізі күн тәжісін көргім келген, көрінбеді, толық тұтылуда бақыланатын құбылыс болуы керек. Кезінде, мектеп қабырғасында ғылыми-танымдық Бронштейннің «Солнечное вещество» деген кітапты оқып, ондағы гелийдің (газдың) ашылу тарихының әсерінен күн тұтылуын бақылағанмын.