Интернетпен танысып, үйленгендер

Қазіргі заманда интернет желісінің дамығандығы сондай, адамдар өз жартыларын сол арқылы іздеп табатын болған. Қарап отырсаңыз рахат! «Оның жүзі қандай екен» — деп басыңызды қатырмайсыз, бірден авасынан және жеке папкаларынан суреттерінің түр-түрін көре аласыз. Қалай сөйлессем, өз-өзімді қалай ұстасам екен,- деген мәселе туындамайды, көгілдір экранның әр жағынан екі есе батылырақ болып, ойыңызды ашық айта аласыз. Интернет желісі арқылы танысып, қосылғандар жетерлік. Олар кімдер? Сонымен, қазір әлеуметтік желімен кім қалай табысқанын, басқалардың көзқарасын, бұрынғы танысу қалай болғанына тоқтала кетсек:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер

Бұрынғы танысу:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
«Көрші ауылға бойжеткен келіпті» дегенді естіген бозбалалар сұлудың үйінің маңайын торуылдап, жүзін көруге зар болып, тек құлақпен оның сұлулығын, тәрибелігін естіп, тамсанып жүруші еді ғой… Ал, бойжеткенді көрген қаншама ерлер сөйлеуге сөз таппай, тілдесе алмай арманда кететін… Иә, бұрынғы кезде солай еді…

Ал, қазір ше?Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
Қанша шақырым болса да 1-2 секунд ішінде зып еткізіп смс-ті жіберіп, тоқтаусыз сөйлесіп жатады… Кейін телефон арқылы тілдесіп, «скайп», " viber" арқылы түрлерін көріп те сөйлеседі. Тіпті желі арқылы танысып, табысып, қосылғандар да жетерлік.

Сонымен әлеуметті желі де танысқанда алдымен неге көңіл аударылады?

1. Авадағы суреттің өзі қаншама рөл ойнайды.Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерАлғаш суретті көргеннен-ақ адамда жаңа пікірлер мен ойлар қалыптасады. Және бірінші ой адамда ұзақ сақталады, және де сол қалыптасып қалған ойдан тез арыла алмайды… Аваға ескі суретті қоймауға тырысу керек. Көңілді күліп түскен суретің ұтымды болып табылады.
2. Анкетаң мен таңдаған лақап атың бір-біріне сәйкес болуы қажет.
3. Анкетанның толық әрі шынайы болғаны жақсы.Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерӨзіңді асыра мақтаудан сақ бол. Жалған мәлімет беруден аулақ болу қажет. Соңы сенімсіздікке, алдануға әкеліп соғады.
4. Қатып қалған қағида орнатпа, мысалы, кино көргенді ғана ұнатамын,- деген сияқты. Үнемі жаңашылдық таныт.
5. Шынайы суретіңді салуға тырыс. Құрбыларыңда суретті көргенде "өмірде де осындайсың" — деген пікір қалыптасу керек.

Хат алмасқанда>
* Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерӘңгімелесу барысында жағымды тақырыптарды қозғауға тырыс. Ешуақытта өзіңіе шағымданып, келеңсіз жайттарынды қозғама.
* Ортақ заттар тап. Ортақ қызығушылықтар, пікір, сәйкесінше ортақ заттарды талқылаудан жақындастыратын артық ештеме жоқ.
* Танымайтын адамға телефоныңды, мекен-жайыңды айтпа.

Кездесу
* Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерҚауіпсіздік үшін қоғамдық жерлерде кездесуді таңда.
* Қарапайым, табиғи қалпыңнан тайма. Ашық киім, баттасқан макияж сен жайлы теріс ой қалыптастыруы мүмкін.
* Ашық сөйлес. Оның сені жақын білуіне мүмкіндік бер. Ал егер басынан ештеме шықпайтынына көзің жетсе әңгімені созбай, ары қарай қатынасты үзген дұрыс.

«Интернет арқылы танысып, үйленуге болады ма?» — деген сауалнамаға жастар:
Болады:
60.0% (9)
Болмайды:
26.7% (4)
Білмеймін
13.3% (2) — деп жауап берген. Яғни, көпшілігі интернет арқылы танысып, үй болуды қолдайды.

Әлеуметтік желідегі пікірлерге келетін болсақ:

Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер

Fariza Zhaidarkhan
Ол адамға байланысты қалай танысса да. Мен күйеуіммен агентте танысқанбыз, одан біз 3 ай журдік, 3 айдан соң мен (күйеуімнің есімі Мадияр) Мадиярға күйеуге шықтым. Мадияр жақтан кұда түсіп ұзатылып кеттім

Zhanka Zhan:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
Мен өзім бұрын агент деген нәрсеге сенбейтінмін. Бірак агенпен жігіттермен ермек үшін, студент болған сон уакыт өткізу үшін таныса беретінмін. Бірак бір жігітпен дос ретінде агент аркылы жаксы сөйлесетін едім. Кейін ол жігітке 1 жарым жылдан кейін ғана телефон номерімді бердім. Содан кейін 2 айдай телефон аркылы сөйлесіп жүрдік. сосын 1 жыл 7 айдан кейін кездестік. Агентте қалай болса өмірде де сондай адам екен. Сөйтіп реальный өмірде араласып тұратын болдық. Кездескенімізден кейін 2 айдан кейін ол маған сөз салды. Қазір екеуіміздің бірге қыз бен жігіт болып жүргенімізге 6 ай болды. Қазір екеуіміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз. Мен бір нәрсені түсіндім: адам өмірде не нәрседен қашса, сол нәрсеге қалай тап болғанын білмей қалады екен. Бұйырса үйленеміз деп жоспарлап жүрміз. Мен бақыттымын.

Арқаның ақ аруы :
Интернетпен танысатын адамдардың өмірдегі адамдардан еш өзгешілігі жоқ. Тек интернеттегі адам ашық болып келеді. Себебі, (бұ менің ойым) интернет арқылы көбінесе мәселе айта отырып танысады. Ал кей кездері еріккенің істің арқасында жақсы достармен қауышып, қуанып жатасың. Көп нәрсе болып тұрады..

lila:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
мен өз басым, агент арқылы кездесуге қорқамын, тіпті агенттегілердің біреуінде көрмегенмін. Оның шын өзі екеніне көз жеткізу қиын, ол өтірікшінің алдап, арбауына түсіп қалмасымызға кім-кепіл, сондықтан, сақтықта қорлық жоқ дегендей…

Бота:
Қызық, мен де өз бақытымды интернет арқылы тапқанмын!)) Бір жағынан ойлап қарасаңыз, күні-түні компьютерде отырсақ, ешқайда шықпасақ, «бақытымызды» инеттен емес, басқа қайдан табамыз, иа..))


Иә, интернет желісімен танысқандардың пікірі осындай… Зерттеп қарап шыққанымды көбісі интернетпен табысуды қолдайды екен. Солардың көбі желіден өз бақытын тапқандар.

Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер

Алайда, танысудың соңы келеңсіз жайттарға әкеліп соғатын жайттар да кездеседі. Мысалға:

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері зорлықпен өлтірілген жас қыздың өліміне қатысты қылмысты ашты:
Із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесі өзен жағасынан табылды. Онымен ең соңғы рет байланыста болған адамдардың барлығын тергеген полиция, ақыры күдікті ретінде қызбен ғаламтор арқылы хат жазысқан жігіттің қолына кісен салған. Бастапқыда кінәсын мойындаудан бас тартқан ол, соңынан оқиғаны бастан аяқ баяндап берді. Қызбен осыдан екі ай бұрын ғаламторда танысып, сөз байласқан қаскөй онымен бар болғаны 2-3 рет қана кездесіпті. Соңғы кездесуде екі жастың арасында жанжал туып, жігіт бойжеткенді бөтелкемен ұрып өлтірген. Марқұмның денесін ол алдымен арамен бөлшектеп, сосын өзен жағасына әкеп, көміп тастаған.
Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
Осыдан кейін баспасөз хатшысы: ғаламторда адамдармен танысқанда оның алдымен қыр-сырын білмей жатып, бірден кездесуге болмайды — ол қылмыскер болуы мүмкін, — деген тұжырым жасаған.

Интернетпен табысудың сіз үшін пайдалы, әрі пайдасыз жақтары қандай? Интернет арқылы танысып, үй болуды қолдайсыз ба? Осыған байланысты сіздің басыңызда қандай оқиғалар болды?
youtu.be/IPNFvqw-RGk
Бөлісу:

21 пікір

qonyrbai
Лупаның суреті табылмайды ме екен? Майда суреттерді қарайын деп едім.
KerimAyankyzy
)) Менің көзім көріп тұр, жақсы)
qonyrbai
Ренжімеңіз. Қант қосылған өтіріктен алқаш Серегаға бір араққа айырбасталған бір баклашкы медтің дәмі тұщы дейді ғой осы. Бетіңізге шындықты айтқым кеп тұрғаны. Енді көңіліңізге өте жақын ала көрмеңіз. Көзіңізге қатысты айтайын дегенім ғой. Көзім жақсы көреді деп өзіңіз айттыңыз ғой. Енді өзіңіз айтқан соң мен қалайша өтірік айтамын? Сонда да сізге айтатын шындығым бар. Сіздің көздеріңіз әдемі.
KerimAyankyzy
Көздің жақсы көруі мен әдемі болуы екеуі екі бөлек қой)
merekeee
Кездескеннен кейін таныс-біліс болады, араласады, сынайды, сосын, көреді ғой. Ал, интернет арқылы тапты ма, көшеде соғып өтіп, рефератын шашып, соны жинап жатып нетіп қалды ма, бәрібір сияқты )
KerimAyankyzy
Инетпен танысып дос болып кететіндер бар) Бірақ, үйлену, кездесу ұнату дегендерге келгенде, бірінші көріп одан кейін телефон алмасып, инетпен сөйлескен дұрыс сияқты..)
Adiletshu
Ата-бабамыз интернетпен таныспаған )))))))))))
Adiletshu
Сыртынан көріп, ұнатып қалған адамыңды агент, вк-мен тауып алып, сөйлесіп кеткенді қолдаймын. Ал өмірде көрмеген адаммен интернет арқылы танысып, сосын барып кездескен опасно. ))) Интернетте жап жақсы сөйлесіп жүрген қызың өмірде вообще басқа болып қалса жаман ғой.
KerimAyankyzy
Ондай обломдар көп)) қиялдан жасап алған адамының бытшыты шығады))
Arys_arlany
ентерлетпен танысып жап жаксы кездесип араласып журмиз го
Beytanis
Ілуде бір сәтті оқиғалар болмаса, интернетте отырып "ғашық болыпты, т.с.с." тас дәуірінен қалған романтизмге өз басым мүлде иланбаймын.
MickThatsMyNick
5-10 жылдан кейін балалар:
Анам вк-ға жайша кіріп отқан подружкаларымен сөйлесейін деп, кенет бір жігіт (әкем) оған: «салем, танысаик» деп жазған, солай танысып кетті.)))))
RaymbekEgemberdiev
Тақырып, мақаланың мазмұнына сәйкес келмейді ма деймін, мен интернетпен танысып үйленген атақты адамдар немесе жай адамдар туралы сөз жүреді деп ойласам. Солай үйленген адамдардың одан кейінгі өмірі туралы жазылса қызық болар еді )
KerimAyankyzy
Иә дұрыс айтасыз) Негізі өзімнің де ойым сол болған, мәліметтерім аз болып кетті)
SergeySalhimov
… бир улкен калада интернетпен танысып уйленгендерди осыдан 5-6 жыл бурын коргеним бар еди. Кйинги омирлеринен хабарым жок
KerimAyankyzy
Қазір керісінше дамып кеткен шығар))
SergeySalhimov
шынайы омирден виртуалды омирде шынайы сезимдер мен сенимдери ашылатын шыгар